Есектің етін жеп жүрген жоқсыз ба?

Күні кеше інімнің баласы базардан ойыншық есек алып келді. Үстіне мініп алып, шапқылап мәз. Ойыншық сататын қатардан өтіп бара жатқанда осыны аламын деп жата-жастана жабысса керек. Басқа ойыншық алайық дегенде тіптен көнбей қойыпты. Оны ат деп ойласа керек, «ат қып шабамын» деп жер тепкілеп жылап тұрып алыпты. Ары-бері ат іздеп көрген екен, таба алмаған. Ақыры інім боз-боран болып жылап тұрған баласының дегеніне көнген...
Кешкісін ауылдан жамағайынымыз келді. Алдынан жүгіріп шыққан балғын «ата, менің атымды көрдің бе?» деп сүйіншілеп мәз. Жап-жаңа ойыншықты арлы-берлі қарап көрген қонағымыз «мынауың ат емес, есек қой» деді. Енді бала көңілін түсірмейік деп ат деп атап отырғанымызды айттық. «Е,е, бәсе, базарда ат ойыншық қайдан болсын? Қаншаға алдыңдар?» болды оның алғашқы сұрағы. «Екі мың теңге». «А, осыдан екі жыл бұрын базардан тірі есекті екі мың теңгеге алушы ек. Бүгінде ол да қымбаттап кетті ғой» деп бір әңгіменің ұшығын шығарды.
...Қалаға жақын тұратын жамағайынымыз мал бағып, кәсібін айыратын. Әр жексенбі сайын мал базарына барып, баға бағамын бағамдап қайту сүйікті кәсібі болатын. «Базарда баға ұшып тұр. Ірі қараны айтпағанда, ұсақ қой-ешкі де арзан емес. Ең таңқаларлығы, есектің қымбаттап кеткенін айтсаңшы. Бұрын малдың қатарына қосылмайтын, еті арам, еңбегі адал бұл тұяқтының бағасы бүгінде анау-мынау қой-ешкінің бағасымен амандаспайды. Неге екенін? Бірақ жуырда базарда делдалдық атқаратын бір танысым «есекке сұраныс артып отыр. Неге екенін білмеймін, бірақ базарға есек әкелсе де, қодығын әкелсе де тез иесін тауып кетеді. Ұзынқұлақтың айтуынша, қаланың шеткері аумағында тұратындар есек байлап сататын құсайды. Оны фарш қылып сатып, самса да жасайтын көрінеді» деп айтты деді қонағымыз. Самсаны сүйсініп жейтіндердің бірі едім, лезде аузы басымды ұшық басып бара жатқандай сезіндім. Енді самсахананың маңынан он километр ары жүретіндей болдық қой. Естігеніме сенер-сенбесімді білмей аң-таң болдым. Оның үстіне осыдан үш жыл бұрын қала маңындағы Чапаевка елді мекенінде есекке қатысты шу шыққаны есімде. «От болмаса, түтіннің де болмайтыны» хақ. Сол жылдары Бадам өзенінің бойына есектің тұяғын, сүйегін әкеп лақтырып кететіндер көбейген-тін. Есектің өлексесі емес, яғни терісін сыпырып алған соң сүйек-саяғын ғана әкеліп, суға ағызып жібереді екен. Чапаевтықтар осындай лас-қоқыстан әбден зәрезап болып, тіпті учаскелік полиция бекетіне де шағымданған. Алайда тәртіп сақшылары тарапынан тосқауыл қойылмағанына қапалы еді. Алайда қаланың шеткі аумағы болғанымен, малды антисанитарлық жағдайда сойып, сатып жатқандарға көрілер шара жоқ сияқты. Кім білген, бәлкім, есектің етін осы жерде сойып жатқан болар? Тұрғындардың «есектің етін ет тартқыштан өткізіп, фарш қылып базарда сатып жатқан шығар?» деген үрейлері де жоқ емес-тін. Қаланың қаптаған бұрышында самса сататындар қаншама? Оның ішіне қандай ет салынып жатқанын өздерінен басқа ешкім білмесе керек. Расында, кім білген, есектің етін «деликатес» ретінде ұсынып жүргендер бар шығар? Байқайсыз ба, самсаға қара бұрышты өкіртіп қосып, иіс кетіретін дәмдеуіштерді асыра салатынын? Қара бұрыш тіптен тіліңді күйдірердей. Бәлкім, еттің иісін сезбесін дейтін шығар? Мұның бәрі болжам ғана. Алайда қаңқу сөз бекерден-бекер өршімесе керек.... Бүгінде ел арасында гулеп тұрған «аңыз-әңгімелерге» құлақ түрсек, қалада жаңа кәсіптің құлағын ұстағандар, яғни есекті бордақылап сататындар көбейіпті. Мал базардағы делдалдарға сұрау салғанымызда неліктен есектің бұлай қымбаттап кеткеніне аң-таң болып жүргендерін айтты. Қымбатшылық жұмыскер жануарға да жеткен, білемін...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста