Ғайша жеңгейден "гейша" деңгейге …

Ғайша жеңгейден "гейша" деңгейге …

«Ғайша жеңгей сүйген жарын аттандырды майданға…» деп келетін поэма жолдары есіңізде болар. Солардың ішінде тіпті жар қызығын бір-ақ түн көріп үлгергені де бар, ертесі... қу соғыс... Үш жыл, бес жыл, тіпті, өмір бойына қара қағаз алмаған соң күйеуінен күдерін үзбей күте берген Ғайша жеңгейлердің заманы кеткелі қашан?.. Бірақ… бүгінде соғыссыз-ақ бейбіт күнде сүйген жарын әр күн, әр түн сайын тосумен өмірі өтіп келе жатқан да жеңгейлер бар.

Отағасының көзін оттай жандырып, бәйбішелерді бүйі шаққандай шоршытып түсірсе де, тоқал тақырыбы бүгінде күйіп тұрғанын мойындамасқа шара жоқ. Заң рұқсат бермейді ғой, әйтпесе... Бірақ оған қарап жатқан кім бар, шындап келгенде, қазір көптеген ер азаматтардың екі, тіпті үшеуден әйелдері бар. Бірақ солардың көрген күні қалай? Мойындау керек, көптеген кіші жарлардың күйеуі оларға күндіз бір мезгіл «қашып-пісіп» соғып кеткені болмаса, бәйбішенің және басқа да өзінің туыс-тумаларының бәріне жария түрде алып жатқандары шамалы... Ендеше, бүгінгі тоқал кім?

Ол – «гейша»
Иә, иә, қағыс естіген жоқсыз. Кәдімгі жапон мәдениетінің бір бөлшегі саналатын гейша. Қазаққа оның не қатысы бар дейсіз бе? Олай болса, құлақ салыңыз. Біз ойымызды барынша түсіндіріп көрелік.

Баяғыда...
жапон гейшалары тап осындай күй кешкен екен. Әлем мәдениетінен хабардар жандар біледі, гейша – әр күні мен түнін әркіммен өткізетін жезөкше емес. Гейшалардың тұрақты азаматтары болған. Ол азамат өз жұбайын жылатып тастап кетпей, оны өз үйінің отанасы ете отырып, «екінші жарын» осы бір арнайы орыннан тапса керек. Және тек тояттау үшін емес, кәдімгідей гейшаға арнайы уақыт бөліп, онымен қыдырып, ішкі сырларымен бөлісіп, тіпті ақыр аяғында сағынып, құштарланып, көрмесе тұра алмайтын халге жеткендері де аз емес. Тіпті, ерлі-зайыпты ретінде саусақтарына сақина таға алмаған соң, оның орнына екеуі бірдей қылып алақандарына арнайы сурет немесе таңба салдырғандар да болыпты. Яғни, гейша жезөкше емес деп отырғанымыз да сол, олар ер азаматтың терең сезіміне ие болған және өзі де ақшаның құлы емес, жүрегінің әміріне құлақ түрген. Және жапон жұрты гейшалары әрбірден алғанда әуелі ер азаматты өзіне бір қарағаннан қалай арбап алуға болатынынан бастап, ерді сыйлау, оған дәмді ас әзірлеп, тәтті әңгіме айтып, қысқасы нәзіктікпен ғана білдірмей тас қып байлап алудың сан құпиясына арнайы «оқытқан».

Ал енді қазіргі қазақ тоқалдарының да күйіне үңілсек... Олар да жеңіл жүрісті емес. Тек... тағдырдың тәлкегімен жүрегін отбасылы азаматқа ұрлатқан. Ол да мұны о бастан «бойдақпын» деп алдамаған. Сондықтан екеуі өзара келісіп, мешітке некелескен, бірақ заңды түрде ерлі-зайыпты емес. Мен бұл жерде біреуді жақтап, не даттап, осы дұрыс деп отырғаным жоқ, тек қазіргі кезбе көзбен көргенімді тарзылаудамын. Таяуда ғана тұрмыс құрған тележүргізуші Маржан СҰЛТАНБАЙ осыдан біраз ғана бұрын аз-кем тілдескенімізде, осы тұрғыда өз пікірін білдіріп қалған болатын. Журналист қой, бүгінде ұлт демографиясына алаңдайтын ол бұл мәселенің қыр-сырын біраздан бері «зерттеп» жүрсе керек:
– Біз қазір тоқал мен «любовницаны» айыра алмай жүрміз. Қазақта тоқалды бәйбішенің өзі таңдап алып берген. Яғни, ол салтымызда бар нәрсе. Бүгінгідей «қашып-пісу» деген ар-ұят саналған және аядай ауылда олай ету тіпті мүмкін емес еді. Сондай-ақ екінші әйелді алудың да жөн-жобасы болды. Біріншіден, әмеңгерлік жолмен, яғни, іні өлсе аға келінге, аға өлсе, інісі, яғни, қайнысы жеңгесіне еге болған. Мұндағы ізгі ой – бір атадан тараған ұрпақты далаға қаңғыртып жібермеу. Ол кәдімгідей сүйекке таңба саналған. Сондай-ақ тоқалды жағдайы келетін, яғни, екі отбасын материалдық тұрғыдан толықтай қамтамасыз ете алатын ауқатты адамдар алған. Ал қазір қалтасы тесік те өзінше «екінші әйел» алғыш. Және бұрынғыдай жетім-жесірге қарасу мақсатында емес, жап-жас он екіде бір гүлі ашылмаған қызды. Сосын ол қыз не басқа біреуге кете алмай, не бұл азаматты «өзінікі» ете алмай. Міне, мен осыған қарсымын.

Айтпағым,
«гейша» болыңдар, қыздар» деген сөз емес. Және қазақтың қыздары мен айтпай-ақ ол ахуалға ұшырап қойған. Дәл бүгінде заңды түрде некеде жоқ, бірақ басы да бос емес, яғни, «тордағы тотылардың» саны аз емес. Астында көлік, басында баспанасы бар, бірақ өзі жап-жас қыз көрсеңіз, сол баяғы самурай серіктерінің бүгінгі бейнесі деп есептесеңіз болады. Олар көп. Ал енді кәдімгі бәйбішемен жақсы қарым-қатынаста әрі отағасының үй іші, ата-анасын танып, оларға бәйбішемен қатар қызмет істеп отырған келіншектер кәдімгі қазақы салтпен алған тоқалдар. Бірақ олар өте аз. Яғни, біріншіден оған көп азаматтар осалдық қылып жүр, бәйбішенің алдында бүгежектеп өз жайын айта алмай, солайша бір қыздың бағын байлап жүр. Екіншіден, жағдайы келмеуі мүмкін, үшіншіден, ұят санауы мүмкін. Тағысын тағы…

P.S: Таяуда мен «Меломан» сауда нүктесіндегі кітаптарды ақтарып тұрып, «Бәйбіше», «Тоқал» деген екі кітап тауып алдым. Авторы Гүлбаһрам есімді қазақ келіншек. Өз басынан өткерген халін күнделік ретінде тізіп жазып шыққан. Құдды баяғы «Гейшаның жазбалары» немесе күнделігі іспетті…

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста