Бүгін еліміздің барлық балық шаруашылығы қызметкерлері үшін ерекше күн. Бүгін олардың кәсіби мерекесі. Мен өз атымнан және бүкіл орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің атынан оларды осы тамаша күнмен құттықтағым келеді!
Балық аулау біздің халқымыз үшін таңсық кәсіп емес. Бұл адамзат тарихындағы ең көне мамандықтардың бірі. Алайда, бұл сала өз мәнін әлі де жоғалтқан жоқ. Оның үстіне, біздің елімізде балықшылық кәсіпті атадан мұра етіп сақтап қалған балықшылар да жетерлік. Олардың атқарып жатқан еңбектері зор, және ерекше құрметке ие деп сенемін.
Қазіргі балық шаруашылығы – елдің экспорттық әлеуетін арттыра отырып, ел экономикасының өсуіне өз үлесін қосатын өндіріс қана емес, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздікті сақтауды мақсат етеді.
Бүгінде елімізде балықтың 100-ден астам түрі бар, оларды сақтап, кейінгі ұрпақ үшін көбейтуіміз керек.
Айта кету керек, мемлекет өз кезегінде елдің балық аулау саласын барынша қолдайды. Қазіргі уақытта балық шаруашылығын қолдауға байланысты қолдау шараларын одан әрі дамыту жұмысты қолға алынды.
Бүгінгі күні еліміздің әр түрлі балық өңдеу кәсіпорындарында 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың қатарында балық инспекциясы, балық шаруашылығы қызметкерлері, ихтиологтар, балық шаруашылығы мамандарын дайындайтын оқытушылар бар. Әрине, осы мамандардың әрқайсысы орасан зор жұмыс атқаруда .
Құрметті балық шаруашылығының қызметкерлері және осы мамандықтың ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы бір мәрте құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен өз істеріңізге берілгендіктеріңіз үшін рахмет. Сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, бақ-береке және өркендеу тілеймін.