Мектеп директорлары менеджерлік қабілетін шыңдады

Білім беру саласын 2050 жылға дейін дамытудың басым бағыттары айқындалған Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген міндеттерге және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес, қазіргі кезде білім беру қызметкерлерінің біліктілігін көтеру және қайта даярлау саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының негізгі стратегиялық бағыттарына сай, Рес­пуб­ликалық педагог кадрларының білік­ті­лікті арттыру институтында да көптеген жа­ңашылдықтар қолға алынуда. Ең бас­тысы, Республикалық педагог кадр­ла­ры­ның білік­тілікті арттыру институтының функ­циясы педагогтің инновациялық техно­логияларды пайдалана білу қабілетін дамыту ғана емес, олардың жаңа әдістерді өзі таба алатын, жаңғыртулар мен даму тен­денцияларына сай өзінің кәсіби қыз­ме­тіне рефлексивті өзгерістер енгізе алатын кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табы­лады. Соның бірі – дамыған елдердің тә­жі­рибесіне сай басшы кадрларды менедж­мент бағытындағы біліктілікті арттыру курс­тарының мазмұнын жаңалау.
Осы орайда, 2013 жылдың наурыз айы­ның 4-15-і аралығында өткен мектеп ди­ректорларына арналған «Білім беру меке­мелерін басқаруға жүйелі көзқарас» тақырыбындағы курстың мазмұнына тере­ңірек үңілсек, бірқатар жаңашылдықтар енгізілгенін байқауға болады.
Біріншіден, екі апталық курстың маз­мұ­нында 32% ғана теория болса, ал қалған 68% практикаға бағытталды.
Екіншіден, теорияның өзі әлемдік тәжі­ри­беде орын алып отырған интерактивті тех­нологиялар негізінде берілді, яғни инс­ти­туттың профессорлық оқытушылық құра­мы жоғарғы деңгейде жаңашыл тех­но­логияларды игергенін көрсете білді.
Үшіншіден, практикалық бөлімі тәжі­ри­белі менеджердің басшылығымен өтуі­не аса көңіл аударылды. Алматы қа­ла­сы­ның №159, №148 мектеп гим­на­зияларының директорлары – Қазақстанның Еңбек Ері А.Т.Миразова, Халықаралық менеджер басшы сер­ти­фи­ка­тының иегері Ф.М Али­ак­парова сияқты басшылардың білім беру саласындағы іс-тәжірибелерімен арнайы бағдарлама негізінде жұмыс істесе, №39 С.Ходжиков атындағы лицей дирек­то­ры­ның бір жұмыс күнін видеоға түсіріп, тал­дауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­­вер­­си­тетінің жанындағы жекеменшік «Бейіндік мектеп», «БЭСТ» жекеменшік мек­теп өте жүйелі түрде оқушылардың функ­цио­нал­дық сауат­тылығын дамыту мәселелерінің жол­­дарын ашып көрсетті.
Төртіншіден, тыңдаушылар саны 38 бол­­ғандықтан, жалпы топ бірнеше шағын жинақталған топтарға бөлінді, әр топ өз бағдарламасымен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Біреулерін қала мектебінің іс-тәжірибесі қызықтырса, екіншілері ауыл мектебін таңдады. Сол себептен Алматы облысының Қарасай ауданының екі мек­те­бі таңдалды. Қарасай мектебі құн­ды­лықты басқаруды, Кэмбридж тех­но­ло­гия­ларын игерген ұстаздардың сабақтарын және ақпараттық коммуникациялық тех­но­ло­гия­ларды ауыл мектебінің пайдалану тәжірибесін алға тартса, ал мектеп-гим­на­зия ауыл мектебінің жаңа моделін көрсете алды, себебі ол – ҚР Президенті ұсынған жоба негізінде салынған алғашқы гим­на­зия. Нәтижесінде «... ғылым мен практика өз орнын тапқан, тиімді ұйымдастырылған курс болды» деп тыңдаушылар өз ри­за­шы­лықтарын білдіріп жатты.
Бесіншіден, бірінші күннен-ақ тың­дау­шымен кері байланысты орнату бағытында тыңдаушының жеке кітапшасы енгізілді. Оның басты мақсаты – тыңдаушылардың өз бетімен жұмыстарын күшейте отырып, өзіндік дамыту бағдарламасын таңдауға мүмкіндік туғызу.
Әр топ өздері таңдаған төменде атал­ған тақырыптар бойынша презентация даяр­лап қорғай білді. Олар: «Білім беру жүйесі – ашық жүйе», «Білім беру ұйымы ме­нед­жері», «Мектеп және қоғамдық бай­ла­ныстар», «12 жылдық білім беру үрді­сін­дегі оқушының моделі», «Жаңа фор­мация педагогі» т.с.с.
Тыңдаушылар пікірі
Зылиха Ақшауова, мектеп директоры (Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы):
– Курс өте жақсы өтті. ҚР білім бе­руді да­мытудың 2011-2020 жылдарға арнал­ған бағдарламасымен егжей-тегжейлі та­ны­сып, көптеген мәсе­ле­лерге басқаша қарау­ды үйрендім. Әсі­ре­се мек­тепті дамы­ту­ды басқару, ақпа­­рат­тар­мен жұмыс істеу, ҰБТ-ға әзірлеудің механизмдерімен таны­са отырып, ұжымның психологиялық ахуа­­лын әртү­рлі тренинг, коучинг, іскер­лік ойын­дар арқылы қалыптастыру жол­дарын үйрендім. Бұл мен үшін жыл­дың бір тама­ша кезеңі болды. Білім беру жүйе­сінің бас­шы және ғылыми-пе­да­­го­ги­ка­лық кадр­лары біліктілігін арт­тыратын республикалық инс­титуты (ББЖ КБАРИ) профессорлық оқы­ту­шы­лық құрамына мың да бір рақ­мет.

Нұрбике Шалабаева, мектеп дирек­то­ры (Павлодар облысы Лебяжье ауданы):
– Бұл теория мен практиканың кез­дес­кен курсы болды. Мен үшін бұл ба­қытты ке­зең, себебі ББЖ КБАРИ-дің та­маша бі­лім­ді де парасатты адам­да­ры­мен кез­дес­кен сәт. Менің менеджер туралы мынандай ассоциациям қалып­тас­ты:

Жұмылдырып бір іске бар ұжымын,
Танытатын құзырлықпен тұлымын.
Бағыт беріп, сенімділік арттырып,
Бәсекеге қабілетті ел құлымын.
Қиындықтан қорықпайтын
                                                  ешқашан,

Шыншыл, әділ, толерантты
                                               сондай жан.
Көзқарасы позитивті әрқашан,
Қызметіне әрдайым ол адал жан.

Боранбек Лесбеков, мектеп директоры (Оң­түстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауда­ны):
– Теориялық біліммен қатар, прак­ти­ка жүзінде мектептерді, тарихи-мәде­ни орын­дар­ды көріп, көп рухани азық алдық. Алма­ты мектептерінің ең бірінші безендірілуі, тазалығы, құжат­­тар­дың бірізділік жүйе не­гі­зінде құрыл­ған қоры тамаша әсер қал­дырды. Қазақ­­­стан­ның барлық мектептері осын­дай болса деп таңдай қақтық. Курс өте жоға­ры деңгейде өтті. Жетекшімізге, оқытушылық құрамға, бізді қабылдаған мектеп директорларына мың да бір алғыс айтамын.

Ризабек Кәкпенов, мектеп директоры (Солтүстік Қазақстан облысы Петро­павловск қаласы):
– Курс нәтижелігі тыңдаушылардың сұра­нысын қанағаттандыру болса, бұл тұрғыдан институт қызметкерлері қомақ­ты іс атқаруда, әсіресе бірінші кіріс диаг­нос­ти­кадан бастап, курс бағ­дар­ламасына өзге­рістер енгізуге дейін дұрыс жолға қойылған оған күнделікті кері байланыс та жүйелі деңгейге қызмет атқаруда. Ең бастысы, біліктілікті арттыру жүйесінің үш компоненті де жақсы қойылуға тиістілігі қарас­тырыл­ған, олар: курста оқу, курса­рал­ық кез­дегі әдістемелік және өз бетімен жаса­ла­тын жұмыстар. Яғни курстан кейін көп­теген тапсырмалар арқылы білік­тілікті арттыруға мүмкіндіктер қарас­ты­рылған. Ол бағытта курс соңында барлығымыз электрондық негізде курс мазмұнына сай презентациялармен қо­ры­мызды толықтыра отырып, практи­каға енгізу бағдарламаларымен қам­та­ма­сыздандырылдық. Институт қыз­­мет­керлеріне айтар алғысымыз шексіз.

Осындай пікірлерді әр тыңдаушының кері байланыс дәптерінен оқуға болады.
Нәтижесінде тыңдаушылар өз жұмыс­тарын «Бес саусақ» технологиясы негізінде бағалады. Оның мақсаты – біліктілікті арттыру үрдісіндегі іс-әрекетін белгілі параметрлер бойынша бес баллдық жүйе арқылы өзіндік бағалау. Ондағы пара­метрлер: білім, мақсатқа жетуі, ішкі сезім, жеке үлес, денсаулығы. Бірінші, екінші, үшінші параметрлер бойынша жоғары көрсеткіш байқалса, ал төртінші, бесінші параметрлер бойынша әлі өзімен жұмыс істеу керектігі анықталды.
Республикалық біліктілікті арттыру инс­титутының бастап отырған жаңа істері көп кешікпей өз нәтижесін беретініне сеніміміз мол.
Г.Қ. МЕҢДІҒАЛИЕВА, Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының менеджмент және ақпараттық технологиялар кафедрасының профессоры

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста