«Мектепке жол» балалардың мектепке баруына жағдай жасады
1 қыркүйекте Қыземшек кентіндегі Л. Бөкенов атындағы жалпы орта мектептің 700-ден астам оқушысы, сол сияқты Қазақстанның басқа да мектеп оқушылары үшін жаңа оқу жылы басталды. Көзді-ашып жұмғанша жазғы демалыс өте шықты да, білім шыңын бағындыратын кез де келді. Бірақ бұл маңызды істе кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш сияқты керек-жарақтар қажет...
Қазір кеңсе тауарларын және басқа да оқу керек-жарақтарын өндірушілердің бизнесі алға басқан кезеңде, ата-аналардың көбі бұған қайдан ақша алсам деп бас қатыруда. Осы күндері «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының кәсіпорындары уран өндіруші аймақтардағы мұқтаж отбасыларға көмектесуде. «Мектепке жол» республикалық акциясын қолдай отырып, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК кәсіпорындары жаңа оқу жылы басталмай тұрып, Қыземшек кентінің аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының 56 баласына материалдық көмек көрсетті.
«Ақдала» кенішінің «Бетпақ Дала БК» ЖШС ұжымы 28 баланы мектепке дайындау міндеттемесін өзіне жүктеді. Олардың барлығына кеңсе тауарларын және мектеп формасын сатып алуға материалдық көмек бөлінді. Қыземшек кентінің қала құраушы кәсіпорны болып табылатын «Степное-Ру» ЖШС басшылығының атынан серіктестіктің бас директоры Сергей Анатольевич Кушегов көпбалалы және аз қамтылған отбасының 18 баласына қолдау көрсету бастамасын көтерді. Кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында балалар күнделікті мектеп формасымен және спорттық киімдермен, сондай-ақ мектеп керек-жарақтарының толық жинағымен қамтамасыз етілді.
«Қазатомөнеркәсіп – Демеу» ЖШС-нің қолдауымен «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Созақ ауданының (ОҚО) уран өндіруші Қыземшек және Таукент кенттеріне және Қызылорда облысының Шиелі ауданының Шиелі кентіне кеңсе тауарлары мен мектеп керек-жарақтары салынған 30 мектеп қоржыны мен спорттық сөмкені (әр кентке 10 жинақтан) жіберді. Кәсіпорындардың қолдауына мұқтаж балалардың саны мен тізімін серіктестікке тиісті хаттарды жіберген жергілікті әкімдіктер мен мектептер анықтады. Л. Бөкенов атындағы жалпы орта мектептің ата-аналар комитеті мен әкімшілігі қолдау көрсетіп, түсіністік танытқаны үшін кәсіпорындарға, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-қа мектеп өміріне белсене қатысып келе жатқаны үшін алғыс айтады.