Ақкөлдің бойы – әулие

Ақкөлдің бойы – әулие

Ақкөл-Жайылма деген атпен танымал қасиетті өңірді жұртшылық Әулиелі Ақкөл деп те атайды. Ел зердесінде сақталған аңыздарға қарағанда, осы өлкедегі жер-су атауларының пайда болуын жұрт «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» хикаясымен байланыстырады.

02238

Ақкөл-Жайылманың тоғыз бірдей көлін толтыра ағатын Өлеңті өзенінің аяғында «Қараоба», «Сарыоба» деген екі төбе бар. Сол жер Қарабай мен Сарыбайдың қонысы болған екен. Сарыбайдың жалғыз қызы Баян сұлудың туған жері Баянаула екен. Содан тау аты «Баянаула» аталып кеткен-міс. Жетім қалған Қозыға қызымды бермеймін деп қашқан Қарабайдың көші осы Ақкөлдің тұсына келгенде сабасы ақтарыла жарылып, содан Ақкөл-Жайылма атаныпты дейді есте жоқ ескі заманнан жеткен аңыз. «Өлеңті өзені мен Шідерті өзені Ақкөлдің тұсында түйісіп, жайыла ағатын болғандықтан бұл жерді халық Ақкөл-Жайылма атап кеткен», – дейді көңілі даңғыл, ел шежіресіне жүйрік азамат Әбілхақ Балғабайұлы.

Өрмекшінің өрмегімен ат шідерлепті
Бұл өңірдің әулиелі Ақкөл немесе Әулиекөл атануына осы жерде әулие-ишандардың жатуынан болса керек. Әулиекөлдің шығыс жағалауында Түйте әулиенің тасы бар. Бұл тастар қазіргі кезде жерде жалпағынан жатыр. Ақсақалдардың айтуы бойынша, кезінде бұл тастар тік қалпында тұрған екен. Жергілікті жұрттың айтуынша, Түйте әулие бұл жерге жерленбеген, тек түнеген екен. «Бірде Көлебе батыр мен Түйте әулие кездескен. Көлебе батыр Түйтеге: «Сен әулиелігіңді дәлелде. Екеуміз бірге түнейік, мен атымды шідерлемей тастайын, таңертең осы жерден табылатын болсын, — депті. Көлебе батырдың жауға мінер аты өте ұшқыр, байламаса, бір орнында тұрмайды екен. Содан кейін Түйте әулие мен Көлебе батыр қатар жатып ұйықтайды. Таңертең оянған батыр Түйтені таба алмайды. Ал аты алысқа ұзамай жайылып жүр. Қасына жақындап қараса, өрмекшінің өрмегімен шідерленіп тұр екен» деп көнекөз қариялар Түйтенің әулиелігін әңгімелейтін.
 
Талын кессең, қан шығады
Әулиекөлдің арғы жағында Әулиетал тұр. Әбілхақ ағаның айтысына қарағанда, бұл талды әулиелер ексе керек. «Біздің кішкентай кезімізде үлкендер бұл талды кессе, талдан қан шығады деп бізді жолатпайтын», – дейді Әбілхақ Балғабайұлы. Миалы ауылының тұсына Жеміс әулие жерленсе, Аяқ ауылы мен Қара сиыр ауылдарын жалғайтын жолдың бойында жұрт Ишан ата атап кеткен Исабек ишан жатыр. Ал Төртүй мен Сасайдың арасында әйгілі Құлагердің тұлпар боларын жазбай таныған Күреңбай сыншының мазары тұр. Ал осы өлкедегі Қаражар ауылы – атақты Естай Беркімбаевтың туған жері.

Сайтанның сағымы
Ақжар, Сасай деген жер ноғайлардың хандарына орда қылып, тақ орнатқан жері деседі. Орманбет хан сол жерге тақ орнатқан-мыс. Аңызға қарағанда, ноғайлар осы өңірден батысқа жылжыған екен дейді. Батыс Қазақстан мен біздің өңірден табылған археологиялық ескерткіштер, тарихи фольклор мен топонимдер ұқсастығы ойланарлық. Батыс Қазақстанда да дәл осы өңірдегідей Өлеңті, Сілеті атты екі өзен бар.
Қазақтың тарихи аңыздарына қарағанда, Еңсегей бойлы Ер Есім Шідерті өзенінің бойында мінер аттарынан айырылып, он күндей жатып қалады. Содан соң барымталанған аттарын қайтарып, өзіне қарсы бүлік көтерген Ташкент әміршісі Тұрсын ханды шабуға аттанады. Ташкентті алып, Тұрсынды жазалайды.
Осы Өлеңті өзені Әулиекөлге құйылып, ары қарай Дуана қылы атты өзенше арқылы сегіз көлді (Бәсентиін, Қылдыкөл, Сасықкөл, Өмірзақ, Бозайғыр, Ащыкөл, Көктөбе, Тоққылы) толтырып аққан екен. Ал Өлеңтімен Жырықтың тұсында (қазіргі Ақкөл) қосылатын Шідерті жол-жөнекей ірілі-ұсақты Сайтанкөл сынды көлдерді де толтырып кететін. Көлдің Сайтанкөл атануы жайлы да аңыз көп. Көл жағасына келген кісі көлдің бетінде екі әйелдің баланың кеудесін ашып, өкпесімен ойнап отырғанын көреді. Тілін кәлимаға келтіруі мұң екен, әлгі көрініс ғайып болатын көрінеді.

Бабалар балықтың бабын басқалардан жақсы білген
Әулиекөл қалашығын зерттеген археологиялық топтың жетекшісі Тимур Смағұлов ортағасырлық халықтың балық аулау кәсібінің жақсы дамығандығын анықтады. Айта кетерлігі, бұған дейін қазақтар балық аулау тәсілдері мен құралдарын орыс халқының ықпалымен игерген деген біржақты пікір қалыптасып келген еді. Ал бұл жерлерден табылған құрал-саймандар бұл ойдың қате екенін дәлелдеді. Қазір де Әулиекөл маңындағы жұрт балықты ерекше тәсілмен аулайды. Олар өздері қаза деп аталатын құралмен қысы-жазы үзбей балық аулайды. Ал «сайтан қайық» аталған ерекше қайықты тек осы төңіректен табасыз. Тек бір адамға арналған осынау қайықпен жүргенде ешқандай шылпылдаған дыбыс естілмейді. Осындай тарихи-мәдени маңызы бар өңірдің жағдайы жылдан-жылға қиындап барады. Ақкөл-Жайылма табиғи-экологиялық апат үстінде тұр.
Өлеңті өзені арқылы көлдердің суын толтыру ісінің жүргізілмегеніне он жылдан асып кетті. Бүгінде өңірдегі тоғыз көлдің сегізі құрғап қалған...

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста