Экскурсия жетекшісі Оңтүстік Қазақстандағы киелі жерлер туралы айтты

Экскурсия жетекшісі Оңтүстік Қазақстандағы киелі жерлер туралы айтты

35 жыл бойы экскурсия жетекшісі қызметін атқарып келе жатқан Тұрсын Нұрбаева Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат ұйымдастырды, - деп хабарлайды "Время" басылымы.

Тұрсын Оспанованың айтуынша, Оңтүстегі киелі жерлерде күш беретін ерекше энергия бар екен.

"Түркиядан Қожа Ахмет Яссауи түрік болғандықтан келеді. Арабтар Укаш атаға араб болғаны үшін ағылады. Өзге елдерден де туристер келуде, олар көбіне жұмыстарымен келген жалғызбасты кәсіпкерлер. Келгендердің біразы Түркістанға барып-қайтқаннан қаржылық ахуалы көтерілгендігін айтады, меніңше олар әлдеқайда жинақы бола бастайды. Мен гид ретінде оларға тек жермен танысып, тамашалауға баратынымызды айтамын, ал барып-қайтқандардың жағдайы 100 пайызға жақсаратынын мен де, әріптестерім де айтқан емеспіз", - деп сендірді Тұрсын Нұрбаева.

Экскурсия жетекшісі Айша-бибі кесенесі мен Түркістандағы Бесік-төбе тауының сыйқыры барына сенетіндігін айтты. Ол жерде болып қайтқан әйелдердің көбі кейін нәрестелі болған. Ал Қазығұрт тауының күнәһарларды қысып тастайды деген аңызы шындыққа жанаспайды деп санайды Нұрбаева.

"Кінәсіз жандар болмайды. Мен тақуа болмасам да екі рет сол жерден өтіп шықтым. Ал үшінші ретте қысқаны соншалық аяқ-киімім жыртылып қалды", - деді ол.

Үңгіртасты Нұрбаева "сана тауы" деп атайды, ал Би Фатимаға қатысты нанымдарға соңғы 15 жыл ішінде ешкім жүгініп бармағаннан кейін сенімсіздікпен қарайды.

"Жер кіндігі деп саналтын аймақты барлығына міндетті түрде көрсетіп отырамын. Ол жерде екі ғарыштық лек түйіседі, бұл айғақ Ресей академигі Вячеслав Бронниковпен дәлелденген. Көпшілік назарын осы жерде “Бақсы” фильмі түсіргендігіне аударып отырамын" - дейді гид.

Оның айтуынша, Арыстан-баб кесенесінде әркім су толтырып ала алады.

"Су өте тұзды, бірақ микроскопиялық мөлшерде пайдалансаң емдік қасиеті бар дейді. Укаш атада көбісіне су алуға мүмкіндік жоқ. Укаш ата денесіне оқ пен пышақ дарымайтын Мұхаммед пайғамбардың қолбасшысы болған. Оның осал тұсын біліп алу үшін үйіне қарт кісі жіберілген екен. Ол әйелінен Укаш атаның әлсіз жері мойны екенін және тек намаз оқыған сәтінде өлтіре алатындығын анықтаған. Сөйтіп Укаш ата мешітте өлтірілген.

Нұрбаеваның сөзінше жұртшылық Укаш ата қаза болған жерде 23 метр тереңдікте жатқан құдықты Мекке суымен байланысы барын айтатын көрінеді.

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста