Гомосексуал деген азғындық па, әлде ауру ма?

Гомосексуал деген азғындық па, әлде ауру ма?

Кеңес заманында кездесе қоймайтын, болса да сыртқа сездірмей өздерімен өздері жүретін гомосексуал дегендер бүгінде көбейіп кетті, жәй көбеймей, енді олар қоғамның назарын өздеріне аударып, шерулерге шығып, өз құқықтарын кеңейтуді талап етіп, жеке клубтарын ұйымдастырып дегендей нақты әрекеттер жасауда. Гомосексуал дегендер қайдан шығады, бұл ауру ма, әлде азғындық па?

Самскара ғұрпының астарындағы ақиқат

Индустарда ежелден келе жатқан Самскара деген ғұрып бар. Өкінішке орай, бұл ғұрып қазіргі күні өз мәнін жойып, халық санасынан ұмытыла бастаған. Самскара ғұрпының мәні неде? Енді соған тоқталайық. Ертеде индустарда үйленген жас жұбайлардың бәрі міндетті түрде Самскара ғұрпын ұстанып, сол рәсімнен өтетін болған.

Бұл үшін жас жұбайлар некесі қиылған сәттен бастап Құдайға құлшылық етіп, белгілі уақыт ауыз бекітіп, діни шартты ұстанады. Ол 10, 20 болмаса 30 күнге созылуы мүмкін. Сонша күн бірлесе Құдайға құлшылық еткен екі жас дін қызметкері – брахманның айтуымен астрологиялық күнтізбе бойынша сәтті күндердің бірінде кешкілік Жаратқаннан бірлесе ұл, не қыз тілеп, төсекке жататын болған. Міне, осындай діни ғұрыпты ұстану арқылы бойға біткен бала өте ақылды, ұстамды, тақуа және қайрымды, денсаулығы мықты болып туған. Қызығы сол, Самскара ғұрпын ұстану арқылы адамдар Жаратқаннан қалаған перзентін алатын болған.

Самскара шартының астарындағы ақиқат мынау: ерлі-зайыптылар қосылғанда тек тән ләззатына бөленіп, нәпсілерін қанағаттандыру үшін емес, Жаратқанға сеніп, қызмет ететін тақуа, иманды перзентті дүниеге әкелу ниетін саналарына сіңірген. Яғни, төсек жақындығының өзі Самскара ғұрпы арқылы нәпсіні қанағаттандыру емес, Құдайға құлшылық ету рәсіміне ауысып, табиғатын өзгертеді. Осылайша бұл адамды нәпсі арқылы күнаға итермелейтін әрекеттен, күнадан тазартып, Жаратқанға жақындататын құлшылық ету әрекетіне айналады.

Бар азғындықтың бастауы – нәпсі

Енді бүгінде Батыс елдерінде белең алып, тіпті мемелкеттік дәрежеде заң арқылы мойындалған, ерлі-зайыпты ретінде заңды түрде тіркеліп, бала асырап алуларына да рұқсат етілген гомосексуал, жалпақ тілмен айтқанда гей дегендердің қайдан шығатынына назар аударып көрелік. Жыныс жақындығын нәпсіні қанағаттандыратын күнаға құлататын теріс әрекеттен Құдайға құлшылық болып табылатын иманды әрекетке ауыстыратын Самскара ғұрпы сақталмаған жағдайда, ер мен әйел дүниеге қандай бала, қандай жағдайда келетінінен мүлдем бейхабар болады.

Қазір адамдар хайуан сияқты кез-келген сәтте, кез-келген жағдайда жыныс жақындығына баратын болды. Ол астрологиялық күнтізбе бойынша сәтті күн бе, сәтсіз күн бе – оған ешкім, ешқашан назар аудармайды. Ер мен әйелді, оның ішінде ерлі-зайыптыларды табыстыратын жалғыз күш – нәпсі. Есі-дерті нәпсіні қанағаттандыруға ауған, болашақ сәби туралы еш қаперіне алмайтын ерлі-зайыптылардың төсек жақындығынан пайда болған балада нешетүрлі ауытқушылықтар орын алып жатады. Дүниеге кемтар болып келетіндер, түрлі жазылмас дертпен туатындар, ақырсында геи, лесбиянка деген белең алған азғындық дерттердің шығуы – бәрі сол ауытқушылықтардың әсері.

Геи – бұл психикалық дерт

Гомосексуал, яғни геи дегендер тәні еркек, бірақ мінез-құлқы әйел адамдар. Тәні еркек болғанымен, олар өздерін әйел сияқты сезінеді және әйелдерге жақын жүріп, соларша сөйлеп, соларша киінгілері келеді. Ақшалары болса, ондайлар бүгінде хирургиялық ота жасатып, әйелге айналады. Ал ақшасы болмаса еркек тәнімен жүрсе де, әйел сияқты әрекет етеді.

Енді осы дерттің түпкі негізіне назар аударалық. Веда ілімінің негізі саналатын Шримад Бһагаватам кітабында Жаратқан екі бастаудан тұрады дейді. Біріншісі – ер басауы, ол – Жаратқанның қуатының 75 пайызын құрайды. Екіншісі – әйел бастауы, ол Құдайдың қуатының 25 пайызын еншілейді. Бұның өзін аспан денелерінде болатын екі магнит өрісімен, немесе полюсімен салыстыруға болады. Оң полюс, сол полюс. Екі оң полюс кездескенде, бірін бірі тебеді, ал оң және теріс полюс кездессе, бірін бірі тартады.

Інжілде Құдай адамды өзіне ұқсатып жаратты деген аят бар. Құдайдың кішкентай көшірмесі іспетті адамның да екі бастауы бар: ер және әйел бастау. Ер адамның тәнін алғанда ер бастауға, яғни оң полюске ие болатын пенде, әйел тәнін алғанда әйел бастауға немесе теріс полюске ие болады. Дегенмен де, бұл заңдылық барлық уақытта сақтала бермейді. Егер пенде Жаратқанның заңымен жүріп, күнадан аулақ өмір сүрсе, ондай ерлі-зайыптылардың ұрпақтарында ауытқушылық орын алмайды.

Үйленгенде жалғыз мақсатпен: нәпсіні қанағаттандыруды ғана ойлайтын бүгінгі пенделердің арасында ұрпақтарының ауытқушылығы жиі орын алып жатса, оған еш таңырқауға болмайды. Алланың заңын немесе ғылым тілімен айтқанда табиғат заңын бұздыңыз екен, міндетті түрде оның теріс салдарына ұшырайсыз. Сырдария мен Амудария өзендерінің суын дұрыс пайдаланбай, көрінген жерге бөгет салып, су қоймаларын жасаған кеңес заманында шалқыған Арал теңізі суалып, кеуіп қалды. Бұл – табиғат заңын бұзудың салдары екені анық.

Ал бүгінде тәні еркек, өздерін әйел сезініп, беттерін опалап, еріндерін бояп, миниюбка киіп, еркектерге қылмыңдайтын геилер де сол кеуіп қалған Арал сияқты – табиғат заңын бұзудың «жемістері». Олар уақыт өткен сайын көбейіп барады және көбейе бермек. Өйткені, адам атты саналы пенделер мұндай азғындықтың түпкі себебін анықтап, оны жоюды ойлап жүрген жоқ, керісінше, сондайларға заң арқылы жол ашып, одан әрі таралуына жағдай жасауда. Яғни, бұл қатерлі дерт болашақта одан әрі таралып, барша әлемді жайлап алатыны анық.

Түйін: Гей деп аталатын азғындықтың айқын көрінісі болып отырған психикалық дертті жою үшін адамдар ұмытыла бастаған ежелгі индустар қолданған Самскара ғұрпын жандандырғандары жөн. Бұл ғұрып бүгінде хайуан деңгейіне дейін түсіп кеткен нәпсіге құл болған адамдарды нағыз АДАМ дәрежесіне көтеріп, АЛЛАНЫҢ адал құлына айналдырады және азғын ұрпақтың таралуына сенімді тосқауыл қояды.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста