Қара балшықтың қадіріне қашан жетеміз?

Қара балшықтың қадіріне қашан жетеміз?

Алакөлге барсаңыз, қолына бөтелке ұстаған қара сирақ балаларды көресіз. Тіпті алты-жеті жастағы балаға дейін жұртпен саудаласып жүреді. Қара сирақтардың саудалағаны – кәдімгі қара балшық. Балшық болғанда, жай балшық емес, жаныңа дауа, дертіңе шипа болатын Алакөлдің балшығы. Айтқымыз келгені – қара сирақ баланың қолындағы бар-жоғы 50-100 теңгеден саудаланып жүрген Алакөлдің қара балшығы емес, әлі күнге дейін сол балшықтың қадіріне жете алмай жүргендігіміз. Өзімізде қара балшық тонналап жатса да, әлі күнге Ресейдің немесе өзге де шетелдерде өндірілген дәріханаларда сатылатын қорапшадағы балшықтарға алақан жаюдан арыла алмай келеміз.

Дәріханалардағы балшықтың дені – ресейдікі. Біздікі қайда?
Балшықтың да балшығы бар. Кез келген балшықты былшылдатып жаға беруге болмайды. Меди­ци­нада қолданылатын балшықтың түрі көп. Әрқай­сысы әртүрлі мақсатта қолданылады. Ақ, қара, көк, көгілдір, жасыл, қызыл, сары болып кете береді. Баға­сын һәм емдік қасиеттерін білмек ниетпен Өскемендегі бірнеше дәріханаға бас сұқтық. Бағалары 120 теңге­ден баста­лады екен (1 данасы). Валдайская, кем­брийская, анапс­­кая деп аталатын балшықтардың бағасы осын­дай. Ал көк, сары, қызыл және қара бал­шықтың бағасы 130 теңге. Балшықтың көгілдір күміс балшық деп аталатын бір түрінің бағасы 200 теңге. Байқа­ғанымыз, бұл қорапшадағы балшық­тардың барлығы Ресейде шығарылады екен. Қаладағы «Бадэ» фито­дәріханасының сатушысы Марина Шу­пенконың айтуынша, әр балшықтың әртүрлі қасиеті бар. Бірі  беттегі әжімдерді кетіруге көмектессе, бірі аяқтағы жағымсыз иістерді кетіруге, енді бірі шашты күшейтеді, тіпті қара балшық адамның салмағын ке­мітуге сеп­теседі екен. Қысқасы, әрқайсысының әртүрлі емдік қа­сиеті бар. Өкініштісі сол – дәріхана сөресінде елі­мізде өндірілген балшықтың бірде-бір түрі жоқ.
Өндіру дегеннен шығады, біздегі мәселенің бәрі осы жерде болып тұр. Тонналаған қара балшығымыз қараусыз жатыр. Емдік қасиеті мол дүниені елеп-ес­керіп жатқан жан жоқ. Өзге елдердің қолы жете алмай жүрген балшықты қор қылып таптап жүрміз. Олқы тұсымыз – осы балшықты кәдеге жарату, өңдеу жағы қолға алынбай тұр. Алынбай тұр емес, дұрысы, осы іске ынталы азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау жоқ. Мұны Алакөлдегі «Арасан Алакөл» демалыс үйінің иесі Дулат Асылбековпен пікірлескен кезімізде білдік. Кәсіпкер шипасы мол Алакөлдің бал­шығын игеруге мемлекет тарапынан қолдау болмай жатқанын жасырмай айтты.
Дулат АСЫЛБЕКОВ, «Арасан Алакөл» демалыс үйінің қожайыны:
– Айналып келгенде, мәселенің бәрі жерге келіп тіреледі. Егер бізге Алакөлдің жағалауынан жерді жалға беретін болса, қара балшықты өн­діруге дайынбыз. Өндіру дегенде, ең әуелі бал­шықты сараптамадан өткізу қажет. Одан кейін өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Егер мемлекет тара­пынан, жергілікті әкімдік тарапынан қолдау болса, қара балшықты сапалы түрде өңдеп, меди­циналық және өзге де талаптарға сай арнайы орын ашуға дайынбыз. Алайда әзірге біздің бұл ұсы­ны­сымыз ескерілмей отыр. Жергілікті әкім­шілікке бірнеше рет ұсыныс білдіргенбіз.

Расында, бізге жетіспей тұрғаны да – осы. Ала­көлдің жағасындағы тонналаған қара балшықты қалай болса солай қолданып жүргеніміз рас. Он екі мү­шесі сау адам да, шынымен балшықтың еміне мұқ­таж жандар да қара балшықты қалауынша пайдаланып жүр.
Алакөлге барсаңыз – көресіз мұны. Бұған өзім де куә болып, таңырқаған жұрттың пікірін тыңда­ғаным бар,
– Құдай-ау, бір аурудан айыға­мыз деп жүргенде, тағы бір ауруға душар болмасақ не қылсын! Ала­көлдің суы мен балшығына ауру адам да, сау адам да бірдей түсе береді екен. Қанша елемеймін дегенмен, көңіліңе алып қалады екенсің, – деп өзінің өкпе-назын білдірген-ді Алматыдан арнайы келіп демалушылардың бірі Күләнда есімді әйел.
«Бетін әрі қылсын оның. Құдай өзі сақтар. Бір күні бұл балшықты да біреу ие­леніп алатынына бәс тігемін. Тегін кезінде түсіп, үстімізге жағып алайық» деген пі­кірді сол кезде естігенбіз.
Тұздыкөл неге тұнжырап тұр?
Тізе берсек, балшығы мың дертке ши­па болатын жерлер елімізде аз емес. Со­ның бірі – Батыс Қазақстан облысын­дағы Тұз­дыкөл. Тұздыкөлдің балшығы ғана емес, суы да шипалы. Жергілікті тұрғындар бұл көлдің суы мен қара балшығы тек буын емес, демікпе, бронхит сияқты көп­те­ген сырқаттарға бірден-бір ем екендігін айтады. Тұздыкөлдің суы мен қара балшы­ғының қасиеті ерте бастан белгілі болған. Көнекөздердің айтуынша, жанына жалау, сырқатына ем іздегендер бұрындары көл­ге алыстан ат арбамен келіп тұрыпты. Ба­тыс Қазақстан облыстық «Ақ Жайық» газе­тінің журналисі Ләззат Қаражанованың «Тұздыкөл – дала дәрігері» атты мақала­сын­дағы келтірген деректерге сүйенсек, Тұз­дыкөлдің емдік қасиетін білу мақсаты­мен 1979 жылы Кеңестер Одағының Ре­сейдегі минералды сулар аймағындағы Курортология институтына өтініш жаса­лып, 1980 жылы институттан ресми жауап келген көрінеді. Институт мамандары зерт­ханаға жіберілген балшық пен оның бетіндегі көпіршікке талдау жүргізіп, «фер­менттер мен дәрумендерге бай» деген қорытынды жасаған екен. Ең өкініш­тісі – кейін сол құжаттар белгісіз жағдайда жо­ғалып кеткен. Автор өз мақаласында суы мен балшығы қанша жерден шипалы болса да, бүгінде Тұздыкөлге келушілерге ешқандай жағдайдың жасалмағандығын, тіпті көлге түсіп болғаннан кейін жуынатын таза судың жоқтығын жазады.
Анар ДОСПАЕВА, Индер аудандық ауруханасының бас дәрігері:
– Тек өз мамандығыма сүйене оты­рып айтсам, тұздың суы мен балшығы буын сырқатына ем болатынына көзім жетеді. Денедегі жара, гинекологиялық науқасы барларға да шипа болары сөзсіз. Бірақ мұнда келу қан қысымы жоғары немесе сырқаты асқынған нау­қастарға қауіпті боларын айтқым келе­ді. Судың құрамында күкіртсутегі бар болғандықтан, жүйкені тыныштан­ды­ру­ға себі тиеді.

Соры қалың Әлжан соры
Осы облыстың Теректі ауданы аума­ғын­да Әлжан соры деп аталатын шипалы жер жайында да ел арасында көп айтыла­ды. Жыл сайын мұнда облыстың түкпір-түкпірі мен көршілес Ресей Федерациясы­нан орыс-қазағы аралас емделушілер ағы­лып келеді екен. Әлжан сорына жақын орналасқан Дуана ауылының тұрғындары да осы тұзға түсу үшін сонау Санкт-Петер­бург­тен арнайы келген адамдарды талай көріпті. Олардың бірінің қолында патша үкіметінен қалған көне карта болған, сол картада шипалы сордың аты мен оған қалай бару қажеттігі тәптіштеп жазылған деседі. Өкініштісі сол – бұл жер де бүгінде мұнда келушілердің экологиялық мәде­ние­тінің төмендігінен азып-тозып, аяныш­ты күйге түскен.
– Батыс Қазақстан облысындағы біре­гей Ақжайық шипажайы да өз пациенттері­не ем-шараларын жүргізу үшін дәл осы Әл­жан сорының балшығын алдырып пай­да­ланады. Сордың іргесінде жатқан мына шағын көлді Бөгет деп атайды. Бұл бұрын жағасына бау-бақша егілетін тұп-тұщы су болатын. Қазір қап-қара болып ластанып әрі удай ащы болып кетіпті. Тұзға түсіп, денесін шипалы балшықпен сылаған адам бірнеше күн жуынбай, қалың киініп жүруі керек қой. Ал қазір «демалушылар» сорға жарты сағат аунап жатып, сол бойында мына жерге жуынып тастайды екен. Мұны бақылап, тәртіпке салып жатқан да ешкім жоқ, – дейді Сарыөмір ауылының тұрғыны Әният Дауылбаев.

Түйін
Бір нәрсе анық – емдік қасиеті мол Алакөлдің қара балшығын мықтап қолға алып, жұрт игілігіне жарататын кез жеткен секілді. Алакөлдің ғана емес, жоғарыда аталған Тұздыкөл мен Әлжан соры секілді жерлерді мем­лекет назарына алып, тиісті жағдайды жасайтын уақыт әлдеқашан жет­кені анық.
Біле білсек, балшықты бизнеске айналдырып отырған елдер де бар. Біз балшықты бизнеске айналдырмай-ақ, ең әуелі елдің игілігіне жарата алсақ болғаны.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста