Алматы облысындағы ЛА 155/14 мекемесінің басшылығы темір торда отырғандарды аяусыз ұрып-соғып, күн көрсетпеуде. Арнамыздан араша сұраған жазасын өтеушілер осылай шағымданды. 10 ақпанда он шақты адам түрлі дене жарақат алса, екі бірдей сотталушы қарынын тіліп аурухаға түскен.
Жазасын өтеушілер мұндағы заңсыздықтар төңірегінде прокуратураға шағым жазғандарымен жетпей қалады екен. Әбден ашынған олар БАҚ өкілдерінен көмек сұрауды жөн деп тауыпты. Айта кетейік дәл осы мекемеде өтке жылы 4 жасан өтеуші көз жұмған болатын. Бұл туралы Евразия бірінші арнасы хабарлайды.
Алматы облысындағы ЛА155/14 мекемесінде тағы да шу шықты. Бұл жолы сотталушылар жаппай видео үндеу жолдады. Онда мекеме басшылығы тарапынан ар-намыстары аяққа тапталғандарын айтуда.
Жазасын өтеушілердің айтуынша кеше мекеме басшылығы еш себепсіз келіп, сотталғандарды соққының астына алған. Ұрып-соғып, тіпті үстілеріне шығып секіріп, суға тұншықтырған көрінеді. Мұндай заңсыздыққа төзбеген олар алған жарақаттарын бірінен соң-бірі ұялы телефонға түсіріп, біздің арнаға жолдаған. Сотталушылардың бірінің қолын сындырыпты. Түзеу мекемесінің ішінде болып жатқан жағдайдың көпшілікке мәлім болғанын қалаймыз, дейді.
“Бүгін администрация осы мекеменің ойламаған жерден келіп, ұрып-соғып, үстіме гематомдар салды. Мына жерлерде арқамда бар. Ар-намысымды жерге таптап, қорлады", - дейді Тоқтар Әліпбаева.
“2019 жылы 2 ай 10 күні тінту мерекесі деп алдап кірді да ұрып-соқты, суға тұншықтырды. Барлығымызды ит қылып қорлап жатыр мына жерде”, - дейді жазасын өтеуші Азамат Сансызбай.
Мекеме әкімшіліктері кіріп, барлығымызды ұрып-соғып, балағаттап, қолым істемейді. Сухожилам кетіп қалған. Не сұмдық, не масқара поркурор шақыруын сұраймын. Прпокурор шақырмайды. Міне сағат 12.00 болды. Не санчасть келген жоқ.
Түмдегі жағдайды естіген туыстары Тараз, Шымкент, тіпті Қызылордадан да келген. Айтуларына қарағанда сотталушылардың жағдайлары адам төзгісіз көрінеді. Мәселен Феруза Ибатуллаеваның күйеу осымен екінші рет өзіне қол салып, артынан қоштасу хатын қалдырыпты.
“Күйеуім Жақсыбаев Мұратбай өзін-өзі кесіп, ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Бұл қапшағай қалалық емханасында қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл жағдай екінші рет болуы”, - дейді туысы Феруза Ибатуллаева.
Мекемедегі мән-жайды анықтау үшін Алматы облыстық қылмыстық атқару департаменті басшысының орынбасары мен прокурор арнайы келіпті. Айтуынша түрменің ішінде жоспарлы тінту жұмыстары жүргізілген. Оған көңілі толмаған сотталушылар наразылық білдіру мүмкін, дейді. Ешкімге күш қолданылмайды деп сендірді. Сотталушының қоштасу хат қалдырғанын алғаш көргенін жеткізді. Қарнын тілген Мұратбай Жақсыбаев өзі өліміне мекеме басшысы Мақсат Оразбаев пен Елдос Қожахметов кінәлі деп жазыпты.
“Жақсыбаевтың әйелі келді ол бойынша қарастырамыз. Ал қатал тәртіп бойынша маған көрсеткен видеоны мен білмеймін. Сотталушылар наразылық ретінде жолдаған болар. Қалай жібергені туралы тексеру жүргізіп, кімнің, қалай түсіргенін анықтайтын боламыз. Себебі ұялы телефонды қолдануға болмайды. Қазір прокурор келіп кездесу өткізуде”, - дейді облыстық қылмыстық атқару департаментінің орынбасары Нұрлан Тұяқбаева.
Департамент басшылығы болған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілер анықталса жауапқа тартылатынын жеткізді, Естеріңізге сала кетсек өткен жылы осы мекемеде төрт бірдей сотталушы жұмбақ жағдайда көз жұмған болатын. Осы оқиғадан қайғылы жағдайға жол берген мекеме басшысы мен орынбасары қызметінен босатылған еді.