Көзге шөп салғызбайтын спрей пайда болды
Неміс ғалымдары ерлерді суық жүрістен тыятын спрей ойлап тапты деп хабарлайды Lifenews.ru. Мұрынға арналған ингалятор тәрізді құты окситоцин гормонымен толтырылған.
Спрейді мұрнына тамызған ерлер тек өз әйелдеріне ғана бауыр басып, соларға ғана құштар болады. Ғалымдардың айтуынша, окситоцин гормонының әсері жыныстық құмарлықты арттыратын авродизиактікімен бірдей. «Окситоцин – ағзадан бөлінетін гормон, Біз оның адам миына, ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасына қалай әсер ететінін түпкілікті зерттедік. Төсек ләззаты кезінде ер адамның да, әйелдің де лимфа ұлпаларындағы окситоциннің деңгейі артады. Енді біз осы табиғи тепе-теңдікті, мидағы ләззат орталығының жұмысын спрейдің көмегімен реттеуге мүмкіндік алдық», – дейді ғалым Дирк Шеле. Ерекше спрейдің әсері жарты сағаттан соң басталып, бірнеше сағатқа созылады. Еске сала кетейік, окситоцин гормонынан ерлі-зайыптыларға арналған дәрі жасауға болатынын неміс эндокринологтері өткен жылдың күзінде алғаш рет жария еткен еді.
(Сурет zdorovieinfo.ru сайтынан)