Гитлер мен Молотовтың кездесуі

А.Гитлер мен В. Молотовтың кездесуі (Берлин, 1940 жылдың қараша айы)

«Басқыншы Үштіктің» құрылуы
1940 жылы Германия Англиямен қызу шайқастар жүргізіп жатқан күндердің бірінде, 26 қыркүйекте Германияның Мәскеудегі елшілігінің жауапты қызметкері К. Типпельскирх В.М. Молотовқа жолығып, Германия, Италия және Жапония арасында Үштік пактіге қол қойылатынын хабарлады. Бұл хабар Сталин мен Молотов үшін жаңалық емес-тін, өйткені Токиодағы кеңес барлаушысы Рихард Зорге осыдан бес күн бұрын үш елдің одақтастық пактісін жасайтынын және оған қосылуға Кеңес Одағын тартуға тырысатынын хабарлап қойған болатын. Бұл кезде Кеңес Одағының басшылары Германияның кеңес жағымен санаспай, Венгрия мен Румыния арасындағы территориялық дауға араласып, Венгрияны қолдағанын ұнатпай отырған еді. Сондықтан Молотов Риббентроптың атынан айтылған хабарға рақмет айтқан соң, іле-шала Германия «Өзара шабуыл жасаспау туралы» келісімнің 3-бабын бұзды» деген айып тақты (1939 жылғы 23 тамыздағы келісімнің 3-бабы бойынша, екі ел олардың ортақ мүдделеріне тиісті мәселелерді қозғағанда, бір-бірімен кеңесіп отыруға тиісті болатын). Демек, Германия мен Кеңес Одағы арасындағы қатынастарға салқындық сызаты түсе бастаған еді.

Германия, Италия және Жапония арасындағы Үштік пакт 1940 жылы 27 қыркүйекте жасалды. Келісімнің мәтіні қысқа ғана, алайда мақсаты тым зор-ақ, ол осы үш басқыншы мемлекеттің бүкіл дүниежүзін ықпал аймағына бөлісу жобасы болатын. Келісім бойынша Еуропада Германия мен Италияның, ал «Ұлы Шығыс Азия кеңістігінде» Жапонияның ықпалы орнауға тиісті болды. Осы келісімнің 5-бабында «Германия, Италия және Жапония бұл келісім оған қатысушы үш мемлекеттің әрқайсысының Кеңес Одағымен арадағы қазіргі кезеңдегі қалыптасқан саяси қатынастарға әсерін тигізбейді», – деген жолдар болды. Бұл Германияның Кеңес Одағымен 1939 жылы тамызда басталған қатынастарын жалғастыруға ниеттеніп отырғанын көрсетті.

Германияның сыртқы істер министрі Риббентроп сол жылдың 13 қазанында Сталинге хат жолдады. Хатта Кеңес Одағының осы Үштік пактіге қосылу және дүниежүзін ықпал аймағына бөлісуге қатысуы туралы ұсыныс жасады. Риббентроп хатын: «Фюрердің пікіріне сәйкес төрт державаның тарихи міндеті, олардың ұзақ мерзімді саяси мақсаттарын өзара келісу және әрқайсысының ықпал аймақтарын анықтай отырып, өз халықтарының болашағын дұрыс жолға бағыттау екендігін айтқым келеді. Егер Молотов мырза біздің халықтарымыздың болашағы үшін шешуші маңызы бар мәселелерді талқылау ниетімен Берлинге арнайы сапармен келетін болса, біз аса разы болып қалар едік. Империялық үкімет атынан, мен оған шын жүректен шақыру жолдаймын. Мен өзім арнайы сапармен Мәскеуге екі мәрте барып келгендіктен, Молотов мырзаны Берлинде көру маған айрықша жағымды әсер қалдырары сөзсіз. Сонымен қатар бұл сапар Фюрердің екі елдің арасындағы қатынастардың болашақтағы даму сипаты туралы өзіндік пікірін Молотов мырзаға тікелей айтуына мүмкіндік берер еді», – деген сөздермен аяқталды. 21 қазанда В. Молотов Германияның елшісі В. Шуленбургке Сталиннің жауабын тапсырды. Сталин: «біздің елдеріміздің арасындағы қатынастарды одан әрі жақсарта түсу өзара ұзақ мерзімді мүдделеріміздің шегін анықтауға негізделуге тиісті», – деп мәлімдеді. Келіссөздер жүргізу үшін Кеңес өкіметінің өкілдері Берлинге келетін болды.

Молотовтың Гитлермен кездесулері
1940 жылдың қараша айында осы мәселенi талқылау үшiн Берлинге КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы В.М.Молотов басқарған делегация келдi. Делегация құрамында 65 адам болды, соның ішінде екі халық комиссары, бес халық комиссарларының орынбасарлары бар. 12-13 қарашада В. Молотов Герингпен, Гесспен, Риббентроп пен және Шуленбургпен жеке-жеке кездесті. В. Молотов пен Гитлердің арасында екі рет кездесу болды. Кеңес Одағының Үштік пактіге қосылуы туралы мәселе, негізінен, Молотовтың Гитлермен және Риббентроппен кездесулерінде талқыланды. Гитлер сөзін сол кездегі екі елдің жағдайын суреттеуден бастады: «Қазіргі сәтте Германия соғысып жатыр, ал Кеңес Одағы соғыс жағдайында емес... Осы соғыстан кейін тек Германия ғана емес, Ресей де үлкен табыстарға жетеді. ...Егер осы екі халық бірлесе әрекет жасаса, үлкен жетістік болатыны сөзсіз, егер олар бір-біріне қарсы шықса, онда үшінші біреу жеңеді». Молотов Гитлердің бұл мәлімдемесін дұрыс деп табады және оның дұрыстығын тарихтың өзі дәлелдеп отыр дейді. Гитлер екі елдің арасында болашақта жалғаса беретін қарым-қатынастардың болуын қамтамасыз ету керек деп санайды. «Болашақ даму мәселесін бірлесіп шешу екі халықтың да мүдделеріне сәйкес келеді. ...Азияда Германияның ешқандай мүдделері жоқ екенін бірден-ақ ескерткім келеді. Өйткені ол аймақтың болашағы Жапонияға қатысты шешіледі. Ақылдың тезіне салсақ, Азияда еуропалық мемлекеттердің отарлар иеленуіне жол бермейтін халықтық күштер бас көтеруі мүмкін. Ал Еуропа мәселесіне келсек, онда біз Ресейге, Германияға және Италияға теңізге шығу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет», – дейді ол. Гитлердің ұзаққа созылған сөзінде «АҚШ Англияға көмек көрсетейін деп отырған жоқ, ол Англияның отарларын басып алғысы келіп отыр» деген ойлар да айтылды. Молотов Үштік пактінің Кеңес Одағы үшін қандай маңызы бар екенін және осы келісімде аталған Ұлы Шығыс Азия кеңістігінің шекаралары қандай болатынын, «Еуропадағы жаңа тәртіп» дегеннің мәнін сұрады. Сонымен қатар ол мемлекеттік мүдделер тұрғысынан қарағанда Қара теңіз бен Балқан, Румыния мен Болгария, Түркия туралы өзекті мәселелерді де қарастыру қажеттігін ескертті. Гитлер Кеңес Одағы өзінің Еуропадағы және Ұлы Шығыс Азия кеңістігіндегі мүдделерін анықтауға тиісті екендігін ескертті.

Риббентроп 13 қарашадағы кездесуде Германия, Италия, Жапония (Үштік пактіге қол қойған елдер) және Кеңес Одағы арасында ынтымақтастық келісімін жасау мәселесін көтерді. Ол төрт баптан тұратын келісім жобасын және оған қосымша құпия хаттама жасауды, сол хаттамада Кеңес Одағының мүдделерін көрсетуді ұсынды. Жоба «Үштік пакт мемлекеттерінің: Германияның, Италияның және Жапонияның Үкіметтері бір жағынан, КСРО Үкіметі – екінші жағынан, өздерінің Еуропадағы, Азиядағы және Африкадағы мүдделерінің табиғи аймақтарында барлық мүдделі халықтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіншілік беретін жаңа тәртіп орнату және осы мақсатқа жету үшін өзара ынтымақтасудың мызғымас іргетасын жасау ниетімен былайша келісті» деген сөздермен басталған. Жобада аталған төрт мемлекеттің ықпал аймақтарындағы мүдделерін өзара құрметтейтіні, Германия, Италия және Жапония Кеңес Одағының қазіргі шекараларын мойындайтыны және құрметтейтіні атап көрсетілді. Төрт мемлекет осылардың біреуіне қарсы бағытталған мемлекеттер одағына қосылмауға және қолдамауға міндеттенеді. Жобада қосымша екі құпия хаттама болуға тиісті. Біріншісінде, төрт мемлекеттің әлемдегі ықпал аймақтары көрсетілді. Кеңес Одағының ықпалы «Ұлы Шығыс Азия кеңістігінің» Үнді мұхитына дейін созылып жатқан оңтүстік бөлігінде (Ұлыбританияның иеліктері орналасқан аймақ) орнауға тиісті. Бұл ұсыныс Гитлердің Кеңес Одағын Англияға қарсы айдап салуға тырысқанын көрсетеді. Ал Кеңес Одағын Азияның оңтүстік-шығысындағы жерлер қызықтырған жоқ, ол Парсы шығанағы ауданы мен Еуропадағы ықпал аймағын кеңейткісі келді. Екінші құпия хаттамада Түркияны саяси ынтымақтастыққа шақыру, Кеңес Одағына Қара теңіздің бұғаздарына соғыс-теңіз күштерін емін-еркін өткізуге құқық беру туралы мәселе көтерілді. Молотов Гитлердің ұсыныстарын Сталинге жеткізіп, кейін бірлесе отырып жауабын беретін болды да, елге қайтты.

Іске аспай қалған «Төрттік одақ»
26 қарашада Молотов Шуленбургке Кеңес Одағының жауабын тапсырды. Құжаттың мәтініне көз жіберейік:
«КСРО Риббентроп мырзаның В.М. Молотовпен 1940 жылдың 13 қарашасында Берлинде болған кездесуде ұсынған төрт мемлекеттің саяси ынтымақтастық және өзара экономикалық көмек туралы төрт баптан тұратын пактісін мынадай шарттар орындалған жағдайда, негізінен, қабылдауға келіседі:

1. 1939 жылғы кеңес-герман келісімі бойынша КСРО ықпал аймағы болып табылатын Финляндиядан герман әскерлері дереу шығарылады, соған орай КСРО Финляндиямен бейбіт қатынастар орнатуға және Германияның Финляндиядағы экономикалық мүдделерін (ағаш, никель алу) қамтамасыз етуге міндеттенеді.

2. Алдағы уақытта КСРО-ның қаратеңіздік шекараларының аймағында жатқан Болгария мен КСРО арасында өзара көмектесу туралы келісім жасау арқылы КСРО-ның Бұғаздардағы қауіпсіздігі дереу қамтамасыз етіледі және Босфор мен Дарданелл аудандарында ұзақ мерзімді жалға беру негізінде КСРО әскери-теңіз базалары құрылады.

3. Батуми мен Бакуден оңтүстікке қарай Парсы шығанағы бағытында жатқан аудандар КСРО-ның мүдделі аймақтарының орталығы ретінде мойындалады.

4. Жапония Солтүстік Сахалиндегі өзінің концессиялық құқықтарынан әділетті төлем негізінде бас тартады».
Құжатта осы өзгерістерді Риббентроп ұсынған құпия хаттамаларға кіргізіп, жобаға өзгерістер енгізу мәселесі айтылды. Егер Түркия төрт мемлекет келісіміне қосылудан бас тартса, онда осы мемлекеттер Түркияға қарсы әскери және дипломатиялық шаралар қолдану туралы арнайы келісім жасауға тиісті деп көрсетілді.

1941 жылдың 23 қаңтарында Германиядан жауап келді. Онда Германия үкіметі Молотовқа Берлинде айтылған идеялардан бас тартпайтыны, ал Кеңес өкіметінің ұсынысын Италиямен және Жапониямен бірлесе отырып талқылаған соң, қайтадан саяси келіссөздерді жалғастыратыны туралы айтылды. Алайда бұл «шығарып салма» жауап еді. Өйткені Кеңес өкіметінің ұсыныстары Гитлерге ұнамады. Осылайша, екi жақ ықпал аймағын бөлiсу мәселесiнде келiсе алмады. Гитлер алдын ала жасалып, дайын тұрған «Барбаросса» жоспарын түпкілікті бекітіп, 18 желтоқсанда қол қойды.

Үштік пакт Шығыс Еуропаның ұсақ мемлекеттерінің есебінен кеңейтілді, оған 1940 жылы қарашада Румыния, Венгрия, Словакия, 1941 жылы наурызда Болгария қосылды.

1941 жылы наурызда Югославия үкiметi Германиямен одақтасу туралы келiсiм жасады. Бұған наразы болған Югославия әскери басшылары мемлекеттiк төңкерiс жасады да, келiсiмдi бұзды. Германия көкек айында Югославияға қарсы шабуыл бастады. Немiс әскерлерi күшiнiң басымдылығын пайдаланып, Югославияны басып алды. Алайда Югославияда бiрден-ақ Қарсыласу қозғалысы басталды. Югославияның жеңiлуi ағылшындардың көмегiмен Италияның әскерлеріне қарсы шайқасып жатқан Грецияның жағдайын да қиындатты. Немiс әскерлерi Грецияның қарсылық көрсеткен соңғы күштерiн талқандады. 1941 жылы көктемде Еуропада бейтарап, тәуелсiз үш мемлекет қана қалды: Швеция, Швейцария, Ирландия. Ал Кеңес Одағы қатал сын қарсаңында тұрды...

 * мақалада пайдаланылған құжаттардың барлығы Германияда басылып шыққан Akten zur deutschen auswдrtigen Politik жинағының 11-томынан алынды.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста