Бізге қандай идеология қажет?

Аракідік «Ресей» телеарнасынан орыстың дарынды кинорежиссері Никита Михалковтың «Бесогон ТВ» атты авторлық бағдарламасын қараймын. Өрелі сөз, өрнекті ой айтатын байыпты бағдарлама да «бүгінгі орыс ұлтының табиғаты қандай, кеше кім болды, болашақта қайда барады» деген мәйекті мәселелер қозғалады. Ауыр ойға батыратын салмақты дүниелер айтылады. Және оны көрнекті режиссер жан жүйесімен тебіреніп толғағанда сен де ерікіз егіліп кетесің. Сондай бір кезекті бағдарламада орыстың ардақтылары жайлы сөз шертілді. Автор арғы-бергі тарихты талмай айтып, тағдырлы тұлғаларға тоқталды. Оларды бүгінгі жас құрақтай қаулап өсіп келе жатқан ұрпақтың дені біле бермейтіндігін алға тартты. Хабар арасында кешегі екіншідүниежүзілік соғыста қаһарман ерліктің үлгісін көрсеткен әйгілі маршал Г.Жуков, А.Матросов секілді батырлардың «кім болғаны, ол жайлы не білесіз?» деген көшеде серуендеп жүрген қарапайым тұрғындарға сауалдама жүргізген журналистке, көп адамдардың, әсіресе, жастардың олар жайлы ештеңе білмейтіндігі, тіпті, мүлде танымайтындық қалып танытқанда, бағдарлама авторының өзі жер шұқығандай кейіпте болып, қатты қиналды. Осы жерде бізді де қой қамаған қораға шапқысы келген аш қасқырдай түрлі ойлар иектеп, тұңғиыққа батырды. Біздің де осындай ерен аталарымызды бүгінгі ұрпақ жіті білеме екен деген ой болды…
Ресей – әлемдегі білімі мен білегі теңескен бірегей мемлекет. Және ол ешқашанда бодандықтықтың қамытын кимеген, азат ел. Осындай ірі халықтың өкілі өз ұлтының қайғысы мен мұңын жабырқап айтып отырғанда, үш жүз жыл бойы басынан қамыты түспей, ыңыршағы айналып, тұяғы тасқа кетілген біздің жұртымыздың халі нешік деген сауал көкейімізде тұрды.
Рас, құдайға шүкір, біз де әлем таныған тәуелсіз жұртпыз. Кім-кіммен болса да тереземіз тең, керегеміз кең. Алайда, ғасырлар қойнауында қалған бодандық қамыттан әлі толық босана алмай жүрміз. Жалтақпыз, біреудің көңіліне қарағышпыз. Содан да болар, ұлттың кеткен есесін әлі де толық түгендей алмай жүрміз. Байқасаңыз, бүгінгі таңда жаһандану үрдісі үдеп барады. Оны білген, сезген сергек ел етек-жеңін ертерек жинап, бойларын жасыра бастады. Өз ұлтының тарихына тереңірек үңіліп, дәстүрлерін дәріптеуде. Ал, бізде қалай? Телеарналарда шоулық бағдарламалардың «жұлдызы» жанды. Оған еліккен, желіккен жастардың да қарасы көбейді. Үлгілі сөз айтар деген үлкендерімізді немқұрайлылық дерті иектеді. Ана тіліміздің де тағдыры тал қармауда. Түрлі қатемен жазылған жарнамалардан көз сүрінеді. Діліміз де өзгерді. Дәстүріміздің кейбір түрі дабыраға айналды. Имансыздық, тойымсыздық қасиеттер өршіді. Айта берсе, кетеуі кеткен мәселе көп. Соның барлығы, айналып келгенде ұлттық идеологияға тіреледі. Ал, бізде қандай ұлттық идеология? Әрине, пышақ кесті жоқ деп айтуға тағы болмайды… Бар, бірақ, қарақшыл жылқыдай шоқырақ.
Алдымен, аз-кем идеология деген сөзге тоқталайық. Қазақ совет Энциклопедиясының 4-томында ол: «таптың, әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деп жазыпты. Алғаш осы терминді француз философы және экономисі Де Гресси (1754-1836) қолданған. Ол: «Идеологияның элементтері» деген төрт томдық еңбек жазған. Алайда, «идеология» деген сөздің кең тарауына себепкер болған адам – Наполеон Бонапарт. Ал, қазақы ұғыммен ыңғайлап айтсақ, санаға сіңген дүниенің барлығы – идеология. Бүгінгі таңда санамызға не сіңбей жатыр… Байлық та, парақорлық та, ұрлық-қарлық та, алдау-арбау да, ақыр аяғы жетімнің ақысын жеуді де… судай сіңіріп жатырмыз. Және бұл кейінгі жас өскінге де сіңіп кетпесе екен… Жасырары жоқ, кеңестік кезеңде идеология қуатты қару болды. Оны кеңес үкіметі жақсы пайдаланды. Оған алдымен ақын-жазушыларды, өнер адамдарын икемді тарта білді. Мәселен, бір мемлекеттік ауқымды шараны бастамас бұрын, оны жұртқа жеткізу үшін тау-тау көркем шығармалар жазылды. Әндер шырқалды. Нәтижесінде, жетпіс жыл ішінде кеңес халқы өз тамырынан ажырап қалуға дейін барды.
Негізінен, бұл жерде халықты бағыттап, жетелеп отыратын мемлекеттік идеологияның орны бөлек. Ол мақсатты-жоспарлы түрде іске асырылады. Өйткені, оның барлығы бір тәртіпке бағынады. Тәртіп бар жерде жүйелі жұмыстың нәтижесі болатыны анық.
Жуырда ғана дүниеден озған дарынды қаламгер Дидахмет Әшімханұлының ертеректе «Түркістан» газетінде шыққан «Идеология бар, бірақ ол қандай идеология» атты мақаласында автор біздегі идеологияның үш бағытта жемісті жүріп жатқандығын айтады. Олар: бірінші, баю идеологиясы, екінші, ұлтсыздық идеологиясы, үшінші имансыз идеологиясы. Ардақты азамат, осы үшеуін атай келіп, дәлме-дәл анықтама да берген.
Ал, ұлттық идеология қашаннан халықтың ұяты саналатын, сөзін сөйлейтін зиялы қауым қолында екені анық. Оны біз бір ғана авторлық бағдарлама арқылы өз жұртының санасын оятып, намысын қайрап, жігерін жанып, ұлттық мүддесін қызғыштай қорыған режиссерден байқап отырмыз. Бізде де осындай пайымы мен парасаты бөлек, елге сөзі өтетін азаматтар жетерлік. Осындайда өткен ғасырдың сексенінші жылдардың соңғы ширегінде кәдімгідей, қазақ телеарнасына сілкініс әкелген ардақты тұлға –Сағат Әшімбаевтің «Парыз бен Қарыз» атты бағдарламасы ойымызға оралды. Мен сол кезде бала болсам да, әлгі бағдарламаның бір-екі санын үйдегі үлкендермен қосарланып, көрдім. Сол кездегі Сағат ағаның бір топ зиялылар арасында ашынып, ашылып сөйлеп отырғанын байқадым. Міне, бізге, бүгінгі таңда осындай ұлт мәселелерін ірікпей, бүкпей айтатын салмақты тұлғалар мен байыпты бағдарламар ауадай қажет. Сосын, біздің жұртымыз үшін ұлттық идеология дегеніміздің өзі – тіл десек болады. Өйткені, біздің бар ұлттық қуатымыз тіл арқылы берілген. Егер де, осындай ауқымы терең бағдарламаларға ана тілін жетік білмесе де, өз ұлты үшін жаны күйіп тұратын тұлғаларды да тартқан жөн. Әсіресе, билік басындағы азаматтардың пікірі де сондайда салмақты естіледі. Әйгілі жазушы Альбер Камю: «Иә, менің Отаным бар, ол – француз тілі» деген. Әлемдегі жапон кереметінің түп мәні де ғасырлар сынынан өткен жапон тілі мен мәдениетінде жатқаны анық. Демек, бізге де осындай тектілік қасиет қажет.
Сондықтан телеарна басшылығында отырған азаматтар өз ұлты үшін басын бәйгеге тігіп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген ойлы тұлғаларды телеарнаға шақырып, арнайы бағдарламалар ұйымдастырса екен дейміз.
Азамат Есенжол

namys.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста