Балабақша басшысы ауру балалардың орнына сау балаларды орналастырған
Солтүстік Қазақстан облысының Рудный қаласында білім беру бөлімінің шендісі жауапқа тартылды. Ол балабақшаларға басқа балаларды алғызып отырған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Балабақшада балалар орны бөлінуін облыстық прокуратура тексерген. Рудный қаласында бірқатар заң бұзушылықтар анықталған.
Балалар балабақшаға заңсыз барып жүргендігі мәлім болды.
"16 бала заңсыз түрлі ауруға шалдыққан балалар баруға тиіс балабақша мен арнайы топтарға барып жүрген", - деп хабарлады прокуратура өкілдері.
Көру мен есту қабілеттері нашар балаларға арналған арнайы топтарға дені сау балалар барып жүрген.
Тексеру нәтижесінде 16 бала балабақшадан шығарылып, қайта тіркеуге қойылған.
Ал орындарын заңсыз тартып алынған сегіз бала өз кезектері бойынша балабақшаға баратын болды.
Осы қылығы үшін білім бөлімнің басшысы әкімшілік жауапқа тартылды.