Отшашу атқанда қауіпсіздікті ескеріңіз

Жылда жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде сапасыз отшашулар пайдаланудың және отшашуды дұрыс қолданбаудың салдарынан ондағын адам зардап шегіп жатады. Олардың жартысына жуығы балалар. Алайда, халқымыз сол қайғылы оқиғалардан қортынды шығарар емес. Базарларда сәйкестік сертификаты жоқ сапасыз отшашулар сатыу тоқтар емес. Базарда отшашу сататын сатушылар арнайы курстан өтуі тиіс және тауардың сәйкестік сертификаты болуы керек. Алайда базардағы сатушылар бұл талапты орындамайды, ал тұтынушы талап етпейді.
Өкінішке қарай, «арзанның тұзы татымас» дегенді ескермеген тұтынушылар сертификаты жоқ болса да, бағасы арзан отшашуларды сатып алады. Салдарынан жылда жаңа жыл мерекесі кезінде төтенше жағдайлар орын алып жатыр. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек 2013 жаңа жыл мерекесінің алғашқы күні Алматыда 15 адам отшашудан зардап шеккен. ТЖ қызметіне 24 шақыру түссе, соның 11 жағдайында мамандар өрт сөндірген. Отшашу жарылуының салдарынан 27 жасар жігіттің қолын төменгі буынынан жұлып кеткен. Ал, 2014 жаңа жалдың алғашқы күнінде 70-ке жуық адам түрлі жарақат алған. Нақтырақ айтқанда, 68 адам жарақат алып ауруханаға жеткізілсе, оның тең жартысы 10-16 жас аралығында балалар болған. 13 адам алғашқы дәрігерлік көмектен кейін ауруханаға жатудан бас тартқан. ТЖ қызметіне 18 шақыру түсіп, оның үш жағдайында мамандар өртті сөндірген.
Ал Шымкент қаласында 2013 жылдың 31 желтоқсаны мен 2014 жылдың 5 қаңтары аралығында 11 адам ауыр жарақатпен реанимация бөліміне түскен. Екі жас баланың көзіне жедел түрде ота жасалған.
Өкінішке қарай, кей жағдайларда адамдар мүгедек болып қалып жатыр. Алайда, сапасыз отшашу пайдалану тыйылар емес. Биыл жаңа жыл мерекесі басталмай жатып Қостанай қаласында екі жасөспірім отшашудан зардап шекті.
Әрине құқық қорғау органы мамандары да қол қусырып қарап отырған жоқ. Қазіргі уақытта ішкі істер қызметкерлері базарларға тексеру жүргізіп жатыр. Алайда олар бұл шараларды тек түсіндіру, ескерту тұрғысынан ғана өткізуге мәжбір. Өйткені, орта және шағын бизнесті тексеруге жарияланға мароторий қатаң шара қолдануға қолбайлау болып тұрған көрінеді. Осыған орай, полиция қызметкерлері сәйкестік сертификаты жоқ, сапасыз отшашуларды тәркілей алмайды. Тек ауызекі ескерту жасаумен ғана шектелеуде. Сондықтан олар базарлардан отшашу сатып алғанда сәйкестік сертификаты бар тауарларды ғана сатып алуға кеңес береуде. Ең дұрысы отшашуларды арнай дүкеннен сатып алу керек екенін айтады.

Маманнан кеңес:
1. Базардан отшашу сатып алсаңыз сәйкестік сертификатын талап етіңіз. Негізі отшашуды базарлардан алмаған жөн. Ең дұрысы арнайы дүкеннен алыңыз. Арнайы дүкендердің ондай тауар сатуға лицензиясы бар және заттардың сәйкестік сертификаты болады. Сонымен қоса арнайы дүкен сатушылары отшашуды қалай пайдалану керектігін түсіндіріп бере алады. Әрине, арнайы дүкендегі тауар қымбаттау. Өйткені ол тауарлардың қауіпсіздігі кепілдендірілген. Егер бағасына қызығып арзанын алып, бір жеріңізді жарақаттап алсаңыз ол сізге бірнеше есе қымбатқа түсері анық. Сондықтан бағасы қымбат болс да қауіпсіз тауарды сатып алған дұрыс.
2. Тауарды сатып алғанда шығарылған уақытына, пайдалану мерзіміне мұқият қараңыз.
3. Отшашуды қолдану кезінде тауар нұсқамасындағы ережелерді қатаң сақтаңыз.
4. Бенгаль оттары мен хлопушкадан өзге отшашуларды тек ашық аспан астында, тұрғын үйлерден 30 метр қашықтықта ату керек. Өйткені аспанға атылған ракеталар, шарлар шетте қарап тұрған кісілерді жарақаттауы, тұрғын үйлердің ашық тұрған терезесінен кіріп өрт шығуы мүмкін. Сондықтан, қауіпсіздікті сақтау үшін отшашуларды жоғары қарай тік ату қажет. Сондай-ақ жаңа жыл кешінде есік-терезелерді ашық қалдырмау керек.

5. Отшашу ататын адамның үстінде тез тұтанатын синтетикалық киім жүні сыртына қараған тон болмауы керек. Сондай-ақ ұзын шашты жинап қою қажет. Егер байқаусызда үстіңізге отшашудың жарықшақтары түссе, лезде сырт киімді шешіп, тексерген абзал. Сонымен қоса отшашу атқан кезде, қауіпсіздік үшін, көзді қорғайтын көзілдірік кию қажет.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста