Георгий лентасы мектептерді тағы да шулатып жатыр

Георгий лентасы мектептерді тағы да шулатып жатыр

Бізде жыл сайынғы келетін Жеңіс күні мерекесі қарсаңында осындағы өзге ұлттың өкілдері бір шулап қалмаса, түн ұйқысы төрт бұзылып, мазасы қашатын секілді.

«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» дегендей, даудың басы баяғы сол күні көңілі көк тірегендей болып, кеудесіне тағып шығатын георгий лентасы. Ресей ресми түрде өзіне меншіктеп алған осы мереке жақындағанда бұл жұрт тағы да ескі әдетіне басып, ұлардай шулап жатыр. Жақында бір топ ана-аналар өздері сенетін осындағы орыс тілді газетке «Біздің балаларымызға георгий белгісі бар көгілдір лента тағуға міндеттеп жатыр. Әйтпесе жазалайтын көрінеді. Жоғарыдан сондай бұйрық бар дейді» деген ешбір фактісі жоқ, өсекке толы долы хаттарды бірінен соң бірі редакцияға тоғытып жатқан көрінеді. Хат жазбағандары телефонға маза бермепті.

Газет журналистері де жылдам екен. Дереу облыстық білім басқармасына телефон шалып, сан сұрақтың астына алады. Орыс тілді газеттен хабарласса, біздің шенеуніктен не жан қалсын, өзге шаруасын тастай сала, дереу жауап береді. Сондағысы: «Біз ондай бұйрық берген жоқпыз. Жеңіс белгісін не тақсын, не тақпасын деген талап жоқ. Оның қандай түрін тағу туралы да талап етпейміз», - деп ақталып бағады.

«Е, бәсе» деп газет бір қуанып қалады. Сөйтеді де «Демек, қандай да отбасы қандай лента тағуды өздері шешеді екен ғой. Тіпті тақпаса да болатын көрінеді», - деп бір қуантып тастайды.

Ал біз ойлаймыз. «Осы біздің шенеуніктер неге ылғи көлеңкесінен қорқады да жүреді», - деп. Ау, «өздері біледі» деп ары итеріп, бері жығып, жалпақшешейлікке салынбаса, біреу жылы орнын тартып ала ма? Әлгі ата-аналардың өздерінше шала бүлініп, өтірік дабыл қағуынының астарында өзіміздің көгілдір лентамызды таққысы келмей қасарысқандық секілді арам пиғыл жатқандығын байқаудың несі қиын? Осындайда қисыны келіп тұрғанда, ешкімге жалтақтамай-ақ: «Бізде өзіміздің тәуелсіз ел есебінде белгілеген Жеңіс белгісі бар. Оқушылар соны тағып шықса жарасып кетер еді. Анау Мәскеу бекіткен лентаға қарап қалған күніміз жоқ. Біздің ұстанымыз осындай», - десе орынсыз пәле іздегендердің аузына құм құйылмас па еді? Жоқ, ондай қисынды да төте жауап беруге батылымыз жетпей, страустай басымызды құмға тығып, «Сен тимесең, мен тимен, бадырақ көз» деген пиғылмен ығайлы да қауіпсіз өмір сүруді дағдыға айналдырдық па? Сонда тәуелсіз елдің ұлттық нышандарын кім насихаттайды? Өскелең ұрпақты патриоттыққа кім баулиды? Орысша айтқанда «Пушкин ба?».

Abai.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста