Колледж бе, қонақүй ме?

Колледж бе, қонақүй ме?

Жуырда Жамбыл облыстық прокуратурасы «Білім туралы» Заң талаптарының орындалу барысына және орта кәсіптік білім ошақтарының лицензиясының дұрыстығына тексеру жүргізген болатын. Әсіресе жекеменшік оқу орындары тек ақша табуды ғана көздеп, сапалы білім беруді ұмытқан ба дерсің. Білім беру ошақтарын лицензиялау ісінде көптеген қателіктер кеткен.
«Инемен құдық қазғандай» саладағы бас­­ты тұлға оқытушы десек, осы оқытушы­лар­ға қойылатын қарапайым талаптардың өзі сақталмаған. Тіпті білімдері нан тауып бе­ріп отырған кәсіптеріне мүлдем сәйкес кел­мейтіндері көп. «Өркениет» колледжі өзі­нің атына сай білімді ұрпақ тәрбиелеудің ор­нына, сапасыз кадрларды жинап алған. Үкі­меттің №452 қаулысына сәйкес, оқу орындарында жоғары және бірінші ка­те­го­риялы оқытушылар құрамы 40 пайызды құ­рауы керек. Ал өркениеттіктерде, ке­рі­сінше, 10-ақ пайызды құрайды. Қазбизнес кол­леджі мен Тараз кәсіптік колледжінде жо­ғары категориялы оқытушылар құрамы – 15 пайызды, Тараз политехникалық кол­лед­жінде – 14 пайызды, Информатика, бай­ланыс және технологиялар кол­лед­жін­де 20 пайызды ғана құрап отыр. А.Асқаров атындағы Меркі экономика және құрылыс кол­леджі мен Шу теміржол колледжінде «Бі­лім туралы» Заңның 51-бабын өрескел бұ­зу фактілері анықталды. Онда оқы­ту­шы­лық қызметке арнайы педагогикалық не­месе кәсіптік білімі сай келетіндер қыз­метке алынуы тиіс болатын. Алайда Шу те­міржол коледжінде денешынықтыру пә­ні­нен оқу орнын локомотив және ва­гон­дар мамандығы бойынша бітірген Н.Қа­лын­ғараев және физика пәнінен 2008 жы­­лы Қазақ көлік және коммуника­ция академиясын автоматика, телемеха­ни­ка жә­не байланыс мамандығы бойын­ша та­мам­даған Е.Васильева сабақ беріп кел­ген. Про­курорлық тексеруден кейін олар жұ­мыс­тан босатылды. Ал тексеру бол­­маса олар­дың жылы орнын суыт­пай­тыны анық еді. Тараз медицина кол­лед­жін­де де ме­ди­циналық білімі жоқ оқыту­шы­лар сабақ бе­ріп келген. Біліктілік тала­бы бойынша оқу орнында штатқа алынған оқы­тушылар саны 70 пайызды құрауы тиіс. Алайда бұл мәселеге мән бермегендер көп. «Байбу­ра» колледжінде штаттағы оқы­­ту­шылар са­ны 38 пайызды ғана құ­раған. Мұндай жағ­дай Тараз гумани­тар­лық-техникалық колледжі, көпсалалы «Әулие ата» кол­лед­жі­­нің ба­сын­да да бар. Ал талып түсердей таң­ға­лар­лық жағдай – Қазбизнес кол­лед­жін­де. Он­да штаттық оқытушылар мүлде жоқ бо­л­ып шықты.
Кітапхана қорын толықтыруға мән бер­­мейтіндер көп. Талапқа сай оқу орын­да­ры әр білімгерді 25 оқулықпен қам­та­ма­сыз етуі тиіс. Алайда «Өркениет» кол­лед­жінде бір студентке – екі ғана оқулық, Та­раз политехникалық колледжінде төрт оқу­лықтан келеді екен. Білім және ғылым ми­нистрлігінің №673 бұйрығы бойынша, еліміздегі барлық оқу орындары мемле­кет­тік білім беру стандартына сай, білім ор­дасының материалдық-техникалық ба­за­сы сай болуы тиіс. Бірақ оқу орындары жауапкершілікті ұмытып, дауға қалып отыр. «Байбура» колледжінің екі қабатты ғимаратында төрт оқу аудиториясымен қоса, қонақүй де орналасқан. Оған ірі әріп­термен HOTEL деп бадырайтып жа­зып қойыпты. «Өркениет» колледжінің ғи­ма­раты 4 қабатты жайға орналасқан. Бір қы­зығы – бірінші және үшінші қабатта Жам­­был по­литехникалық колледжінің жа­тақ­ха­насы ор­наласқан. Тексеру жүргізген күні «Бей­нелеу өнері» бөлімінде оқып жүр­ген жеті сту­денттің алтауы сабаққа қа­тыспаған. Ал дәл осы пәннен беретін оқы­ту­шы бол­ма­ған­нан кейін студенттер өз бет­терінше «оқи» береді екен. Бұдан да қы­зығы – Тараз по­литехникалық кол­лед­жін­де зерт­хана, ше­берхана кабинеттерін «Өрт сөн­ді­руші» ЖШС-ға, №5 емханаға жал­ға бер­ген. Жам­был экономика және құ­қық кол­лед­жі бі­­лім талаптарын өрескел бұз­ғаны үшін жа­былды. Мұнда тіпті күн­дізгі оқу бө­ліміне қабылданған студент жоқ. Бар бол­ғаны – 26 студентті сырттай оқы­тып кел­ген...
Заң талаптарын өрескел бұзған оқу орын­дарына прокурорлық ықпал ету нә­ти­жесімен 8 заңбұзушылық, 48 әкім­ші­лік іс қозғалды... Міне, Жамбыл жерінде жа­­ға ұстатарлық осындай жағдаяттар да бо­­лып тұрады... Аты аталған «Байбура» кол­­леджінің директорынан пікір алмақ бо­­­лып, апта бойы қоңыраулатқанымыз­дан түк шықпады. Орнында жоқ, ұстатпай­ды. Орын­басарларының да бірі жоқ. Ақы­ры кадр бөлімінің бастығымен тілдесудің сәті түсті. Оның айтуынша, директор жа­ңадан та­ғайындалыпты. Жұмыс орнында бол­ма­уы­ның себебі де осы екен. Өзге өңірден болғаннан кейін әлі көшіп-қо­нумен жүр­генге ұқсайды. «Отделкадр­дың» ай­туын­ша, қонақүй деп шошынудың қа­жеті жоқ көрінеді. HOTEL деп жазылып қойылғаны да рас. Бірақ онда тек спорт­шылар ғана түнемекке келеді екен... Бай­бу­ралықтар­дың басындағы жағдай – осы.

Бейқұт ЖАМАНКӨЗОВ, Жамбыл облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары:
– Прокурорлық тексеруден кейін аталмыш колледждерге әкімшілік айыппұл салынғаны рас. Жаңадан ашылған колледждер болғаннан кейін, әрине, кемшіліктер болады. Әр колледждің құрылтайшылары кеткен кем-кетіктің орнын толтыруға күш салып жатыр. Жуырда ғана осы мәселеге байланысты алқа мәжілісі болып өтті. Колледж басшыларымен түсінік жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, осы оқу орындарына тексеру жұмыстары жүргізілді. Білім басқармасы та­рапынан, жалпы, әдістемелік, қолдан келген көмекті аянып қалып жатқан жоқпыз. Оларға қатаң талап емес, қолдау керек. Алдағы уақытта орын алған кем­шіл­іктер жойылатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста