Алматыда шатырға қатқан мұздар құлап адамдарды әбігерге салуда

Алматыда шатырға қатқан мұздар құлап адамдарды әбігерге салуда

Қайта келген қыстың тағы бір әлегі! Алматы тұрғындарына енді шатырларда қатқан мұздан қауіп төніп тұр. Дер кезінде түсірілмегендіктен, сояудай мұздар күннің көзі сәл шыға сала құлап жатыр. Зардап шеккен адам жоқ. Десе де, бүлінген мүлік саны жетерлік. Ал Алматы әкімдігі тазарту жұмыстарын жүргізуге құлықсыз пәтер иелері кооперативтерінің қара тізімін жасап жатыр.

Әдетте сәуір айында Алматыға нағыз көктем келіп қоюшы еді. Бірақ биылғы қыстың әзірге кетер түрі жоқ. Жексенбіден бері қайта-қайта қар жапалақтауын доғарар емес. Күннің бір еріп, бір суытуынан шатырларда  да сояу-сояу мұз қатқан. Ал оны тазалауға ешкім құлықсыз.

Жанна Польшанская, Алматы қаласының тұрғыны:

- Жеке өз басым көшеде төбеге, шатырдағы мұздарға қарап, абайлап жүремін. Көріп тұрсыздар, қандай үлкен мұз тұр. Оқыстан біреудің үстіне құласа, өлтірері анық. Енді осыны бір мәрте тазалап қоюға болар еді ғой.

Көше бойындағы ғимараттардың да, ішкері жақтағы үйлердің де шатырлары – осындай. Оны пәтер иелері кооперативі тазалауы тиіс. Бірақ мұз түсіру олар үшін артық  жұмыс тәрізді. Сондықтан тұрғындар өздері әрекет етуге мәжбүр. Әдетте, көмекке өндірістік альпинистер тартылады екен. Тек бұл мамандардың алар ақысы қымбаттау.

Леонид Прудов, өндірістік альпинист:

-Бір рет шақырғанға 10 мың теңге шамасында аламыз. Сондықтан шақырту да аз. Негізі пәтер иелері кооперативінің жұмысы. Бірақ олар не өздері түсірмейді, не бізге мұзды түсіруге рұқсат бермейді.

Алматының коммуналдық қызметіне жауапты мекеме де кооперативтердің салғырттығын біледі. Сондықтан таяу күндері, күн күрт жылынып кетпесе, тексеру жүргізбек. Еріншектердің сазайын сонда береміз деп отыр.

Еркебұлан Оразалин, Алматы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы:

-Шатырлардағы мұздан төнетін қауіп бар. Оның себебі, әрине, дер кезінде тазалықтың жүргізілмейтіндігінде. Пәтер иелерінің кооперативіне қатысты шағымдар тым көп түсіп жатыр. Сондықтан олардың қызметін табиғит қорғау полициясы тексерсе дейміз.

Әзірге құлаған шатыр мұзынан зардап шегіп, ауруханаға хабарласқан адам жоқ. Оның үстіне, бүгін суықтың да беті аздап қайта бастаған. «Қазгидромет» орталығы да жақында күн жылынады деген болжам айтуда. Яғни келесі аптада Алматыға көктем қайта келмек.

Автор: Құралай Пионер

 www.ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста