Ақтөбеде көрнекі құралдарын өз қаржысына сатып алатын жас мұғалімдер жанайқайын айтты (фото)

Ақтөбедегі №61 мектептің жас мұғалімдері әлеуметтік желі арқылы қала басшыларына хат жазған. 40-50 мың теңге көлемінде жалақы алатын жас мамандар сабаққа қажетті оқу құралдарын өз қаржыларына сатып алатын көрінеді. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Басшылардың тарапынан қысым көріп отырған жас мамандар жағдайға араша сұрап отыр. Мәселенің анығын білу үшін тілшілер білім ордасына барып қайтты.

«Түнде осы ақпарат шыққанда не ойларымды білмей ұйықтай алмадым. Осыған дейін мектебімізде семинар болған еді. Мүмкін көреалмаушылық болған шығар деп болжап отырмыз. Біз мектепте ешкімді қинамаймыз. Мұғалімдер сабаққа қажетті құралдарды өз еріктерімен дайындайды. Жаңартылған білім мазмұнына байланысты барлық мектеп көрнекі құралдарын жасайды»,- дейді №61 мектеп директоры Майра Отарбаева.

Мұғалімдерге еш қысым көрсетпейтінін айтып ақталған мектеп директоры тілшілерді бастауыш сынып мұғалімдеріне ертіп апарды. Жас мамандар көрнекі құрал үшін айына 2000 теңге шығаратындарын жайып салды.

«Көрнекі құралдар үшін ақша көп кетпейді. Айына 1000-2000 теңге жұмсаймын. Қағаздарды күнделікті шығарып пайдаланамын. Аса қымбат қаражат жұмсамаймын. Түрлі-түсті принтерім бар. 45 мың теңге айлығымнан екі мың теңге қағазыма кетеді», - дейді жас маман Райхан Тыныштық.

Сыныпқа бір кіріп, бір шығып жүрген мектеп директоры ұстаздарға қас-қабағымен ымдап, әбден әбігерге түсті. Мектеп директоры дәліздегі көрнекілікті өз қаржысына салғызғанын айттып берді. Білім ордасын безендіруге мектеп директорларына дейін қалталарынан ақша шығарып жүр екен.

«Мен ешкімнен ақша жинай алмаймын. Қайтемін, қажетті құралдарды сатып алып, іштегі қыздарға жасаттым», - дейді мектеп директоры.

Қалалық білім бөлімінің мамандары болса көрнекілік құралдарды проблема қылып жүрген жастарды кінәлап отыр.

«Әдістемелік құралға мектепте ақша жиналмайды. Ақша жинамау туралы әр жыл сайын білім бөлімі тарапынан бұйрық шығарылады, онымен барлық мектеп басшылары таныстыралады. Мен өзім мұғалім болған адаммын. Кезінде бәріміз де көрнекі құралдарын қолдан жасадық. Жұмыс жасағысы келген адам тығырықтан шыға алады.

Қазір технологияның дамыған заманы, интернете барлығы бар. Оны сатып алмай- ақ интернеттен қиып қолдануға болады. Бәрі оңай, оңайды жастар қиындатып алады. Әлеуметтік желіге шыққан заттың барлығы артық деп ойлаймын. Бірақ, мектепте осы жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жасалынады», - дейді Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлжанат Сейсенбаева. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста