Қазақи киінген жастардың оғаш суреті салынған парақша желі қолданушыларын ашуландырды (фото)

Қазақи киінген жастардың оғаш суреті салынған парақша желі қолданушыларын ашуландырды (фото)

ЛГБТ-нің туын ұлттық киім киген қазақ қызына ұстатқан сурет салынған @qantars Instagram парақшасы желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Бұл парақша туралы алғашқылардың бірі болып белгілі блогер Дәулет Төлеутайұлы өз пікірін білдірді. 

- Медалі жоқ пост! Түнгі чат! Құрметті менің армиям, мына @qantars парақшасына бәріміз жалоб басайық. Админін білмедім... Бірақ өзін өнер адамы ретінде танытады екен. Өнер өнерімен, бірақ өнер деген ұлттық құндылықтарға зияны келмеу керек. Халықтың ашуына, ұятына, намысына тиетін нәрселерді жасамау керек. Мынау деген шеттен шыққандық. Қызды қызбен, ұлды ұлмен сүйістіріп, ылгыбыты (әдейі осылай жаздым, себебі инстаның өзі мына постымды өшіріп тастауы мүмкін. Адам құқығы анау мынау деп) туын ұлттық киім киген қазақ қызына ұстатып сурет салу үлкен қорлық!!! Әрі сорақылық деп білемін. Онымен қоймай, 10000-нан аса адам осы суреттерге лайк басқан. Оқырмандарым, белсенді болайық. Бір уақытта 10000-нан аса жалоб түссе, парақша блокқа түседі, кеттік... - деп жазды Дәулеттен. Танымал блогерді желі қолданушылары тұтастай қолдап отыр. 

- "Жалоб жасап жатырмыз бәріміз постты оқиық медаль қуа бермей", "Медальге құнығып кеткенсіздер ма? Қай сасқандарыңыз? Аккаунтқа жалоба жасайық! Бұл қазақ халқына жасалған қастандық!", "Медаль ЖОООҚ десе де постты оқымайды ғой!", "Сіздің постты оқуды қойды ғо адамдар (( жылайтын постқа не деген шапалақтан мен жүректер ! Оқыңдар көзді ашып,сосын оқығанды жасаңдар", "Жалоба тастадым. Сұмдық", "Сұмдық,қай қазақ баласы жасап отыр мынаны,ұятсыз көргенсіз, айтуға ауыз бармайды", "Мен жасамаймын тұра берсін! Кейбір фотолары күшті екен", "Кетті жалоба, барлығыңыз жіберіңіздер! Табиғаттың заңдылығына қайшы бұл дүниялар", "Жалоб тастаудың үлгісін жіберсей. Белгілі бір тақырып бойынша тасталса тезірек құлыптанады" - деп жазды олар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста