Конституциялық сотқа қандай мәселе бойынша арыз көп түскен
Ағымдағы жылдың 4 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі жағдай бойынша осы органға азаматтардан 2386 өтініш келіп түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Конституциялық соттың ресми сайтына сілтеме жасап.
Оның ішінде «Конституциялық Сот туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігі бойынша алдын ала қаралуда 358 өтініш. Судьялардың зерделеуінде өтініш саны 34-ке дейін өскені байқалады.
* Өтініш берушілер соттардың шешімдерін қайта қарау – 43%;
* ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету – 3,6%;
* еңбек және зейнетақы заңнамасы шеңберінде құқықтарын қорғау – 2%;
* қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы құқықтарды қорғау – 1,4% және т.б.
Нормативтік құқықтық акті немесе оның жекелеген ережелерін Конституцияға сәйкес емес деп тану мәселелері бойынша 22%-ы жиі жүгінгені көрінеді.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Конституциялық Сот 8 нормативтік қаулының ішінен азаматтардың өтініштері бойынша 5 нормативтік қаулы шығарды.
Конституциялық Сот Салық кодексінің, Қылмыстық-атқару кодексінің, мемлекеттік қызмет, зейнетақымен қамсыздандыру және қылмыстық іс жүргізу кодексі саласындағы заңдардың, Әлеуметтік кодекстің және Әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Заңның жекелеген нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексерді.
Бұрынғыша, өңірлерден келіп түскен өтініштерді апта сайын талдау қорытындысы бойынша өтініштердің басым көпшілігі Астана және Алматы қалаларынан, Қостанай, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан келіп түсті.