Оқушы мұғалімді итеріп сыныптан шығарып жіберген
Желіде қоғамның қызу талқысына түсіп жатқан тағы бір видео тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Онда жоғары сынып оқушысының мұғалімін «Сыныптан шық» деген сөзі үшін, есіктен мұғалімнің өзін итеріп шығарып жіберген сәтін көруге болады.
Көпшілік оқушының бұл әрекетін жаппай сынға алған.
Бейнежазба авторы осындай әрекетке барған оқушыларды заң алдында жауапкершілікке тартқан дұрыс па деп сұраған.
«Мұғалімнің кластан шық деген сөзіне ашуланған 11 сынып оқушысы ұстаздың өзін кластан итеріп шығарып жіберген, бұны көрген басқа оқушылар қарқылдап күлген... Осындай оқушыларды заңға тартқан дұрыс деп ойлаймын...», - деп жазған ол.
Оқырмандар оқушыны міндетті түрде тауып, оны жауапкершілікке тарту керек екенін айтқан.
«Балама сөйлеме дейтін малғұндар көрсін осы видеоны», «Мұғалімді қалай сыйлаушы едік өзіміз, қорқатынбыз. Қазір үйдегі ата-ананың да тәрбиесі сол, ешкімнен қорықпа, «ә десе, мә де», сондай жастардан не үміт, не қайыр?» деп жазды олар.