Аралдың қаяз балығына қамқорлық жетіспей жүр

Аралдың қаяз балығына қамқорлық жетіспей жүр

Сырдағы ау сүзген ағайын қаяз балығы жайлы жиі айтады. Аталмыш «су маржаны» айдынды Аралдың айбынын асырды. Тіпті оны теңіздің төлқұжаты болған балықтың түрі ретінде бағалайды. Солай боларлық жөні бар секілді. Өйткені қаяз тек Аралға тән балық түрі саналады. Әрине, төрткүл дүниеде оған ұқсас түрлері жетерлік. Дегенмен қаяздың олардан ерекшелігі көп. Өкінішке қарай, өткен ғасырдың ортасына дейін теңізде аталған балық молынан кездесіп қалатын. Сол кезеңде 300-1000 тонна шамасында қаяз ауланған. Бұл теңізден сүзілген балықтың біршама бөлігін құраған екен. Одан бергі уақытта қаяздың азаюы байқалды. Тұқымы тұздай құрып кетуге де шақ қалған.

Балық шаруашылығының қыр-сырына қанық мамандар олардың кеміп кету сал­дарын былайша болжайды. Қаяз уылды­рық­ты өрістеп барып шашатын көрінеді. Яғни оған біраз аумақ қажет етіледі. Таби­ғат­тың құндылығына қол сұғудан тартына қоймаған кезең болды. Дария бойынан қан­шама тоспа мен бөгет салынды. Айна­лып келгенде, бұл жағдай қоршаған ортаға орасан зор апат алып келді емес пе? Ай­на­дай жалтыраған Аралдың аңқасы кепті. Оның су астындағы тіршілік иелеріне де зия­ны аз болған жоқ. Осының салдарынан қаяз балығы мүлдем азайды. Оған теңіз суы­ның тұзды болғаны да залал келтірді. Атал­мыш «су маржанының» кеміп кетуі ғалымдарды да алаңдатқан. Қазір еліміздің «Қызыл кітабында» қаяз қорғауға алынған балықтың бірі болып отыр.
Дария жағасындағы ел қаяздың дәм­ді­лігін әлі күнге дейін жыр етеді. Аузыңнан ақ май ағызған балық дастарқанның төрі­нен орын алатын. Оған қоса, ол өте ірі ба­лық есебінде де бағаланады. Ұзындығы 1 метрге жуық. Салмағы 22-25 келіні шама­лай­ды. Ең майдасы 4-5 келіден кем емес. Әрине, бұл балықшы қауымға мол табыс алып келері даусыз. Саны азайған қаяздың орнына камбала деген балық түрін өсіруге де көңіл бөлінген. Камбала Даниядан жеткізілген еді. Сол елдің балықшылары да аралдық ағайынға оны өсірудің қыр-сырын үйретуге тырысқан. Негізінен, ащы суды мекен ететін камбала қаяздың ор­нын баса алған жоқ. Таң­дайыңа татырлық дәмі бар қаязға қайдан жете қойсын?
Айдыны тарыла бастаған жаралы Арал­дың тамырына қайта қан жүгірте бас­таған алып жобаның алғашқы кезеңі аяқ­тал­ғаннан кейін қаязды көбейту жолдары қарастырыла бастады. Дегенмен бас-аяғы төрт-бес жылдың ішінде оның санын бұрынғы деңгейіне жеткізуге мүмкіндік кем. Ауқымды істі атқаруға жергілікті бас­шы­лықтың шамасы қаншалықты жетеді? Оны алдағы уақытта көре жатармыз. Атал­мыш балық тек бір өңірдің ғана байлығы емес қой. Өз деңгейінде жұмыс жасалса, елі­міздің де беделін биіктете түседі. Өкі­ніш­ке қарай, Қазақстандағы құзырлы орын­дар тарапынан мұндай жылы ықылас білі­нер түрі жоқ.
Кезінде балық шаруа­шылығы министрі болған Құдайберген Саржанов ағамыз кезекті жиынның бірінде осы тұрғыда өз қын­жылысын білдірген еді. Құзырлы орын­дар тарапынан қаяз балығына әлі күнге дейін дұрыс көңіл бөлінбей отыр­ға­нын тілге тиек етті. Бір қызығы, еліміздің ба­лық шар­уа­шылығы бойынша қолданы­ла­тын түрлі заң­дылықтарында оны қор­ғауға байла­ныс­ты ешқандай ескертпе жоқ екен.
Қазіргі күні Қазақстанда бекіре балы­ғын қорғауға баса назар аударылып отыр. Кәрі Каспийдің басты байлығы көздің қа­ра­шығындай қорғалады. Өте дұрыс іс. Де­ген­мен осындай ерекше мәнге ие өзге де балық түрлеріне неге нем­кетті көзқараста бола­мыз? Осы жағы түсініксіз. Қазақ же­рін­дегі өзен-көлдің бар байлығы барша жұрт­­қа ортақ емес пе? Ендеше, осыған орай тағы да бір мәрте ой талқыға салу қа­жет екені айдан анық.
Оразбай ҚОСАНОВ, биолог, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі:
– Қаяз – Аралдағы бұрыннан келе жатқан балық түрі. Ол маңызы жөнінен те­ңізде пілмай (шип) деген балық түрінен ке­йінгі екінші орынды алады. Жалпы, қаяз­дың бірнеше түрі болғанмен, Арал қаязы­ның олардан ерекшелігі аз емес. Аталмыш балық Сырдария және Әмудария қаязы деп екіге бөлінеді. Табиғаттың бұзылуы сал­­дарынан оның биологиялық түрі сар­қы­ла бастады. Қазір олардың саны бұрын­ғыдан өте аз. Кезінде ол еліміздің бірқатар өңір­леріндегі суқоймаларға жеткізілген. Атап айтқанда, Қапшағай суқоймасы мен Іле өзендеріне жерсіндірілді. Дегенмен қа­зір ондағы қаязды өсіру жөнінде тап басып ай­та алмаймыз. Әйтеуір аталмыш балық­тың мүлдем құрып кетпегеніне шүкірлік ет­кеннен басқа амал жоқ.
Задында бізде табиғат тартуына жана­шыр­лық жетіспейді. Өйткені елімізде қор­шаған ортаны тілге тиек еткенде еріксіз кү­мі­лжіп қаламыз. Әрбір іске жауапты қа­ра­сақ, ондай олқы тірліктің алдын алар едік. Қысқасы, балық та аялы алақанды, қам­қор пейілді қажет етеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста