Кереметі көп киелі ағаш

Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с) қалған «Құдай тағаланың адамдар арасында досы, жаратқандары арасында сүйгені болады» деген хадис бар. Пайғамбар сүннетіне берік болған бабаларымыз үшін барлық нәрсе киелі. Алланың алқауында болып, тақуалығымен назарына іліккен жандарды жұрт «әулие» атаса, сонымен қатар кие дарыған орындар мен болмысы ерекше жаратылысты қасиетті санаған. Жалпақ жұрт киелі деп, әулиелердің қатарына қосқан осындай жаратылыстың бірі – Жаркент жеріндегі Әулиеағаш.

Тарихы тамырындай тым тереңде
Жазиралы өңiрiнде өсiп тұрғанына жетi ғасыр болған алып ағаш бар. Жергiлiктi жұрт оны Әулиеағаш деп атайды. Бұл – кәдімгі қараағаш тұқымы. Жуандығына алты адамның құшағы әрең жететiн мұндай алып ағаштар әлемнiң үш елiнде ғана бар дейдi. Олардың бiрi – Қытайда, екіншісі Меккеде болса, үшiншiсi бiздiң жерге тамыр жайған екен.
Кезiнде бұл жерден Құдайдың жетi сүйiктi құлы Мекке-Мәдинеге сапар шегiп өткен деседi. Солардың iшiнде Шамашұрып деген Алланың нұрына шомылған әулие жатар мезгiлде қолындағы асатаяғын жерге шаншып қойыпты. Әулие тауда тұрып қараса, әлгi түнде жерге қадап қойған асасы көктеп, тамырланып кеткен екен. Жаратқанның шексiз құдiретiне таң қалып, сансыз мақтау айтып тұрған Шамашұрыптың жүрегiне «Тиме, өсе берсiн!» деген аян келiптi. Мiне, содан әлгi асатаяқ көгерiп, қанатын кеңге жайып, тамырын тереңге тартып, жайқалып өсе бередi.
Кереметке көпшілік куә
Қоқан, Хиуа хандығына қарсы күрескен белгiлi Шойнақ батыр жорыққа аттанарда үйiндегi бәйбiшесi осы киелi ағаштың басына келiп түнеп, Құдайдан бала сұрайды. Көзi iлiнiп, ұйқы құшағына енгенде, бәйбiше түс көредi. Түсiнде ақ сақалы кеудесiн жапқан қария келiп: «Сенiң тiлеуiң қабыл. Үш ұлың болады. Аттарын: Жантас, Бектас, Ертас қойыңдар», – деп айтады. Арада бiраз уақыт өткенде, расымен-ақ, түсiндегi ақсақалдың айтқанындай, Жантас, артынан Бектас дүниеге келедi. Үшiншi ұлы дүниеге келгенде, оған қойылуға тиiс есiмдi бәйбiше ұмытып қалады да, содан ауыл халқы ары ойланып, берi ойланып, баланың өңi аппақ, мұрыны пұшық болғандықтан, Ақпұшық деп қояды. Сол түнi батырдың бәйбiшесi тағы да түс көрiп, түсiнде баяғы кеудесiн жапқан ақ сақалы бар қария: «Осы балаларды менi себепкер қылып Құдайдан сұрап алып едiң. Бiрақ сен нәрестенiң ныспысын өзгертiп жiбердiң. Ендеше, саған бала керек болмаса, оны бiз өзiмiз алып кетемiз», – дейдi. Бәйбiше төсегiнен атып тұрып қараса, кiшкентай Ақпұшық шетiнеп кеткен екен.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда 40 шақты шешен отбасын осы Үлкенағаш ауылына алып келiп орналастырады. Ауыл адамдарының «тимеңдер, бұл – киелi ағаш» деген ескертпесiне қарамаған бiр шешен жiгiтi алып ағаштың бiр бұтағын кесiп, үйiне әкеледi. Өздерi үйiнде сегiз жан екен. Ағашты кесiп әкелген түнi сол отбасындағы сегiзi де белгiсiз аурудан көз жұмыпты.
1962 жылы шекара асып (Қытайдан) көшiп келген адамдардың бiрi тағы да киелi ағаштың бiр бұтағын кесiп алып, отын есебiнде үйiне әкеледi. Босағадан аттай бере әйелiнiң ыңырсыған дауысын құлағы шалады. Жүгiрiп келiп қараса, әйелi мойыны теріс қайырылған күйiнде қиналып жатыр. Не болғанын түсiнбей қалған отағасы мұның мәнiсiн жергiлiктi тұрғындардан сұрай бастайды. Ауыл адамдары мұның да киелі ағашқа соқтыққанын сезiп, алып келген ағашыңды қайтадан орнына апарып таста дейдi. Сөйтiп, ағаш бұтағын орнына апарып, басына мал сойып, дiнсiз кезеңде Құран оқытып, әйелiнiң мойнын қалпына келтiрген деседi.
Бергi уақытта, жұмыстан қайтқан бiр әйел адам киелi ағаштың тұсынан өтiп, төменiрек барғанда «Е, болды ғой, киелi жерден өттiм» деп дәрет сындырған екен. Ертесiнде әлгi кiсiнiң бет-ауызы қисайып қалыпты.
Тағы да бiрде алып ағаштың түбiнде жатқан екi бөтелке арақты жас жiгiт байқап қалады. «Әулиелi жерде арақ iшiп жүрген кiм екен?» деп жан-жағына қарайды. Айналаны шолып шығады. Ешкiм жоқ. Қайтып келедi де, «осы шынымен де арақ па, әлде басқа нәрсе ме?» деген оймен екi бөтелкенiң бiреуiн ашып, төгедi де, иiскеп көредi. Расымен  арақ. Орнына қоя салып, ауылға қарай жүгiрген оған жолдан бiр қария кездесiп: «Балам, не көрдiң?» – дейдi. Жiгiт киелi ағаштың басында екi бөтелке арақтың жатқанын, оны өзiнiң төккенiн айтады. Сонда әлгі шал: «Ендеше, халқыңа айта бар, бүгiн түнде ауылдарыңды кiшiгiрiм топан су басады», – дептi. Айтқандай-ақ, сол күні таңғы сағат 5-тер шамасында ауылдың ортасындағы кiшкентай ғана өзен арнасынан аса тасып, көпiрдi жұлып, ауыл халқына әжептәуiр шығын әкелiптi.

Тәу еткендердің тауаны шағылмайды
Бұл ағашты тамашалау мақсатымен Америка, Австралия, Германия және басқа да шетелдерден туристер жиi келiп тұрады. Сонау бір жылдары киелі ағашқа тәу ете барғанымызда, шырақшы Рая апай біздің алдымызда бір күн бұрын Америкадан арнайы келген ғалымдар бұл ағаштың жасын анықтамақ болып, Әулиеағаштың түбіне келгенде, аппараттары істемей, қайтып кеткендігін айтып қалды. Иә, адам санасы қабылдай бермейтін, біз «ертегі» деп ұғатын, ал ақиқатында санамызды серпілтіп, көкірек көзін ашып қарауға тура келетін осындай тылсым дүниелер қазақ даласында аса көп.
Киелi ағаштың қасында бiр тамырдан нәр алып тұрған жетi жас ағаш бар. Жұрт оларды жетi ағайынды деп атайды. Және «Бозбала мен бойжеткен» аталған қос шынар да осы киелi ағаштың ұрпағы саналады. «Бозбала мен бойжеткеннiң» арасынан өткен әйелдер сәби сүю бақытына ие болады екен. Әулиеағаштың көз жасындай болып тамшылап тұрған көптеген сулар түрлі ауруларға ем деседі. Әулиеағаш ауылының тұрғындары қуаңшылық болғанда, осы ағаштың басына келiп тасаттық бередi. Киелi ағаштың қураған бұталары осы тасаттық кезiнде ғана ас пiсiруге отын ретiнде пайдаланылады.
Киелi ағашты қаумалай, қоршай өскен тұтас бір орманның барлығының бастарын батысқа қарай иіп, сәждеге тұрғанын көргенде, еріксіз бас шайқайсың. Киелі даланың кереметтерінің көп екендігіне тағы да көз жеткізгендей боласың.

КЕРЕК ДЕРЕК
Қытайда биiктiгi отыз бес, жуандығы тоғыз метрдi құрайтын киелi ағаш бар. Бiр қызығы, бұл ағаш та жер бетiнде жоқ, болмаса жоғалып бара жатқан өсiмдiктер санатынан емес. Қарапайым ғана фермиан ағашы. Ол 0,087 гектар аумақты алып жатыр. Ағаш жетi адамның құшағына «еркін сыйып» кетедi екен.
***
Әлемдiк мифологияда киелi ағашты «иброгасил» деп атайды. Бұл – өмiр ағашы деген мағынаны бiлдiредi. Әлгi ағаштың жапырағы адамның өмiрiн бейнелеп, әр жапырағы түскен сайын адамның өмiрi үзiледi дегендi меңзейдi. Бiзде белгілі қаламгер Тұрсын Жұртбай оны «мықан ағашы» деп жазып жүр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста