Қараторғай құсына қашан қамқорлық танытамыз?

Қараторғай құсына қашан қамқорлық танытамыз?

Қашаннан да тылсым табиғаттың қыр-сырына қанық қазақ халқы оларды адамға дос санайды. Елдiң арасына кеңiнен таралған әндер мен ақындардың жүрегiнен жарып шыққан жыр жолдары осының айқын дәлелi бола алады. Жер-дүниенi жылылыққа бөлеуге құштар қараторғай осылайша жыл құсының бiрi саналады. Елiмiздегi биоалуандық сақтау қауымдастығы мен құстарды қорғау одағының жетекшiлерi соңғы бес жылдан берi iзгiлiктi шараны қолға алып келедi. Ескi заманнан көшпелi өмiрде тiршiлiк еткен қазақ жұрты тылсым табиғатқа тереңнен үңiле бiлдi. Жүгiрген аң мен ұшқан құстың өзiнен қоршаған ортаның тамыр бүлкiлiн тап басты. Көкте қалықтаған құстардың қанат қағысынан жылдың қай мезгiлi қалай боларын анықтай алды. Қысқасы, бiздiң жұрттың ешбiр ғылымсыз-ақ табиғат тынысын таразылай бiлгенiне таң қалмасқа лаж жоқ. Қараторғай жайын «Алаш айнасы» назарға алады.
1906 жылы құстарды қорғау жөніндегі конвенцияға қол қойылып, көптеген елдер оған ерекше назар аудара бастады. Одан бері бір ғасырдан астам уақыт өтті. Дүниежүзінің ғалымдары бұл бағытта ауқымды істерді қолға алып келеді. Естуімізше, Еуропа елдерінде осы мақсатта жұмыс жасайтын арнайы орындар бар екен. Әрине, оның оңды жағы аз емес. Алдымен құстар әлемін зерттеуге көңіл бөлінеді. Қанатты тіршілік иелерінің әрбірі – өзінше бір дүние. Сырына үңілсең, өзің біле бермейтін құпияға қанығасың. Сондай-ақ ғалымдар құстардың негізсіз жойылып кетпеуіне назар аударады. Әсіресе адамдар тарапынан аяусыз қырып-жоюға жол бермеуге күш салады. Бәріміз білетін «Қызыл кітап» осындай ізгі мақсаттан туындаған. Расын айту керек, қазір мүлдем жойылып кеткен аң мен құстар да баршылық. Осы тектес жағдай тағы да басқа тіршілік иелеріне туып отыр. Мәселен, қазір Жер шарында 10-12 мыңнан астам құстың түрі бар екен. Олар 18 отрядқа жатады. Әлемдегі бірқатар ғалымдар олардың саны кезінде біршама азайып кеткенін айтады.
Жер шарында қазекем секiлдi құсжанды ұлттар санаулы шығар. Тiптi, оны күндегi сөз қолданысында да кәдеге жаратты. Ұлтымыз ұлан-ғайыр далаға көз тастай отырып «құс қанаты талатын жер екен» деп тiл қатады. Сергек жанды «құс ұйқылы» дейдi. Әрбiр қадамын аңдап басатын адамды «екi шоқып, бiр қарайды» деп атайды. Бiр сөзбен айтқанда, құстар әлемi бiздiң жан дүниемiзге жақын секiлдi. Көктемнiң хабаршысы ретiнде қанаттылар аталады.
Қараторғай – қандай құс? Оны қазақ халқы қалай бағалайды? Осы жайында тiлге тиек берелiк. Жер-дүние жылылыққа бөлене бастаған шақта құстың осы бiр түрi қазақ даласында қалықтап ұша бастайды. Жерден несiбе терген диқан қауымы аталмыш қанаттының келгенiнен өз қамына кiрiсе бастайды. Оның себебi бар. Қараторғай көптеген зиянкестердi қорек етедi. Шегiртке атаулыға шабуыл жасайды, егiн еккен еңбекшi қауым қараторғайдың келгенiн асыға тосады деуге болады. Жалпы, зиянкестерге қарсы химиялық дәрiлер қолданылады емес пе? Ал жұдырықтай ғана кiшкене құс – табиғаттың дайын емшiсi саналады. Қараторғайдың жемi тек шегiртке емес. Жемiс ағаштары мен бақша дақылдарының басқа да зиянкестерi мен личинкаларын да азық етедi. Сондай-ақ, сона, шыбын, қоңыз және басқа жәндiктердi жейдi.
Осыдан төрт-бес жыл бұрын елiмiздiң оңтүстiк бөлiгi болып табылатын бiздiң өңiрге қараторғай мезгiлiнен екi аптадай кеш келген екен. Сол тұста шегiрткелер диқандарға бiршама зиянын тигiзiп үлгерген көрiнедi. Аталмыш құс келгеннен кейiн егiншi қауым өз тiршiлiгiне қызу кiрiсiп кеткенге ұқсайды. Пайдалы құс саналғанмен, олардың егiншiге зиянды тұстары да жетерлiк. Күзге қарай жемiс-жидектердi шұқып тастайды.
Көп жылдан берi Сыр бойының аң-құстар әлемiн зерттеп жүрген Оразбай Қосанов ағамыз қараторғайдың бiршама ерекшелiктерiн айтып бердi. Оның торғайдың өзге түрлерiнен айырмашылығы аз емес. Басқасы секеңдеп, жай қозғалса, қараторғай жылдам қимылымен көзге түседi. Тез қозғалып, ұшқанда тiк көтерiледi. Үнi де құлаққа жағымды. Алайда, ол өзге құстардың үнiне елiктегiш келедi екен. Сол себептi сайрағаны бiр сарынды емес. Әртүрлi үн шығарады.
Қараторғай Еуропа, Африка жқне Азия құрлықтарында кездеседi. Көктемде жылы жаққа ойыса бастайды. Әсiресе, Африка мен Азияда көбiрек кездеседi. Бiздiң аймаққа көктемде келетiн қараторғайлар қыста Үндiстан жқне Пәкiстан елдерiнде мекендейдi. Елiмiздiң оңтүстiк өңiрiне олар наурыздың аяқ шенi мен сәуiрдiң бас жағында келе бастайды. Жылы жаққа алдымен қараторғайдың қораздары ұшып келедi. Олар корегi мол жердi таңдайды. Орнитолог ғалымдар олардың өз жұбына адал екенiн айтады. Өмiрiнiң соңына дейiн өзге құспен жұптаспайды. Бiр қызығы, қараторғайлар жылы жаққа бөлек келгенiмен, бiр-бiрiн адаспай тауып жатады. Бұл жағдай да ғалымдарды таң қалдырып жүрген жайы бар.
Аталмыш құстың ұя салуында да өзiндiк ерекшелiктер бар. Өз мекенiне құрғақ бұтақтар, шөп-шалам, мүк, үй құстарының қауырсындарын пайдаланады. Ұяларын адам қолына жете бермейтiн қалтарыс жерлерге салуға тырысады. Мәселен, үйлер мен сарайлардың, желектi ағаш бұтақтарының арасына салады. Осыдан кейiн балапан басу қамына кiрiседi. Олар 5-8 балапанға дейiн басады. Оған екi аптадан астам уақыт кетедi. Кейде аналық қараторғайдың осы мiндетiн еркегi де атқара бередi. Жұмыртқаны жарып шыққан балапандар екi-үш аптадан кейiн қанаттанып қалады. Тiптi, қараторғайдың кейде балапандарын қанаттандарып болғаннан кейiн тағы да жұмыртқалап, ұрпақ өргiзетiн кезi де кездеседi.
Бұл құстың балаларын ұшуға баулуы да қызық құбылыс. Алдымен жемдiкке алдандырады. Жемдiктi биiктiктен тастап жiбередi. Оны алуға ұмтылған балапандар ұядан құлауға қорқуға қорқып, қанатын қағып ұша жөнеледi. Содан кейiн өзiнiң де жеке-дара тiршiлiк ете алатынына көзi жеткен балапандар ұшуды үйренедi. Бiздiң елiмiзде қараторғайдың 3 түрi мекен етедi. Қарапайым қараторғай, қызғылт қараторғай жқне үндi қараторғайы деген түрлерi бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста