Әлемдік психиатрия ассоциациясы суицидология секциясының мүшесі Всеволод Розанов коронавирустық пандемия басталғаннан бері әлем бойынша суицид саны азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
"Посткеңестік елдерге келетін болсақ, мұнда соңғы 10 жылда суицид саны азайып келеді. Пандемия басталған уақытта біз тап болған күйзеліс кезеңінде суицид саны көбеюі мүмкін деген қорқыныш болды. Пандемияның бірінші кезеңінде-ақ көптеген локдаундар жарияланды. Сонымен қатар суицид санының да төмендегені байқалды", - деді Розанов.
Маман мұны адамдардың қиын кезеңде тірі қалуға тырысатынымен байланыстырды.
"Мұнда, былайша айтқанда, өзін-өзі өлтіруге дейін болмады. Алайда дәл қазір жағдайдың қалай болып жатқанын білмейміз. Суицид жайлы деректер кешігіп жатыр. Пандемияның тез аяқталмауы мен туындаған экономикалық жағдайға байланысты әлемде суицид саны қайта көбеюі мүмкін деген қорқыныш та бар. Біз қазір дамыған елдерде де логистикалық байланыстың үзілгенін көріп отырмыз. Әрине, жағдай нашарлап кетуі де мүмкін", - деп түсіндірді спикер.
Stan.kz