Кәмелетке толмаған қызды ұрлап, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген

Оңтүстік Қазақстан облысында 15 жасар қыз бір жарым ай бойы із-түзсіз жоғалып кеткен. Оқушы қызды іздеуге полицейлерді қойып прокуратура өкілдері кіріскен. Сөйтіп қыз бала Мақтаарал ауданынан табылды. Алайда жеткіншекті сол жердегі жігіттің жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегені белгілі болды. Құзырлы орган өкілдері бұл жайтқа қыздың туған анасының қатысы барын айтады.

Жоғалған жасөспірім Шымкенттегі 59-шы мектептің оқушысы екен. Бірақ неге екені белгісіз, мектеп әкімшілігі ың-шыңсыз өздігінше іздеуге кірісіпті. Шу шығып кетеді деп қорықса керек. 16-шы қырүйекте ғана осы оқушы туралы араға төрт күн салып, полицияға хабарлайды.

Айгүл СҮЛЕЙМЕНОВА, №59 Жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
- 16-шы қыркүйектен бері сабаққа не үшін келмегенін біз ешқандай білмедік оны. Күнде үйіне бардық, 17-сі күні үйіне бардық. Табылған жоқ. Жетісайға алып кеткен деді. Содан бері ешқандай мекен жайын білмедік. Бір айдың көлемінде іздеп, енді таптық қызды.
Полицейлерден түк әрекет болмағандықтан, Абай аудандық прокуратурасы күні кеше ғана мобилді топ құрып, іздестіруді күшейтеді. Нәтижесінде 15 жасар қыз сонау Мақтаарал ауданынан табылды. Белгілі болғаны жеткіншекті аналық құқығынан айрылған өз шешесі алдап, шалғай ауданға шақырып алған екен. Тойханада жұмыс істеп жүрген жасөспірімді бір жігіт ұрлап әкеткен. Құзырлылар бұдан анасының хабары бар дегенді айтады.

Ермек АЙТЫМОВ, ОҚО Абай ауданы прокурорының орынбасары:
- Бұл қыз баланың әке-шешесі ажырасқан. Бұл қыз баланы Мақтарал ауданына шешесі алдап шақырған. Ұялы телефон алып қойдым, соны келіп алып кет деп. 24-ші қазанда бұл қызды сол Мақтарал ауданының азаматы 20 жастағы азаматтық неке құру жағдайы бойынша ұрлап, жыныстық қатынасқа түскені анықталып отыр. 
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, қазір ұсталған жігіттің үстінен екі бірдей қылмыстық іс қозғалып отыр. Оның бірі адам ұрлау фактісі болса, екіншісі кәмелетке толмаған қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі. Айыпталушы бозбала енді 5 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін. 
Қазір жәбірленуші қаршадай қыз әкесінің қарауында. Бірақ отағасы болған жайды айтып беруден бас тартты. Онысы түсінікті де.  Тек, көңілге қаяу салатыны, соңғы кезде қоғамда жиіркенішті нәпсіқұмарлық белең алып барады. Соған қарап, адамдықтың өлшемі ада болып бара ма деген ойда қаласыз! 
tv7.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста