Қар тазалауға пәрменіміз жетпегені ме?

Қар тазалауға пәрменіміз жетпегені ме?

Биыл қыс басталысымен-ақ Алматы қаласын қалың қар басты. Салдарынан көшелерде ұзын сонар көлік кептелісі орнап, жаяу жүргіншілердің де жүріп-тұруы қиындады. Дер кезінде тазаланбаған қар қатып, көшелер, аялдамалар, аулаларды мұз басып тұр. Мұзайдынға айналған тұрғын үйлердің аулалары мен тротуарларда адамдар құлап, қол-аяқтарын сындырып жатыр.
Желтоқсанның алғашқы күндері Ал­ма­ты қаласында толассыз жауған қардың қа­лыңдығы – жарты метр, таулы ай­мақтарда 70 сантиметрге дейін жетті. Қар­дың өте қа­лың түсуі салдарынан Алматы қа­ла­сында 500-ден астам ағаш құлаған. Қа­ла­лық төтенше жағдайлар департаменті ма­ман­дарының мәлімдеуінше, құлаған ағаш­тар газ құбырларының үстіне түсуінің 250 оқиғасы, электр сымдарының үзілуіне бай­ланысты 85 оқиға тіркелген. Қаладағы 600-ден астам электр желісіне зақым ке­ліп, 110 киловаттық бес желі істен шық­қан. Сондай-ақ 70 автокөлік бүлініп, 30 жо­лаушының үстіне ағаш құлаған. Ішкі іс­тер департаменті қызметкерлерінің ай­туын­ша, қалың қардың салдарынан қа­лада бір күннің ішінде 70-тен аса жол-көлік оқи­ғасы тіркеліпті, адам шығыны да бар.

Әкімдік қызметкерлері қарды тазалауға бас­тапқыда 500 адам мен 400 техника жұ­мыл­дырдық деген еді. Қала көшелеріне 13 500 тонна құм-хлор қосындысы себіліп, 15 мың шаршы метрге жуық қардың қала сыртына шығарылғаны жайлы да ақпарат таратты. Алайда бұл жұмыстар қала орталығында ғана жүргізілген сыңайлы. Олай дейтін себебіміз – қала ор­тал­ы­ғын­да­­ғы көшелер болмаса төменгі аудан­дар­дағы көлік жолдары әлі де мұз қалпында жатыр. Ол көшелерде қалың қар тапталып, қатып, қатпар-қатпар мұзға айналған. Со­ның салдарынан жол-көлік оқиғалары жиі­леп, тұрғындардың жүріп-тұруы қиын­даған. Тротуарлар мен тұрғын үйлердің ау­лаларындағы қалың мұздың кесірінен әсіресе бүлдіршіндер мен қариялар жапа ше­гіп жүр. Дәрігерлердің айтуынша, қар жау­ғалы бері мертігіп, жедел жәрдем ша­қырғандар саны 22 пайызға артыпты. Ал мұз үстінде тайғанап құлап, аяқ-қолын сын­дырғандардың саны азаяр емес. 
Қарды кім тазалауы тиіс?
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есі­мов желтоқсанның 1-інен бастап жауған қар­ды тазалау жұмыстарын қатаң ба­қы­лауға алды. Бірақ әкімшілік қыз­мет­кер­ле­рінің кінәсі ме, қала тазалығымен ай­на­лы­сатын жеке кәсіпорындарының ба, әйтеуір, бұл іс әлі де аяқсыз қалып келеді. Тіпті өт­кен жылдың соңында өз аумағының қарын то­лықтай тазаламаған Алмалы ауданының әкі­мі Марат Пірінбеков те «қардың қыр­сы­ғы­нан» қызметінен қағылған еді. Алайда бұл басқаларға сабақ бола қоймай тұр. Осы жағдайдан кейін қала басшысы бар­лық аудан әкімдеріне қар тазалау жұ­мыс­та­рына пәтер иелері кооперативтері мен кә­сіпорындарды жұмылдыру жөнінде тап­сырма берді. «Қаладағы ірілі-ұсақты дү­кен­дер мен қызмет көрсету мекемелерінің ие­лері де өздеріне қарасты  аумақтың та­залығына қатаң жауап беретін болады», – де­ген еді Есімов мырза. Тіпті бұл тап­сыр­ма­­ларды орындау үшін Ішкі істер де­пар­та­менті мамандарының да көмегі көр­се­тіледі деп шешілді. Бірақ қала ішінен мұз құр­сауынан тазартылған ауланы табу қиын. Үлкенді-кішілі дүкендер мен қызмет көр­сету мекемелерінің де жаппай қар та­залап жатқанын көрмедік. Иә, өздеріне тие­сілі аумақты тазартып қойғандар да жоқ емес. Бірақ олар саусақпен санарлық. Сонда әкім тап­сырмасы сөз күйінде қал­ғаны ма? Мұ­ны бақылайтын ешкім бол­ма­ғаны ма?  Сон­­да аулалар мен тро­туар­лар­дың таза­лы­ғына кім жауап беруі тиіс? Қа­ланы қардан тазалау жұмыстарына жа­уапты әкімдікке қарасты Алматы қаласы Та­биғи ресурстар және табиғатты пай­да­лануды реттеу басқармасы мамандарының ай­туынша, қала тазалығына әкімдік жа­уап­ты, бірақ аула тазалығына жауапты емес.

Айдын Темешев, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы көріктендіру бөлімінің бастығы:
– Қаланы қардан тазалау әкімдіктің міндеті екені рас. Әкімдік еш уақытта аула қарын тазалаумен айналыспаған. Ол – пәтер иелері кооперативтерінің  жұмысы. Заңды тұлғалар да өз террито­рия­ларының тазалығына жауапты бола тұра, салғырт қарайды. Оларды тексеру жұмыстары басталды, бұдан әрі жауап­сыздық танытқан кез келген тұлғаға айы­п­пұл салынады. Ал аялдамалар тө­ңі­регіндегі қарды тазалап, мұзды ою­ға қатысты арнайы кесте құрдық. Қо­ры­­­тындысын алдағы уақытта жа­­рия­­лаймыз.

P.S.
Мамандардың сөзіне қарағанда, кооператив өкілдері қолға күрек алғанға дейін тұрғын үйлердің аулалары қардан тазартылмайды. Аялдамалар мен тротуарлар әкімдіктің кестесі құрылып, жоспары сызылып бітпейінше, мұз қалпында қала бермек. Ал мұзда құлап мертіккендердің саны күн санап өсіп жатыр. Сонда бұл қалай, қар тазалау да қолымыздан келмегені ме?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста