Әлемдегі ең қауіпті жұқпалы аурудың бірі немесе туберкулез жайлы не білеміз?

Әлемдегі ең қауіпті жұқпалы аурудың бірі немесе туберкулез жайлы не білеміз?

Әлемде жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі. Жалпы, туберкулез бүгінгі қоғам үшін таңсық емес. Адамзат одан толық айығу жолдарын жақсы біледі, дәрі-дәрмек пен микробқа қарсы препараттарды табу да қиындық тудырмайды. Соған қарамастан, жұқпалы дертті толық ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Ендеше, бұл ауру туралы не білген жөн, одан төнетін қауіп қандай және біз туберкулезге қарсы күрес науқанына қандай үлес қоса аламыз деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Туберкулез деген не?
Туберкулез – бактерия арқылы тарайтын жұқпалы ауру. Қоздырғышы - микобактериялар немесе бәріміз білетін "Кох таяқшалары". Кох таяқшасы адам организміне жат микроорганизм. Сондықтан микроб сау ағзаға түскен кезде иммун жасушалары қарсы шабуыл жасап, көбеюіне жол бермейді. Ауру: иммун жүйесі нашар болған жағдайда және туберкулездің ашық формасымен ауыратын және тиісінше ем қабылдамаған науқаспен, қоздырғышпен ұзақ уақыт бойы байланыста болған жағдайда ғана өршуі мүмкін.
Ауру қалай жұғады?
Ауру көбіне ауа арқылы таралады. Кейде ауруға шалдыққан ірі қара немесе азық-түлік арқылы (өңделмеген сүт өнімдері) жұғуы мүмкін.
Туберкулездің түрлері
Оның ашық және жабық деген екі түрі болады
Басқа инфекциялар сияқты құрт ауруына шалдыққан науқастардың айналасындағыларға қауіп төндіретіні және қауіпсізі болады. Бірақ өзге жұқпалы ауруларға қарағанда (мысалы, ауру әбден жазылғанша жұқпалы болып саналатын В немесе С гепатиті) туберкулездің жұғу кезеңін қысқартуға болады. Ол үшін дәрігер тарапынан ем-дом дұрыс тағайындалса жетіп жатыр.
"Ашық туберкулез" дегеніміз не? Жалпақ тілмен айтқанда, науқас қоршаған ортаға туберкулез қоздырғышын ашық таратушыға айналады. Бұл термин негізінен өкпе туберкулезіне шалдыққандарға қатысты қолданылады. Өйткені, ондай науқастар жөтелгенде, қақырғанда микроб бөледі. Ал, туберкулездің жабық түрі жұқпайды. Науқас қоздырғыш таратпағандықтан өзгелерге ауру жұқтыра алмайды.
Құрт ауруын қандай белгілеріне қарап білуге болады?
Туберкулез белгілері бірден пайда болмайды. Әдетте, ол ұзақ уақыт бойы ағзада дамып, көбіне өкпе тіндерін зақымдайды. Оның белгілерінің жүре келе пайда болатыны да сондықтан. Бірақ көп ұзамай: тоқтаусыз жөтелу, кейде қан аралас қақырық түсу, кеуде қуысының ауыруы, өз-өзін жайсыз сезіну, салмақ жоғалту, қалшылдау сынды белгілер пайда болады. Мұндай жағдайда міндетті түрде емханаға барып тексеруден өту қажет.
Ауру жұқтыру қаупі қандай?
Иммунитеті әлсіз адамдар үшін ауру жұқтыру қаупі жоғары. Ал, иммунитеттің әлсіреуіне шаршап-шалдығу, дұрыс тамақтанбау, күйзеліс, қорғаныс жүйесі жұмысының бұзылуына әкеп соқтыратын басқа да аурулар себеп. Бәрінен де ВИЧ-індетін жұқтырғандар мен СПИД-ке шалдыққандарға төнетін қауіп жоғары. ДДСҰ мәліметінше, туберкулез ВИЧ жұқтырғандар арасындағы өлім-жітімнің бірден-бір себепкері. Мысалы, 2016 жылы ВИЧ-ке шалдыққан науқастардың 40 пайызының өлімі осы құрт ауруынан болғаны анықталған. Сонымен қатар, туберкулез жұқтыру қаупі жоғары саналатын топқа балалар мен қарттар да жатады. Өйткені, олардың иммундық жүйесі әлсіз.
Статистика
Ресми статистикаға сүйенсек, 2017 жылы Қазақстанда туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 17 мың 444 пациент диспансерлік есепте тұрған. 9 417 адам туберкулезді жаңадан жұқтыған. Құрт ауруына шалдыққандар Оңтүстік Қазақстан (1666), Алматы (1591) және Қарағанды (1258) облыстарында көп тіркелген.
Баршаға арналған алдын алу шаралары

Жаңа туған нәрестелерге перзентхана қабырғасынан шықпай жатып БЦЖ деп аталатын екпе егіледі. Міне, туберкулезге қарсы вакцина осы. БЦЖ құрамында (сиырдың) әлсіреген туберкулез таяқшалары болады. Вакцина құрамындағы бактериялар ағзаға түскеннен кейін көбейіп, органдар мен тіндерге орналасады, сол арқылы иммунитет қалыптасады.

Перзентханада егілген БЦЖ вакцинасы адамды ұзақ уақыт бойы құрт ауруынан қорғайды. Бірақ 7 және 14 жаста вакцина тағы салынды. Мұны қайталап егу деп атайды. Қайта егер алдында туберкулезге қарсы сынама жасалады (Манту сынамасы). Манту - вакцина емес, ол адамның құрт аурын жұқтырған-жұқтырмағанын анықтау тәсілі ғана. Сондықтан одан қорқудың қажеті жоқ. Жалпы, бұл балаларға қолданылатын әдіс. Ал, ересектер жыл сайын кеуде қуысына флюорографиялық скрининг (флюорография) жасап тұруы тиіс.

Туберкулез тегін емделеді

Қазақстанда туберкулезді анықтау мен оның алдын алу, емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кепілдендірілген медициналық көмек пакетіне кіреді. Былайша айтқанда, ауру тегін емделеді. Биыл осы дертке шалдыққандарды анықтау, емдеу мен әлеуметтік қолдауға мемлекеттік бюджеттен 42 млрд теңге бөлінді.
Туберкулез жайлы не білген жөн?
Ең бастысы - туберкулез жазылатын ауру және оның алдын алуға болады. Жұқтырған күннің өзінде дер кезінде, дұрыс емделсе пациенттің құлан-таза айығып кетуге мүмкіндігі бар. ДДСҰ мәліметіне сүйенсек, 2000-2016 жылдар аралығында диагностика мен ем-домның арқасында 53 млн адамды өлімнен арашалауға мүмкіндік туды.
Туберкулездің кәдімгі түрін емдеуге шамамен 6 айға жуық уақыт кетеді. Елімізде іске асырылып жатқан ауруды біріктірілген бақылау стратегиясы туберкулездің жабық түрімен ауыратын науқастардың өз емханасында амбулаторлық режимде ем қабылдауына мүмкіндік береді.
Туберкулезге қарсы күрес науқанына үлес қос
Алдын алуға, толық емдеп жазуға бола тұра, бүгінгі таңда туберкулез ең қауіпті инфекциялар қатарында қалып отыр. Эпидемияны толық ауыздықтауға дәрі-дәрмекке төзімді "ақылды" бактериялар, әлемнің кейбір елдеріндегі тұрмыстың төмендігі және қаржы тапшылығы қолбайлау болып тұрған жайы бар. Әлемдік ғылым мен ДДСҰ-ның асыл мұраттарының бірі - туберкулез эпидемиясын 2030 жылға дейін тұп-тамырымен құрту болып табылады. Оған біз де үлес қоса аламыз. Ол үшін не істеу керек?
Әркім өз денсаулығын күтуі қажет
Айтыла-айтыла жауыр болған мәселе. Бірақ жер шарындағы адамдардың жартысынан астамы денсаулығына жүрдім-бардым қарайтыны рас. Денсаулықты одан айырылып қалғаннан кейін емес, жастайынан күту қажет. Дені сау азамат болу үшін денеңді, ақылың мен жаныңды күту ережелерін білу жеткілікті. Себебі, адам организмі - өз заңдары бойынша жұмыс істейтін механизм. Таза ұстаса, тәртіп сақталса ол бұзылмайды.
Профилактикалық тексерулер мен скринингтен өтіңіз
Азаматтарымыздың басым бөлігі ауырмаса дәрігерге қаралмайды. Қазақстанда пациенттердің 70 пайызы - ауруханаға дерті асқынғаннан кейін келгендер. Шын мәнінде, оның бәрінің алдын алуға болады. Медицинада туберкулездің алдын алу үшін тұрақты тексерілу қажет. Қазақстандықтар бұл қызметтерді тегін пайдалана алады және олардың бәрі кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне кіреді. Олардың қатарында: БЦЖ екпесі (туғаннан кейін алғашқы бірнеше күн ішінде салынады), БЦЖ-ны қайта егу (7 және 14 жаста), флюорографиялық скрининг (ересектер жылына бір рет), өкпені рентгенге түсіру (дәрігердің тағайындауы бойынша), терапевке қаралып, профилактикалық тексеруден өту сынды шаралар бар.
Тағы бір жаңалық: бүгінгі таңда кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде тек мемлекеттік емханаларда ғана емес, жеке меншік клиникаларда да тегін емделуге болады. Қордың базасындағы клиникалар тізімімен (https://fms.kz/ru/content/perechen-postavshchikov-gobmp) танысыңыз, қалаған емханаңызға тіркеліңіз, содан соң дәрігерге уақтылы қаралуға дағдыланыңыз. Мұның бәрін үйден шықпай-ақ онлайн режимінде іске асыруға болады. Ол үшін цифрлы қолтаңба алып, мемлекеттік қызметтер порталының (http://egov.kz/cms/ru) көмегіне жүгініңіз.
Дұрыс тамақтану
Ағзаның саулығы дұрыс тамақтануға тікелей байланысты. Ауырмау үшін тамақты аз-аздан, тұрақты жеу қажет. Тамақты тоя жеуге болмайды. Және асықпай, әбден шайнап жеген ас асқазанға да көп салмақ түсірмейді.
Ұстамдылық
Иммунитет - ағзаның сыртқы дүниенің әсеріне қарсы күресу қабілеті. Психикалық энергия - адам имунитетінің іргетасы болып саналады. Сондықтан байсалды, ұстамды болуға тырысыңыз. Үнемі күліп жүріңіз.
Салауатты өмір салты
Шынында, бүгінде денсаулықты күту сәнге айналғаны шындық. Белсенді өмір сүру, марафондарға қатысу, велоспортпен шұғылдану, жаттығу залына бару, фитнеспен айналысу әр адам үшін ауадай қажет. Спиртті ішімдік, темекі сынды зиянды әдеттерден бас тартыңыз. Тым болмаса, азайтуға тырысыңыз.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста