Алматы тазалық айлығынан тазарып кетті ме?

Алматы тазалық айлығынан тазарып кетті ме?

Бірде екі қазақ Германияға қонаққа барады. Көшедегі тазалықты көрген бір қазақ қасындағы жолдасына: «Осы немістер көше тазалауды біледі, ә?» – десе, жолдасы: «Жоқ, бұлар тазалауды емес, сол көшені ластамауды жақсы үйренген»,– депті. Әрине, бұл сөздің жаны бар. Себебі Германия халқы ел тазалығы адамдардың жеке басының тазалығынан басталатынын әлдеқашан түсінген. Ал біз әлі күнге дейін көшеге қоқыс тастап жүргенімізді қорсынбаймыз.

2011 жылы Қазақстанда Қысқы Азия ойындары өтеді. Осы орайда елімізге келген қонақтар ең алдымен жеріміздің тазалығы мен сәніне мән беретіні белгілі. Алайда біз әлі де қонақтарды қажетті дең­гейде күтіп алуға дайын емеспіз. Қазір Алма­ты қаласының қай көшесімен жүр­сеңіз де, жол жиектерінде шашылып жат­қан қоқыстарды көзіңіз шалады. Тек қала сыртында ғана емес, басты көшеле­рі­мізде де кемшіліктер жиі байқалады. Әрине бұған ең алдымен тұрғындарымыз­дың өздері жауапты. Себебі азаматтар қарапа­йым қоқыстарды қоқыс дүңгіршек­теріне тастауды білмейді. Көшеде келе жа­тып, қолындағы заттарды жол жиегіне тастап кете береді. Осыған дейін қала тұр­ғын­дары қоқыс дүңгіршектерінің аздығына шағымданған болатын. Халықтың сұраны­сынан кейін 2008 жылы Алматы қаласы әкімдігінің тапсырмасымен қалаға 16 мың қоқыс тастайтын дүңгіршек орнатылған. Оған қала бюджетінен 185 млн теңге бөлінді. Дүңгіршектер сәуір айынан шілде айына дейін орналастырылды, алайда шілде айында оларды қайта есептегенде олардың 15 пайызы орнында жоқ болып шықты. Мамандардың сөзіне қарағанда, көшеге қоқыс тастайтындардың дені жастар екені анықталып отыр. Сондықтан жоғары оқу орындарында, мектептерде тәртіп, тазалық сабақтарын көбірек оқыту қажет. Екінші бір мамандар қала тазалығын қамтамасыз ету үшін заңды қатайту керек деп есептейді. Сонымен бірге оған құзы­ретті орындардың жауапкершілігін күшейту қажет. Мәселен, шамамен 60-жылдары Швейцария әлемдегі ластану жағынан ал­дыңғы қатарлы елдердің бірі болған екен. Ондағы өзен-сулардың ластанғаны сонша­лық, шомылған адам түрлі қатерлі ауру­лар­ды жұқтырған. Кейін ел үкіметі заңды қатайтып, қоқыс тастаған тұрғынға түрлі қылмыстық жаза қолдануға дейін барған. Мұнымен елдің арнайы криминалдық полициясы айналысатын болған. Осындай шара қабылдаудың нәтижесінде, айнал­дырған бірнеше жылдың ішінде Швейца­рия әлемдегі ең таза, көрікті елдердің қата­рына қосылды. Әрине, біздің елде де бұл бағыттағы шаралар жоқ деп айтуға болмайды. Қыркүйектің 1–29 аралығында Алматыда «Таза қала» шарасы өткізілді. Алматыда осы шараны қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатына қатысқан мамандардың айтуынша, шара барысында барлығы 249 адамның құқық бұзғаны анық­талды. Олардың 188-іне ескерту ай­ты­лып, тек 61-іне ғана айыппұл салынды. Бұл әкімшілік жазасы күшейтілген алғашқы тазалық айлығы болғаннан кейін, тұрғын­дарға аздаған кешірім де жасалды. Ал ке­ле­сі айлық шарасынан бастап қолға түскен барлық құқықбұзушылар қатаң жаза­ла­натын болады. Айыптылардан жиналған қаржы болашақта қаланы гүлдендіруге жұмсалады.

Марат КЕСІКБАЕВ, Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары:
– Тексеру шарасы базарларда, аялдамаларда, басқа да сауда, қоғам­дық орындарда жүргізілді. Шараға БАҚ өкілдері, жол полицейлері, СЭС маман­дары, қала әкімдігі жұмыл­ды­рылды. «Таза қала» шарасы мұнымен тоқтап қалмайды. Қыркүйек айында біз ескер­ту шараларын қолға алдық. Енді құқық бұзғандарды қатаң түрде жаза­лайтын боламыз.

Қажетті дерек:
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 387-бабы бойынша ережені бұзған жан, егер ол жеке тұлға болса, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, егер ол лауазымды қызметкер, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға, кіші және орта бизнес субъектісі, коммерциялық емес құрылым болса, онда 20-дан 40-қа дейін, егер ережені бұзушы ірі кәсіпкерліктің жеке тұлғасы болса, онда 50-ден 100-ге дейінгі көлемде айыппұл төлейді. Егер келеңсіз іс-әрекеті қайталанып жатса, онда айыппұл көлемі өсіп отырады. 476-бап бойынша айыппұл көлемі айлық есептік көрсеткіштің екіден бір бөлігін құрайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста