Алматы облысында жаңа туған сәбиді өлтіріп алған алты дәрігер қызметінен қуылды

Алматы облысында жаңа туған сәбиді өлтіріп алған алты дәрігер қызметінен қуылды

Алматы облысында жаңа туған сәбиді өлтіріп алды деп айыпталған перзентхананың 6 бірдей дәрігері жұмысынан шеттетілді. Ал олардың әріптестері болған жайтқа жас ананың өзін кінәлауда деп хабарлайды КТК арнасы.
Айтуларынша, келіншектің өзі о баста ауру боп келген. Десе де, бұл жөнінде тексеріс басталмай жатып аталмыш перзентханада тағы бір нәресте өлімі тіркелді. Үшемнің бірі алдыңғы сәби секілді вакуумда жатып көз жұмған.
Нәрестелер бірінен соң бірі шетінеген Қаскелең ауруханасындағы статистика да кісі шошырлық. Былтырдан бері шетінеген бала саны 30-ға жуықтаған.
Үшем сүйген Айгүл екі баланы ғана құшақтап қалды. Келіншек үшеуіне де есім беріп үлгерген екен. Бірақ біреуін ол сол күйі бауырына баса алмады.
"Еріндері көгеріп жатты дірілдеп. Мен ойладым жаурап қалды деп. Әлде әдейі ашып тастап кетті ме екен? Мен соны білгім келеді. Мен кімнің ашқанын білгім келеді", - дейді Қаскелең кентінің тұрғыны Айгүл Ысқақова.
Айгүлдің сәбиі вакуумда жатыпты. Туған анасының өзі де тиісуге болмайтын аппарат, белгісіз себеппен сол күні ашық қалған. Ал егізінен айырылып етегі жасқа толған әйелге ақ халаттылар өкпесі дамымаған деген жауап қайырған.
Бірақ бұған дейін де 7 мәрте босанған батыр ана бұл жолы да аман-есен туғанын айтады. Ал басын ауыртқысы келмеген бас дәрігер қалған егіздердің амандығын алға тартып, вакуумның қалайша ашық қалғанын айта алмады.
Бас дәрігер тіпті сыртқа шыққан соң, аяқасты келіншектің кедейлігін бетке басып, жерден алып, жерге салды.
"12 жыл осы отбасы Алматы қаласында жалдамалы үйде тұрды. 3 жылдан бері біздің Қарасай ауданына келген", - деді Қарасай аудандық орталық ауруханасының директоры Сәуле Сауранбаева.
Бірақ бас дәрігердің айтқанымен шетінеген баланың ата-анасы келіскен жоқ.
Жаңа туған сәбилерді өлтіріп алды деген аурухананың 6 бірдей қызметкері жұмыстан шеттетілді. Ал нәрсетелердің өлімі бойынша арнайы комиссия құрылған. Оған қоса сот сараптамасы да бүге-шүгесіне дейін жүргізіліп жатыр.
Сорақысы сол, бұл Қаскелең ауруханасында шетінеген бала жетіп артылады екен. Тек былтырдан бері 27 сәби өлген. Ал облыс бойынша шетінегендер саны – 372.

nur.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста