Алимент төлемей жүргендерге жалақысы 100-200 мың теңге аралығында болатын жұмыс ұсынылды

Астанада алимент төлемей жүргендерге жалақысы 100-200 мың теңге аралығында болатын жұмыс ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Бұл бастаманы астаналық құрылыс компаниялары қолдап отыр.

Осылайша алимент төлемеген 700 борышкерді қызметке алу ұсынылды. Борышкерлерді жұмысқа қабылдау процедурасы басталып та қойыпты. Олардың жалақылары 100 мың мен 200 мың теңге шамасында болмақ. Бұл шара "Балаңды есіңе ал - алимент төле" жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Қазірдің өзінде 300-ден астам борышкер жұмысқа орналастырылыпты. Сондай-ақ тағы 9 адам қызметке орналасу үшін қажетті құжаттарды жинап жатыр, 10 адам компаниялардың жауабын күтіп отыр екен.

"Жобаның мақсаты - жұмыссыздарды қызметке орналастыру арқылы алимент төлемейтіндердің санын азайту. Жұмыспен қамту басқармасында қызмет істеуге ниет танытқан жұмыссыз борышкерлердің (білікті электриктер, сантехниктер, экономистер мен заңгерлер) тізімін әзірледі", - дейді елорда әкімдігіндегілер.

"Әділет департаменті ғимаратындағы жұмыс тобы күн сайын тұрғындарды қабылдап, борышкерлердің мекен-жайлары бойынша рейд жүргізеді. Сондай-ақ қарызын төлеуден жалтарып жүргендерді іздестіру шаралары ұйымдастырылады. Борышкерлерден 23 миллион теңгеден астам қаржы өндіріп алынды, кәмелеттік жасқа толмаған балаларына берілді, 45-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста