Online бола тұрып, интернет арқылы достарыңмен, жанұяңмен араласу, фильмдер көріп, жаңалықтар тыңдау, көптеген адамдарға хат жіберу күнделікті өмірдің бөлшегі болып табылады, бірақ дәстүрлі жалғаушы қатынауға қол жеткізе алмайтын немесе үнемі кеңседен тыс жерде, іссапарда жүретін миллиондаған қазақстандықтардың бірі бола тұра, сізге интернетке қосылу міндетті түрде қажет болса, не істеу керек?
Оған жауап – кеңжолақты мобильді қатынау! Бұл дегеніміз не?
Ең бірінші кезекте мобильді кеңжолақты қолжетімділік дегеніміз – интернетке сымсыз, қолайлы және тез қол жеткізу мүмкіндігі. Биылғы жылы Қазақстанда оператордың кез келген қамту аймағында, үйде, көшеде, кафеде, әуежайда, конференцияда, жолда және т.б. интернет желісіне сымсыз қолжетімділікті қамтамасыз ететін (JET Брендімен) қызмет пайда болды.
Қызмет жайлы толығырақ айтпас бұрын терминологияға тоқтала кетейік.
Соңғы кездері БАҚ шенеуніктер, жетекші және басқа да алға жылжытылған интернетті қолданушылар, жалпы, бүкіләлемдік телекоммуникация және біздің еліміздің инновациялық дамуын тұспалдайды.
Біз олардың қайда қолданылатынын және бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екенін түсінуге тырыстық.
3G термині дауыс сапасының неғұрлым басымдылығын, сонымен қатар жоғары жылдамдықтағы мультимедиялық қызметтер мен интернет-байланысты қамтамасыз ететін келесі (үшінші) буынға мобильді байланыс қызметін сипаттау үшін қолданылады. Үшінші буынның мобильді желілерінің (3G) екінші буын (2G) желісінен айырмашылығы бар. Мысалы, GSM мобильдік байланыстың сандық үлгісі мен (2.5G) өтпелі кезең буыны, GPRS – көрсететін қызметтер сапасының жоғарылығы және жоғары жылдамдықпен деректер тарату.
3G (ағылшын тілінен third generation — үшінші буын), 3-буын мобильді байланыс технологиясы – интернет желісінің қызметтерімен жоғары жылдамдықтағы мобильді қолжетімділікті деректер тарату арнасын құрайтын радиобайланыс технологиясын біріктіретін қызметтер терімі.
3G бұл шын мәнінде бірнеше үлгілердің, негізгісі CDMA2000 (1xEV-DO rev.0 и 1xEV-DO rev.A) және UMTS (W-CDMA) болып табылатын буын.
EVDO (1x Evolution-Data Optimized EV-DO және 1xEV-DO) технологиясы атауының толық мәні «мәліметтерді оңтайлы жеткізу» болып табылады. Бұл технологияның тарихы 1999 жылы Qualcomm компаниясы секундына екі мегабит және одан жоғары жылдамдықты қамтитын мобильді байланыс жүйесінің халықаралық талаптарына жауап беретін (International Mobile Telecommunications) өңдеп шығарғаннан басталады. Халықаралық мобильді байланыс жүйесінің басты мақсаттарының бірі ұялы байланыс технологиясында базаланатын мультимедиялық қызметтер және интернетке қолжетімділік, деректер тарату, жоғары жылдамдықтағы мобильді дауысты байланыс үшін көпшілік мақұлдаған ереже қабылдау болып табылады.
Байланыс әлеміндегі негізгі тенденцияларды анықтаған соң, Қазақстанға да тоқтала кететін кез келді. Біздің елімізге технологиялық эволюция қандай деңгейде жеткенін қарап шығайық.
Бұрын-соңды біз жазғандай, осы жылға дейін ҚР мобильді деректер тарату қызметін дамытудан тек дамыған елдерден ғана емес, сонымен қатар 3G 2007 жылы іске қосылған Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты ТМД елдерінен де кейін қалып қойған.
Осы жылдың сәуірінде 3G лицензиясын беруге байланысты республика Үкіметі және GSM операторларының араласуымен «Алтел» АҚ «Қазақтелеком» АҚ пен бірге JET қызметін алға жылжытты.
«Алтел» АҚ – Қазақстан Республикасының нарығында төрт брендпен – Dalacom, PAThWORD, City және Jet танылған бірінші ұлттық ұялы оператор. Dalacom, PAThWORD, City және Jet жазып алудың ең жоғарғы жылдамдығына 3,1 Мб/сек ұлғайту мүмкіндігін беретін 3G (EV-DO Revision A) – жоғары жылдамдықта мобильді деректер тарату пайдалануды іске қосты.
Интернетке қолжетімділік қызметі Jet сауда белгісімен көрсетіледі. Қазіргі кезеңде қызметті келесі қалаларда пайдалануға болады: Астана, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Риддер, Теміртау. Интернетке қатынау компьютеру/ноутбук/нетбук-ке қосылған CDMA EV-DO Revision A үлгісіндегі мобильді USB-модемді қолдану арқылы іске асырылады. Бүгінгі күнге 3G технологиясы бойынша мобильді интернет ұсынысы Қазақстан нарығында бірегей ұсыныс болып табылады. Жоғарыда көрсетілген қалалардың кез келген тұрғыны немесе қонағы, ал келешекте Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары біздің клиентіміз бола алады. Қазіргі кезде бұл қызмет интернет желісін қолданушылардың арасында танымал.
2011 жылы компания сұранысқа сүйене отырып, қызмет көрсету аумағын кеңейтуді және елді жоғары жылдамдықтағы мобильді интернетпен қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның қалған облыс орталықтарын қамтуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа «АЛТЕЛ» компаниясы Қазақстанда осы сияқты қызметті бірінші болып көрсете отырып, мобильді деректерді тарату қызметін көрсетуде үздік болуға үміт артып отыр.
Әрбір кез келген жаңа технологияны іске қосу үшін қаражат қажет. Бірақ мұндай қаражат ресурстарды тиімді қолдана отырып, өз абоненттеріне бәсекеге қабілетті және алдыңғы қатарлы қызметтер көрсету үшін операторға да, сондай-ақ ақпараттық жоғары технологиялық қызметтерге қажеттілігі күннен-күнге асатын пайдаланушыларға да қажет.
Әлемдік тәжірибе мен шетелдік және отандық зерттеу агенттіктерінің болжамдары бойынша, болашақта өсу динамикасын жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік қызметінен күтуге болатынын айтады.
Осыған байланысты бизнесті тиімді жүргізу үшін компания осы бағытта дамуға ерекше көңіл бөлуде.
Едәуір қаражат салуына қарамастан, «Алтел» компаниясы қолжетімді және сапалы қызмет көрсету саясатын ұстанады. Бұл дәстүр Jet қызметін ұсынуда да сақталады.
Jet шешуші ерекшеліктері
Jet тауарлы маркасымен «Алтел» компаниясы оның базасында қызмет көрсететін EV-DO Rev A үшінші буындағы технологиялардың артықшылығы пайдаланушылар үшін келесі бірнеше мүмкіндіктер береді:
• Деректерді таратудың жоғары жылдамдығы: абонентке 3,1 Мб/сек дейін, ал абоненттен 1,8 Мб/сек дейін.
• «Деректерді тарату» алдында «дауыс» басымдылығының жоқ болуынан туындайтын деректерді таратудың тұрақты жылдамдығы.
• Бір базалық стансыдан басқа стансыға (жұмсақ handover) қосу кезінде қосылулардағы үзілістердің жоқ болуы.
• Интернетке қосылудың қарапайымдылығы: USB модемдар қосымша драйверлерді қажет етпейді.
• Деректерді қозғалыс кезінде тарату (мысалы, автокөлікте).
• Мобильді қолжетімділік «сымдарға» тәуелді болмау.
• Қосылулардың тұрақтылығы.
Жұмыс барыстарын тездету, мобильді интернетке, электронды поштаға және интернет-мессенджерлерге үнемі қолжетімділік, кез келген жерде, кез келген уақытта жұмыста, үйде немесе демалыста корпоративтік желіге алыстан үнемі қолжетімділік мүмкіндігі. Бір сөзбен айтқанда, жұмыс бабы немесе өмір сүру салты, немесе қарапайым тәсілмен деректерді жеткізу мүмкіндігі болмайтын дамыған телекоммуникация инфрақұрылымынан алыста орналасқан мобильді қолжетімділікті қажет ететін абоненттер мобильді интернетке қол жеткізе алады.
Үшінші буындағы технологиялардың (EV-DO) артықшылығы мобильді деректерді таратуға негізделген жаңа қызмет көрсетулерді құруға мүмкіндік береді, нақты жағдайда «Алтел» желісі тасымалдау ортасы ретінде пайдаланылады, ол – клиенттің орналасқан жеріне негізделген қызметтер, банк саласындағы әртүрлі салалық шешімдер, алыстан медициналық диагностика жасау, интерактивтік оқыту, бейнебақылау мобильді жүйелерін құру, телеметрия, мобильді мультимедия қызметінің кең спектрі және басқалары.
EV-DO технологияларын қолдану заңды тұлғалар үшін қорғалған және қарапайым шешімдер көмегімен барлық жерде кез келген уақытта корпоративтік деректерге қолжетімділік есебінен қызметкерлердің еңбек өнімділігін едәуір арттыру, ағымдағы бизнес-процестерді жетілдіру және өз бизнесін құру, сондай-ақ пайдалану процестерін және клиенттер мәселелерін жедел түрде шешу.
Әрине, қызметтерді көрсету технологиясы радио қолжетімділікте негізделуіне байланысты сигнал тұрақтылығына әсер ететін кейбір бөгеуілдерді болдырмау мүмкін емес. Сапаның төмендеуіне байланысты шағымдар келіп түскенде, мәселені техникалық мамандар қосымша антенналар орнату арқылы тез арада шешеді.
Жаңа технологиялармен танысу әрдайым қиындықтар туғызады, компания пайдаланушылардың жағдайын түсіне отырып, қызметті тестілік режимде қолдану мүмкіндігін ұсынады. Яғни кез келген клиент модем немесе мобильді интернеттің кез келген бір пакетін сатып ала алады, сонымен, осы қызмет оны қанағаттандыра ма, жоқ па, соны айыра алады. Егер қандай да бір себеппен абонент осы қызметті қажет етпеген жағдайда, ол екі апта ішінде мобильді интернеттің пайдаланылған трафигіне ғана төлем жүргізіп, модемнің ақшасын қайтара алады.
Jet тарификациясы қандай?
«Алтел» компаниясы әрдайым сапалы және қолжетімді байланыс ұсыну саясатын ұстанып келеді. Мұндай дәстүр Jet қызметін ұсынуда да сақталады.
Пайдаланушының өмір салты, мінез-құлқы, қажеттілігіне байланысты компания үш тарифтік жоспар ұсынады:
• «Меговый» тарифтік жоспары – жұмыс бабы немесе өмір сүру салтына байланысты мобильді интернет қажет және абоненттік төлем жүргізуді қаламайтын, яғни тек қана нақты пайдаланылған трафик үшін төлеуге дағдыланған пайдаланушылар үшін. Бұл санаттағы абоненттер үшін 1 Мб интернет трафиктің бағасы 5 теңгені құрайды.
• «Гиговый» тарифтік жоспары – электронды пошта және интернет серфингтен басқа әлеуметтік желілерде белсенді қарым-қатынас жасайтын, блог жүргізетін өзіне-өзі сенімді пайдаланушылар үшін.
• «Трехгиговый» тарифтік жоспары – интернетті көбіне үйде қарым-қатынас жасау үшін, жұмыс үшін және музыка тыңдау, ролик көру үшін пайдаланатын абоненттер үшін.
Интернет трафиктің бағасы 1 мегабайт үшін 1,4 теңгеден 5 теңгені құрайды.
Интернетке қосылатын USB-модемнің бағасы 2400 теңгеден басталады.
Бүгінгі күнде Jet желісінде қолданылатын EVDO тарату технологиясы CDMA стандарты желісі бар көптеген мемлекеттерде белгілі, оған көптеген себептер бар, оның ең бастысы, бұл технология DSL ( абоненттік телефон желісі бойынша жоғары жылдамдықты сандық қолжетімділік) салыстыратын және жалғанатын қосылу жылдамдығынан асатын үнемі интернетке сымсыз қосылу жылдамдығын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа Jet қызметіне жазылу, жабдықтар, қосылу өте қымбат емес. Jet қызметінің тағы бір ерекшелігі – әртүрлі соттар арасындағы білінбейтін роуминг жатады, сондай-ақ 1х стандартындағы кері қолдау: ол көбінесе ұялы байланыс EVDO байланысын қамтамасыз етпейтін жерлерде 1х ақырын байланысын пайдалануға болады (CDMA 1х деректерді 153 кбит/с жылдамдықпен таратуды қамтамасыз етеді).
Jet іскери адамдар үшін таптырмайтын шешім: желінің өткізу қабілеті тек қана «әрдайым байланыста» болуға мүмкіндік береді және электронды пошта мен интернет-мессенджерлерге үнемі қолжетімділік, сондай-ақ ұялы байланыс операторының желісі жұмыс істейтін кез келген жерде толық бейнеконференция жүргізу. Дала жағдайында мобильді офис құру үшін EVDO қолдайтын ноутбук және ұялы телефон жеткілікті. Форм факторда орындалған сыртқы USB-модем немесе РС-карта арнайы сымсыз модем сатып алып, ұялы телефонсыз да жұмыс істеуге болады.
Кеңжолақты қолжетімділік немесе Jet дегеніміз не?
Последние статьи автора