Ойын баласына сексті оқытып керегі не?

Ойын баласына сексті оқытып керегі не?

«Академкнига» дүкендері кітапқа бай. Онысы жақсы әрине. Бірақ сатылымдағы «Откуда я взялся?» атты кітабын көріп, не дерімізді білмей отырмыз. Түрлі-түсті суреттерге толы кітап дәл осы күндері «Фейсбук» әлеуметтік желісінде үлкен пікріталас тудыруда. Себебін айтпас бұрын мына суреттерге бір үңілсек, соның өзі жетіп жатыр.

 

«Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының,
Білім және ғылым министрлігінің назарына!

Бұл суреттерді эротикалық журналдың беттері деп ойлап қалуыңыз әбден мүмкін, бірақ бұл 5-8 жас аралығындағы балаларға арналған кітап. Ресейде шыққан, француз тілінен аударылған. Атырауда сатыла бастаған, бірақ Алматыда «Академкнигадан» Мөлдір Асылбекова атты студент алып келді (фиск.чегі бар). Балалар әдебиеті жеткіліксіз екені анық, бала бақшалар сатып алады екен. 
5-8 жасар бала түгілі, 9 сыныпқа келіп тұрып, апайлардың өзі айтуға ұялып айтпай кеткен тақырыптарды «Адам анатомиясы» пәнінен ешкімге көрсетпей өзіміз оқып алған жоқ па едік. Енді міне, адам анатомиясын ғана емес, физиологиясын жас балаға сүгіретін салып, ағын-ақ, қарасын-қара деп лақ еткізіпті. ҚР Қылмыстық заңына сәйкес (124-бап) 14 жасқа толмаған мектеп жасындағы баламен осындай әңгіме жүргізу қылмыс. Мынауың бала бақшаға бас қойып, азғындықты түп тамыранан бастайын депті. Ішіндегісін қайталап жатпайын, өздеріңіз көріп аларсыздар. Бір студент жігітке топ алдында оқытып көріп едім, ол да қызарып-бозарып оқи алмады... Себебі түсінікті.
Р.S. «Лайк-пайктің керегі жоқ. Ықыласыңыз болса, бөлісіңіз - ел құлақтансын. Тиісті органдар шара қолдансын» деп жазыпты Фейсбуктегі парақшасына Алмас Жұмағали.
Бұл кітаптың жарнамасы «Академкнига» сауда орнының сайтында да тұр.
Шынымен де, ертегі тыңдауды қалайтын ойын баласының өзінің қалай, қайдан пайда болғандығын ойлаудың керегі не? Әр нәрсе өзінің уақытымен. Балалы болудың жолын 5 жастан үйрететіндей соншалықты қиын ба екен? Қысқасы, құзырлы саланың шара қолданғаны жөн. Әйтпесе, бара-бара балабақшаларда бөбектеріміз «мама-папа» ойнап жүрсе жетіскен екенбіз...
Ал кітап авторы В. Дюмон мен оны басып шығарған «АСТ Астрель Харвест» баспаханасы өз елінде не істейді, ол еріктері.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста