«Мен аңғал адаммын, біреуді алдау қолымнан келмейді»

– Айткүл Байғазықызы, Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
– Рақмет!
– Ең алғашқы алған сыйлығыңыз есіңізде ме?
– Әрине, есімде. Мен жастайымнан Алматыдағы көкөніс өңдеу зауытында жұмыс істедім. Сол жұмысшылардың ортасында белсенді болып, қоғамдық жұмыстарға да араластым. Үлкен орталарда сөз беріліп, көзге түсіп жүрдім. Сол кезде басшылар еңбегімді ескеріп «Құрмет граммотасын» тапсырды. Ол мен үшін орденмен тең болды. Маған көрсетілген осы құрметті ешқашан есімнен шығарған емеспін.
– 8 Наурызды жұмыс бабымен немесе жеке істеріңізбен шетелде өткізген кезіңіз болды ма?
– Жоқ. Әрқашан өзіміздің елде өткіземін.
– Сіздің ойыңызша, әйел адамға отбасы мен қызметтің бірінші кезекте қайсысы маңызды болу керек?
– Өздеріңіз жақсы білесіздер, мен осы салада да біраз жұмыс істедім. Сол кезде белсенді әйелдердің басын қосып, үлкен-үлкен жиын өткізіп тұратынбыз. Іскер әйелдердің барлығына қызметтен отбасы жоғары тұруы тиіс дегенді жиі айтатынмын. Әлі де қыз-келіншектерге шаңырақтарыңа көңіл бөліңдер деп отырамын. Барша әйелдер үшін бірінші кезекте отбасы тұруы керек деген ұстанымда болғаннан кейін өзім де қандай қызмет атқармайын, алдымен отбасымды ойлаймын.
– Сіз осы уақытқа дейін Президент кеңесшісі, сенатор, министр қызметтерін атқардыңыз. Шыныңызды айтыңызшы, қай қызметті өзіңізге жақын деп есептейсіз?
– Қызметтің жаманы мен жақсысы болмайды ғой. Дегенмен қоршаған ортаны қорғау министрі қызметін өзіме жақын деп есептеймін. Оның басты себебі, сол уақытқа дейін еліміздегі қоршаған ортаның ластануына, экология мәселесіне қазіргідей көңіл бөлінбеген кез еді. Министрліктегі 3,5 жылда бұрын-соңды атқарылмаған шаруалармен айналысуыма тура келді. Осы салаға қатысты қаншама құжаттар әзірлеп, бағдарламалар қабылдадық. Әрине, бұл бағдарламалармен жұмыс істеу оңай болған жоқ. Бірақ сол қиыншылығымен жаныма жақын болды.
– Үлкен қызметтерден кейін депутат болдыңыз. Қазіргі қызметіңізге көңіліңіз тола ма?
– Әрине, егер адамның өзінің қызметіне көңілі толмаса, жақсы көрмесе, жанын салып жұмыс істей алмайды деп есептеймін.
– Бізде гендерлік саясат лайықты жүргізіліп келеді. Егер билікте, саясатта нәзік жандылар аз болса, қазіргі әйел саясаткерлер бас көтерер ме еді, қалай ойлайсыз?
– Олай болуы да әбден мүмкін. Себебі қазір қазақстандық әйелдер қоғамның кез келген саласында белсенділік танытып келеді. Парламенттің 17 пайызын нәзікжандылар құрайды. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұрынғыдай емес, қазір әйелдердің көзі ашық. Шетелдердегі тәжірибелерді көріп-біліп жүр. Сондықтан гендерлік саясатты дұрыс жүргізу қажет деп ойлаймын.
– Саясаткер әккі болу керек деп жатады. Сіз адамды алдай аласыз ба?
– Бірден айтайын, мен – аңғал адаммын. Біреуді алдау қолымнан келмейді.
– Осы уақытқа дейін атқарған қызметтеріңіздің барлығын халық біледі. Ал отбасыңыз туралы көпшілік біле бермейді. Отбасыңызда қандай әйелсіз?
– Көз тимесін, мен өзімнің отбасыммен мақтана аламын. Қасымда жолдасым, шаңырағымызда жалғыз ғана болса да, ақылды, білімді ұлым, келінім мен немерелерім тұрғанда, мен өзімді аяулы жар, бақытты ана, ардақты әже сезінемін. Екі немеремнің үлкені 3-сыныпта оқып жатыр, кішісі мектепке даярлық сабағын алып жүр.
– Сіз бай адамсыз ба?
– Мен жаңа ғана айтып өткен отбасыммен дәулеттімін. Осы уақытқа дейін маған көрсетіліп келе жатқан Елбасының сеніміне ие болғаныммен баймын.
– Үйге күтуші, түзге имиджмэйкер немесе стилист ұстайсыз ба?
– Үйде күтуші ұстамаймын, оны жақындарым жақсы біледі. Үйдің шаруаларын бәрін өзім жасаймын. Арнайы имиджмейкер мен стилистің де көмегіне жүгінбеймін. Бірде мынадай қызық оқиға болды. Шаштаразға барғаным сол екен, телефоныма қоңырау шалынып, тығыз шаруамен кетуге тура келді. Шаштараз қыз «қолыңыз босағанда мені үйіңізге алып кетіңіз» деді. Сосын біраз уақыт өткеннен кейін мен хабарласып үйге алып келейін десем, «жоқ, өзім барам, алаң болмаңыз» деді. Үйде бейқам кір жуып жатқанда, шаштараз қызымыз кіріп келіп: «Айгүл Байғазықызы, сіз кірді өзіңіз жуасыз ба? Тым болмаса, кір жуатын машинаны неге пайдаланбайсыз?» деп аузын ашып таңғалды. Сондықтан мен үйде кірді қолмен жуатын қарапайым әйелмін.
– Сізді осындай ашық әңгімелеріңіз арқылы қазақ қыздары мен келіншектеріне үлгі болады деп ойлаймыз. Қандай сыйлықты жақсы көресіз және осы мерекеде кімнен сыйлық күтесіз?
– Мен үшін ең үлкен, ең қымбат сыйлық – немерелерімнің шимайлап салып берген суреттері. Ұлым мен келінімнің жылы лебізі мен жолдасымның құшақтап бетімнен сүйіп: «Мейрамыңмен!» деген сөзі бәрінен қымбат!
– Әңгімеңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста