Ислам қағидалары жөнінде дәріс керек

Ислам қағидалары жөнінде дәріс керек

Ораза айында Біріккен Араб Әмірлігінің беделді Шаржа әмірлігі денсаулыққа зиян әдетпен күрестің тиімді түрін ұсынуда. Ондағы Ислам жөніндегі департамент қасиетті айда шылым шегуден бас тартып, есесіне, бір ай бойына дін бойынша дәріс алғандарға арнайы сыйақы тағайындап отыр. Әрине, барша мұсылман қауымына рухани тазаруға, күнәдан арылуға мүмкіндік беретін мұндай кезеңде «екі оқпен бір қоянды атқысы» келетіндерді аталған бәйге ынталандыра түсері сөзсіз. Ендеше, бұл тәсілді неге бізде де пайдаланбасқа?.. Мәселен, былтыр темекімен күрес бағдарламасына бюджеттен 54 миллион теңге бөлінген екен. Ал ол тиімді нәтижеге қол жеткізді ме? Оны дөп басып айту қиын. Дегенмен статистикаға сенсек, елімізде, керісінше, шылымқорлардың саны жыл сайын арта түспесе, кемімепті.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, ХХІ ғасырда жер бетінде 1 миллиардқа жуық адам темекі шегудің салдарынан туындаған аурулардан көз жұмған. Ал әлемде сағатына шылым шегудің кесірінен 560 адам көз жұмса, оның үшеуі Қазақстан азаматтары болып табылады. Еліміздегі 29 бен 59 жас аралығындағы еңбекке жарамды, қалалық жерлерде тұратын ер адамдардың 62 пайызы және ауылдық жерлерде тұратындардың 65 пайызы көк түтінге әуес. Сондай-ақ қалаларда туу жасындағы әйел адамдардың 8 пайызы, ауылда тұратындардың 7 пайызы темекі тартуға машықтанған.
Қазақстанда темекі өндіретін бір өнеркәсіп жылына 18 миллиард дана шылым шығарады, ал елімізге сырттан 3 миллиард дана темекі тасымалданады. Ресми мәліметтер бойынша, 16 миллионға жуық халқы бар Қазақстанда жыл сайын 25 мың адам шылымқорлық салдарынан туындаған аурулардан көз жұмады екен. Соған қарамастан, жыл сайын елімізде өмірге қатерлі бұл өнімді тұтынушылар қатары өсу үстінде. Оған ғаламдық темекімен күрес бірден бір ықпал етіп отыр. Бұлай дейтін себебіміз, дамыған елдердегі мұндай күрес түрі өз тиімділігін танытып, залалы зор аталған өнім түрінің «үшінші мемлекеттердің» нарығына жаппай үдере көшуіне әсер еткен. Сондықтан да болар, темекімен күрестің аса қажеттілігін бүгіндері біздің билік түсініп отыр. Мәселен, 2008 жылы осы мақсатқа бюджеттен бар-жоғы 3 миллион теңге бөлінсе, 2009 жылы ол 54 миллион теңгені құраған. Яғни бір жылдың ішінде денсаулыққа аса қатерлі өнімді тұтынумен күреске бөлінген қаржының көлемі 18 есеге өскен. Демек, бұл бағыттағы іс те жандана түсуде. Былтыр жыл соңында күшіне енген заң бойынша Қазақстанда қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салынған болатын. Сол секілді «2008-2011 жылдарға арналған Алматы – темекі түтінінен азат қала. Азиада–2011» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осындай ауқымды шаралармен қатар темекінің зияндылығы жөнінде әлеуметтік бейнероликтер, деректі және мультипликациялық фильмдер, компьютерлік ойындар жасалып жатыр. Бұл ретте, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы көп іс атқаруда деп айтуға болады. Қалай дегенмен де, аталған нарықтағы шылым көлемінің арта түсуі бұл бағыттағы күресті күшейтуді қажет етеді.
Ал Шаржа әмірлігінің Ислам жөніндегі департаменті жариялап отырған бәйге сыйақысының көлеміне келер болсақ, бірінші орынға – 2700 $, екінші орынға –1350 $, осы бәйгеге қатысқан тағы сегіз адамға ұялы телефон тағайындалған екен. Шарт бойынша бұл жүлдеден дәмелілер бір ай бойына ислам қағидалары жөнінде дәріс алып, апта сайын темекі шекпейтіндігін айғақтайтын медициналық сараптамадан өтіп отыруы керек. Міне, өзінің сыйақысымен тартымды, темекі тастауды міндеттейтін тәсілімен тиімді бұл жүлдені неге бізде де пайдаланбасқа? Бұл туралы мамандар не ойлайды?

Оңғар қажы ӨМІРБЕК, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз хатшысы:
– Жаяу мен аттыны салыстыруға келмес. Өйткені Бірікен Араб Әмірлігінде дін саласына, оған қатысты ведомстволарға бюджеттен көп ақша бөлініп отырады. Ал біз бюджетке қарамаймыз. Өз ақшамызға шығаратын айналдырған бір газет пен журналымыз бар, бірақ оны да тендерге қатыстырмайды. Бірақ соған қарамастан, жылда демеушілер тауып, түрлі шаралар өткізуге тырысып жатамыз. Мәселен, биыл 30 мың доллар қаржылық демеушілік танытқан адамды таптық. Оған «Қазақ әдебиетінде» ислам жөніндегі өлеңдерді көбейту мақсатында осы тақырыпқа ораза басталғанға дейін деп мүшәйра жариялаған болатынбыз. Бірінші орынға ие болған – қасиетті айда үлкен қажылыққа, екінші орынды иемденген кіші қажылыққа баруға мүмкіндік алады. Ал үшінші орынның сыйақысы – 1000 $, сондай-ақ 50 мың теңге көлемінде ынталандыру сыйлықтары да болады.
Әрине, дінді насихаттау жағынан Араб елдері бізден көш ілгері. Сондықтан осыған қатысты оларда көп мәселе туындай бермейді. Араб елдері кешенді мәселелерді еңсеріп, енді шағын мәселелерді шешуге көшкен. Ал бізде осының бастапқысы да толыққанды жүзеге асырылмай жатыр. Әрине, темекімен күреске біздің атсалысқымыз келеді. Қандай да бір қаржылық мүмкіндік туындап жатса, бізге бұл идеяны іс жүзінде жүзеге асыруға әбден болады деп есептеймін.

Сұңқар УӘЛИХАН, Алматы қаласының тұрғыны (шылымқор):
– Меніңше, бұл акция түпкі мақсатына толықтай қол жеткізе алмайды. Сол себепті оны уақытша арзан жарнама деп бағалар едім. Мәселен, біреулер сол кезеңде ғана темекіні тастап, сыйақысын алып алғаннан кейін ол жаман әдетін қайтадан бастап кетпесіне ешкім кепілдік бере алмайды ғой. Мен темекіні қойсам да, оны бірнеше рет қайтадан қолыма алған адаммын. Компьютерге түскен вирус секілді ол – жадыңызда жатталып қалатын әдет, сондықтан темекі тастау көпшілікке қиынға соғады. «Ал діни уағыздар арқылы жадыдағы осы зиянды ақпаратты өшіріп тастау мүмкін бе?» Оған нақты жауап бере алмаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста