Отбасы ажырасуының басты себептері айтылды

Қазақстандықтардың ажырасуына жиі себеп болатын мәселелер аталды. "Бақытты отбасы" Жанұяны ресурсты қолдау орталығының мәліметінше, елде тек биылғы жарты жылда 20-77 жас аралығындағы 2030 отбасы ажырасу туралы шешім қабылдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.

Орталықтың Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдерінің айтуынша, ажырасуға жиі себеп болатын жағдай несие мен қаржылық мәселе екен.

"Сол сияқты ойынқұмарлық салдарынан да ойрандалып жатқан отбасылар бар. Бұған қоса көзге шөп салу сияқты себеп те бар", - дейді мамандар.

Айта кетерлігі Нұр-Сұлтан қаласы жергілікті полиция қызметінің басқару жүйесінде әйелдерді тұрмыстық зомбылықтан қорғайтын арнайы бөлімше бар. Жыл басынан бастап сенім телефонына 300-ге жуық әйел хабарласқан.

Олар қоңырау шалғанда түрлі мәселелерді көтереді екен. Алайда басым көпшілігі тұрмыстық зомбылықтан шаршағандықтарын, сол себепті ажырасу туралы шешім қабылдағандарын айтатын көрінеді.

"Біз арнайы журнал жүргіземіз және онда барлық қоңырауларды тізіп отырамыз. Кейін осы қоңыраулар бойынша сараптама жасаймыз. Әйелдер көп жағдайда жылап тұрған күйде, біреуге қатты ренжігенде, күйзеліске түскен уақытта хабарласады.
Көбінесе олар несиені жаба алмағандықтарын, салдарынан қаржылық қиындықтарға тап болғандықтарын жеткізеді. Бұл үлкен әлеуметтік мәселе және оны біз жоққа шығара алмаймыз", - дейді полиция өкілдері.

Еске саларлығы бұған дейін Қазақстанда ажырасу көрсеткіші ұлғайғандығы туралы хабарланған еді. Кей уақытта тіпті көп балалы отбасылардың АӘК алу үшін, ажырасқан жағдайлар да кездесіп жатты.

Аталған мәселені шешу үшін, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен президент әкімшілігіне цифрландыруды тездетіп енгізіп, алаяқтық бұл түрінің алдын алу туралы мәлімдеген еді.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста