«Кір емес»: қазақ қыз-келіншектері «етеккір» атауына қарсы акция ұйымдастырып әлек

Қазақтың сөзін ұқпайтындар бастаған «етеккір» сөзіне қарсы шайқас надандықтан құтқармайды және мағынасыз хайп қуғаннан, прокладканы жарқыратып маңдайға жапсырып жүргеннен ештеңе өзгермейді.
Атамзаманнан бері қолданылып келе жатқан «етеккір» атауы аяқастынан қазіргі кейбір қыз-келіншектерге ұнамай қалыпты. «Құлаққа түрпі естілетіндіктен», оның орнын басқа әдемі атаумен алмастыру керек екен. Әлеуметтік желіде осы наразылыққа қатысты белгілі журналистер де пікір білдіруде, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белсенді желі қолданушы Назгүл Қожабек: «Е, Алла, етеккір деген сөзбен алысып жүргендерге етектен жоғары да тірлік бар екенін түсінуге мүмкіндік бер! Менструацияны әдемі сөзбен атағаннан ештеңе өзгермейді. 25-40 жас аралығындағы әйелдердің жартысынан көбі оның не екенін, ай сайын неге қан келетінін білмейді. Соны үйрет одан да, соны айт. Бірақ айғайлатпай, қыздар арасында айт. Адам өмірінде бүкіл халықтың «игілігіне» айналмайтын бір тақырып болуға тиіс қой» деп жазған.

Оның айтуынша, қазақтың сөзін ұқпайтындар бастаған «етеккір» сөзіне қарсы шайқас надандықтан құтқармайды және мағынасыз хайп қуғаннан, прокладканы жарқыратып маңдайға жапсырып жүргеннен ештеңе өзгермейді.

«Менструация интим тақырып болып қалса да, жас қыздардың сауатын ашып, цикл деген не екенін үйретіңдер одан да. Ал бәленбай миллион адам бәленбай жүздеген жыл «етегі кірлепті», «бойы былғаныпты» деп айтып жүргенін қайда жібересің? Cosmopolitan айтты екен деп дүрмекке ілесе бермесеңдерші!» – дейді Назгүл Қожабек.

Сондай-ақ, facebook парақшасындағы жазбасына «Қай бетімді шымшиын?!» деп тақырып қойған Көсемәлі Сәттібайұлы да өзінің бұл тақырыпқа еріксіз барып отырғанын ескерткен.

«Бір топ қыз-келіншектер «Кір емес» деген акция ұйымдастырып, «етеккір» деген сөзге қарсы шығып жатыр екен. Уәждерін оқып күлкім келді. «Адамнан тер бөлінсе «теркір» деп айтпаймыз ғой» деген сияқты бірнеше мысалдар келтірген болыпты. Айтпақ ойлары мен наразылықтары «кір» деген сөзге тіреліп тұр. «Кір» деген сөздің баламасы «лас» дегенді білдіреді. Бізден бөлінетін нәрсе кір емес» дей келіп, «етеккір» дұрыс аударма емес деп тұжырым жасаған сияқты. Меніңше, бұл сөздің аудармаға еш қатысы жоқ. Қазақ әйелдері әлімсақтан бері осылай деп айтып келе жатса керек. Сосын «кір» сөзін бірден «лас», «былғаныш» мағынасында қабылдау дұрыс емес. Халқымыз «кір» сөзін байлықты білдіру үшін де қолданған. Мысалы, «Қолының кірі бар адам» дейді. Бұл жерде «кір» байлық ретінде түсіндіріледі...» – деген уәж айтқан ол.

Осы орайда, әріптесіміз «ана тіліміздің орыс, ағылшын тілімен шұбарланғанына қынжылып жүргенде, тұп-тұқиянымыздан мәлім төл тілімізді мансұқтайтындар шыға бастағанына» реніш білдіріп, жазбасын «Құрметпен, атақты «Қырық сұрақ» кітабының авторы Ишанбай Қарағұловтың шәкірті» деп түйіндеген.

Байқауымызша, әлгі «акцияға» қарсы жазылған бұл екі уәждің де «бір қайнауы – ішінде». Нақтылай кетсек, етеккір кезінде жыныстық қатынастан аулақ болмаса, оның ер адамға инфекция жұқтыру қаупі бар. Мысалы, Үндістанда бұл уақытта әйелдердің тамақ дайындауына тыйым салынады. Өйткені, олар осы кезеңде «кір» болып саналады.

Ал медициналық тұрғыдан алғанда, жыныс органдары сыртының таза болмауы қабыну процесін туғызып, оның қынапқа және ішкі жыныс органдарына таралып кетуі мүмкін. Сол себепті, етеккірге арналған дәкеден жасалған гигиеналық төсемдер, тампондар, арнайы шолақ дамбалдар және «айлық кеселер» сынды негізгі бірнеше гигиена құралдары пайдаланылады. Гинеколг мамандар әйелдерге «Етеккір кезінде міндетті түрде гигиена – тазалық керек», – деп кеңес береді.

Кең тараған діндерде де етеккірі келген әйел «таза емес» деп саналып, қоғамнан уақытша оқшауланады. Исламда бұл кезеңде әйел құлшылық етіп, күйеуімен жыныстық қатынасқа түсе алмайды. Ал иудаизмде күйеуі әйеліне жақындауға тыйым салынған. Христиан дінінде әйел діни рәсімдерге қатыса алмайды.

Осыдан-ақ менструацияның қазақша тікелей баламасы етеккір, яғни «етектің кірі» екенін қысылып-қымтырылмай-ақ мойындауға болады және оны сөз қолданысынан алып тастауға әлектенбеген абзал. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста