«Алтын кітап» тағы жаңа есімдермен толықты

Қарағандыда «Құрметті жастардың алтын кітабының» парағына тағы бір топ жас қарағандылықтың есімі жазылды. Ереже бойынша кітапқа қоғамның түрлі салаларында жүрген, атап айтқанда, зауыттың қарапайым жұмыскерінен, жастар арасында көш бастаушы жасы отызға толмаған жастар ене алады. Сонымен қатар 14 номинацияның екеуі екінші жыл қатарынан жас ерекшелігіне қарамастан, жастар саясатын дамытудағы жастар бірлестіктеріне қолдау көрсетуге үлес қосқандарға беріледі. «Алтын кітап» шығару туралы шешім былтыр қабылданған еді. Сол уақытта аймақтағы ең белсенді және талантты азаматтар қалың томның алтын парақтарына бірінші болып енгізілген-ді.
Конкурсқа қатысу үшін жеңіске үміт­кер­лердің барлығы арнайы анкетаны тол­ты­рып, құжаттарын, қызмет саласын­дағы ең­бегі үшін марапат және мақтауларын ком­иссияға тапсырды. Барлық үміт­кер­лердің портфолиосы my-karagandincy.kz сайтына енгізілген және онлайн дауыс беру жарияланды. Сол арқылы «Алтын кі­тап­тың» «алтын адам­дары» анықталып отыр. Атап өтер­лігі, биыл лайықты тұл­ға­ларды таң­­дауға ті­лекшілер қатары да кө­бей­ген. Ша­мамен бес мың қараған­ды­лық дауыс берген.
Аталымдардың ішіндегі ең шоқтығы биігі – «Жастардың жыл көшбасшысы» де­се де болғандай. Оған Саят Балмақаев ла­йық деп танылды. Саят – Қазақстан сту­дент­­тері Альянсы республикалық бір­­лесті­гінің Қа­рағанды облысындағы өкі­лі. ҚарМТУ сту­денті жастығына қарамастан сая­сатта аз­ды-көпті елеулі табыстарға қол жеткізген. Бұл қызметті ол екі жылдан бері атқарып ке­леді. Биыл жоғары оқу орнын тамам­дай­ды.
Саят БАЛМАҚАЕВ, «Жастардың жыл көшбасшысы»:
– Меніңше, бұл менің осы уақытқа дей­ін­гі атқарған ісімнің лайықты қойылу нүк­тесі. Жас­тар саясатында қалар-қал­ма­сым­ды әл­де мамандығым бойынша жұмысқа орна­ла­сатынымды нақты айта алмаймын.

Мұндай құрмет кітабы бар екендігін естіген кезде өз кандидаттығымды ұсын­ғым келді. Бірақ мен үлгере алмай қалдым. Менің атымнан өтінішті жастар бастамашыл ор­талығы беріп қойыпты. Маған тек жас­тар саясатындағы менің еңбегімді дә­лел­дейтін қажетті құжаттар мен марапаттарды тапсыру ғана қалған еді.
Сондай-ақ «Жылдың жас жұмысшысы» аталымы бойынша тепловоз машинисі Ержан Жиреновтің есімі кітапқа енді. Ол төрт жылдан бері машинист болып еңбек етеді. Оны бұл кітапқа ұсынған кәсіпорын басшылығы мен әріптестері екен. Сонымен бірге «Алтын кітаптың» парақтарына үздік педагог – Рүстем Әбілдин, студент – Гүл­марал Махабыл, мектеп оқушысы – Әнел Тө­леуқұлова, спортшылар – Варвара Ли­сич­кина және Сергей Чернов, журналист Юлия Демьянованың да есімдері жазыл­ды. «Алтын кітаптың» парақтарындағы жа­ңа есімдерді жұртшылық облыстық өл­ке­тану мұражайынан тамашалай алатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста