Мен әлі күнге дейін қыздық арымды сақтап келем: Аягүл Мантайдың соңғы жазбасы жарияланды

Мен әлі күнге дейін қыздық арымды сақтап келем: Аягүл Мантайдың соңғы жазбасы жарияланды

Жақында өмірден өткен жазушы Аягүл Мантайдің желіде жазған соңғы жазбасы жария болды. Жазушы өкпелі жазбасын парақшасында жария еткен. Ол ар алдында да, адам алдында да пәк екенін айтып көпшілікке ақталады деп хабарлайды stan.kz.

“Осындай сарында хат жазам деп ешқашан ойламағам. Мен сізді шын жақсы көрдім. Бірақ бүкіл кемшілігіңізбен жақсы көрем деп уәде бергенім жоқ. Сізге деген құрметім кемімеу үшін мен өзімді психологиялық тұрғыда барынша дайындадым. "Сізді жақсы көрем" деп талай аффирмация да айттым. Рас, басымды кесіп алыңыз, тағы екі-үш сөз ғана жаздым.

 
Сіз алыспаған фейсбукта адам қалмады. Шындап келгенде, түбі бәріміз қатынбыз. Жекедегі хат жекеде қалу керек. Еркек адам жекедегі хатты сақтауы керек еді. Сізге әңгіме жеткізген сол адамды мен шын жақсы көрдім, Әмірхан Балқыбек секілді жақсы көрдім, сендім, ғашық болдым.

Ауыр депрессиядан ол адам белгілі бір деңгейде мені шығарды, бірақ менің хаттарымды скрин жасап, оны сізге жеткізіп отырған сол адамға сенген ақымақтығыма қазір ұялам.

Фейсбукта сіз ғана "шыншылсыз", сіз ғана "өтірік айтпайсыз"… Бір-біріміздің жеке өмірімізге әлеуметтік желіде қолсұқпайық. Сіз жазған үш постқа мен бір ғана постпен жауап жазып отырмын. Себебі, жазбасқа амалым қалмады.

Егер тағы әлеуметтік желіде жеке басыма ашық не астарлап пост жазатын болсаңыз, онда халықаралық сотта кездесеміз. Себебі мен қазақстандық сотқа сенбеймін. Кім Ібіліс, кім Ібіліс емесін зерттейтін және қорытынды жасайтын әлемдік деңгейде эксперттер бар. Әлеуметтік желіде ананы да, мынаны да Ібіліс деп отыратын және сол сөзді көп қолданатын адамның өзі сәл ойлану керек қой...

Әлемдік эксперт сіз Ібіліс пе, әлде мен Ібіліс пе, зерттеп береді. Сосын қорытындысын фейсбукта жариялауға болады. Рақмет, романым үшін тақырып тауып бердіңіз. Романымның жартысын жазып, қолым жүрмей жүр еді. Енді мен Құдай мен Ібіліс туралы жазам. Сол кезде "Ойбай, Ібіліс Ібіліс туралы жазып жатыр" деп артыңыздан ерген тобырды шулатсаңыз да таңқалмаймын”, – деп жазады жазушы. 

Марқұм жазбасында өзін көпшілік алдында айыптауға қарсылығын білдірді. Жеке басты мәселесін көпшілік алдында талқылау, жеке басты масқаралау орынсыз деп күйінеді.

“Ескертем, түйсігім өте мықты. Түйсігіммен "жердің астындағыны сезіп қоятын бәлемін". Егер жеке басыма әлеуметтік желіде ашық не астарлап тиіссеңіз, сотта кездесеміз. Маған не айтқыңыз келеді, жекеме айтыңыз, мені ұрғыңыз келе ме, қазір ауылдамын, Жетісайға, ауылыма келіңіз. Қайталап айтам, жекедегі хатты ұяты бар, принципі бар адам жекеде қалдырады. Ұят та болса айтайын, ал мен әлі күнге дейін қыздық арымды сақтап келем, сенбейсіз бе, дәрігерге апарып, тексертіңіз.

Әлеуметтік желіде мені "қаншық, ібіліс" деп жазатындай, мені елге олай масқаралайтындай сізге кім құқық берді?

Ауыр айтқаным үшін кешірім сұраймын. Маған деген ренішіңіз бар ма, жекеме жазыңыз. Мені аямаңыз. Бірақ әлеуметтік желіде, көпшіліктің талқысына мені салатындай – одан қорғайтын заң бар. "Қаншық" деп жазатындай мені еркектің қасынан ұстап алдыңыз ба? Кешіріңіз, мен әлі "еркек көрмедім". Өзім ол жазбаны көрмедім, бірақ сенімді адамдар айтты. Әлеуметтік желіде бүкіл жұрттың көзінше жеке басыма тіл тигізгеніңіз үшін сізді халықаралық сотқа беруіме болады. Маған не айтқыңыз келеді, ауыр сөз айтқыңыз келе ме, аямай тілдегіңіз келе ме, жекеме айтыңыз, тіпті ұрасыз ба, бәрін көтерем.

Қайталап айтам, мен сізге сізді бүкіл кемшілігіңізбен жақсы көрем деп уәде бермедім және де соңғы кезде "жақсы көрем" десем, өзімді сізді принципсіздігіңіз үшін жек көріп кетпейінші деп өзімді психологиялық тұрғыдан дайындағаным еді.

Сізге қасарысқанда өлмеймін деп шештім! Менің алдымда әлі қаншама ғұмыр бар! Мен әлі тұрмысқа шығып, бала туам. Мен сіз айтқандай "бақытсыз Ая" емеспін, мені жақсы көретін қаншама оқырманым бар, Бақытты – Ая болам”, – дейді Мантай. 

Жазушы шығармаларының шын оқиғаға негізделгенін алға тартты. Осылайша өмірде шыншыл екенін көрсетеді.

“Мен періште емеспін, жалғыздық жаныма қатты батып, он-он бес күнде сыра немесе қызыл шарап аздап ішетінім бар. Жалғыз өзім. Үйде. Еркектермен ішпеймін. Жасырмаймын, ішкенмін 2006-2008 жылдары Тоқтарәлі Таңжарық, Ерлан Жүніспен ғана сыра іштім және Бауыржан Серікбаевпен 2019-да кафеде сыра іштім, себебі, олардың адамгершілігіне сендім. Соңғы кезде бір айда екі-үш рет қызыл шарап ішетінімді сізден де жасырмағанмын. Сол кезде сіздің жеке басыңызға қатысты ауыр сөз айтып қойсам осы әлеуметтік желіде кешірім сұраймын!

Сосын әлеуметтік желіде мені "Өтірікші", "суайт" деп айыптауға кім құқық берді? Айтқыңыз келе ме, жекеме айтыңыз. Бәлкім шарап ұрттап отырып, кейде қуып бірдеңе айтатыным бар шығар, бірақ жалған айтқаным жоқ. Менің тіпті әңгімелерімнің де көбі өмірден алынған. "Бөрте" – Ақбаян, туған нағашымның қызы, он жеті жасында өкпе ауруынан көз жұмды, "Депрессия" – жезөкше қыз өзімнің сыныптасым, "Жалғыздық биі" – өзім, өзімнің жалғыздығым, т.б.

Ең арысы, "фейсбукта оқып риза болсыншы" деп маған ниеті таза, шын көңілден бірдеңе ұсынғысы келген адамдар туралы да жазам.

Сізді бәрібір сұлулығыңыз үшін жақсы көрем!!! Шын мәнінде, сізді сұлулығыңыз үшін ғана жақсы көргем. Және оны өзіңізден жасырмағам. Себебі, сұлулықты жақсы көрем!!! Сіздің жаныңыз шын мәнінде таза. Адам танимын, ұлтқа болсын дейтін адамсыз.

Өтінем, осы постпен бір-біріміздің жанымызды жараламай тоқтайық. Сұлу адамға қашанда биіктік тән. Бәлкім, мен биік бола алмаған шығармын, сіз биік қалпыңызда қалыңызшы… Еркегі аз әлемде екеуміз еркек боп қалайықшы, өтініш. Сезіміме өте ауыр құн төледім. Жоқ, жазбасыма амал қалмады...Мына түрімен адамға қол жұмсатып тынады. Адамда тоқтау деген болады ғой”, – деп сөзін аяқтады. 

Еске салсақ, жас жазушы Аягүл Мантай белгісіз жағдайда көз жұмды. Оның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста