Олжас Сүлейменов: «Ауылбай» болу – мақтаныш
Саясаттанушы, «Qazaqstan team» республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлейменов онлайн марафонда «ауылбай» сөзі бренд екенін айтты.
«Ауылбай» болу – ол мақтаныш, абырой. Мен мұны жиі айтып жүремін. Бұл сөзді жаман деп айтуды тоқтату керек. Жақсы сөз ғой. «Ауыл» және «бай». Бұл екі сөздің түбірі де жақсы сөздер. Сондықтан берер мағынасы да ерекше. Сол себептен «ауылбай» - ол мақтаныш, одан ұялып, тартынудың қажеті жоқ. Бұл сөз – бренд, - деп айтты жас саясаттанушы онлайн марафонда.
Ол елордада 8-қабаттан 3 жасар қызды құтқарып қалған Сәбит пен Сағиды мысалға келтірді.
Бұл жігіттер ауылдан шыққан жастарымыз. Олар қалаға ақша табу үшін келген. Кейде біз осындай ауыл жастарын бағаламай жатамыз. Мұндай ауыл жастарының бойында адамгершілік қасиеттері жоғары. Қаланың жастары маған ренжи қоймас. Өзім де қазір қалалықпын. Бірақ ауылдың балалары ерке емес. Тіпті кездесулерге барғанда ауыл жастарының бәсекеге қабілетті екенін байқаймын, - дейді Сүлейменов.