6 жасында педофил құрбаны болған қоғам белсендісі президентке үндеу жолдады

6 жасында педофил құрбаны болған қоғам белсендісі президентке үндеу жолдады

Зорлық-зомбылыққа қарсы "Human Right Layers" қоғамдық қорының басшысы Ляззат Ракишева мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында елдегі зорлық-зомбылыққа қатысты соңғы оқиғаларға пікір білдіріп, президенттен аталған қылмыстың алдын алуға көмек сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Құқық қорғаушы Ляззат Ракишева өз үндеуінде президенттен елдегі зорлық-зомбылыққа тұсау салуды өтінді.

 

"Мен Ляззат Ракишева төрт баланың анасы ретінде, үйден тысқары шыққанда жаны мен арының амандығы үшін алаңдаулы күй кешетін әйел ретінде, 6 жасымда "педофил" құрбаны болған жәбірленуші ретінде , зорлық-зомбылыққа қарсы "Human Right Layers" қоғамдық қорының басшысы ретінде, құқық қорғаушы ретінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, елдегі зорлық-зомбылыққа тұсау салынуын сұраймын", - дейді ол.

 

Қоғам белсендісі үндеу жазуға Алматыдағы мешіт маңында адам зорлау жағдайы түрткі болғанын атап өтті.

 

"Оған дейін бейкүнә 7 жасар баланы бір топ болып мектеп әжетханасын да зорлағаны, 14 жасар қыз баланы бір әйел алдап үлкен ер адамдарға апарып зорлатқаны туралы, олардың біреуі ғана 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылса, қалғандарына 2,5 жылдан бергені, ал ол әйелге ешқандай жаза қолданбағаны туралы, туған атасы кішкентай немересін зорлаған туралы, туған жездесі ұл баланы зорлаған туралы, әйелдердің жәбірлегені туралы түрлі жаңалықты естіп, жүрегім езіліп болған", - деген белсенді енді мешіт маңындағы зорлық жайлы естіп тіпті, төбе шашы тік тұрғанын айтады.

 

Құқық қорғаушы жыныстық зорлық-зомбылықтың қоғамда қалыпты құбылыс ретінде қабылданып жүргеніне қынжылады.

 

"Президент мырза, әлсіздер әлі басымдардан жәбір көремін бе деп қашанғы қорқуы керек? Зорлау, ұрып-соғу, қинау, адамның жанын қию секілді жаңалықтар күн сайын дүркін-дүркін құлаққа жетуде. Мемлекет тарапынан нақты әрі тиімді шаралар қабылдану үшін әлі қанша ғұмыр қыршынан қиылып, қаншама балалық ұрлануы тиіс? Зорлық-зомбылық жасағандардың жазасын қатаңдататын уақыт баяғыда келді. Қылмыс жазасыз қалғандықтан, зорлық та белең алуда. Статистикаға сүйенсек, 2016 -2020 жылдар аралығында балаларды зорлау күрт көтерілген! Біздің патриархалды қоғамда жәбірлеу қалыпты құбылысқа айналды, тіпті құқық қорғау құрылымдарының өзі жағдайға бейжай қарайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыс санатына жатпайды, сондықтан да мыңдаған әйел бұрынғы және қазіргі күйеулерінің тоқпағына үнсіз шыдап, көк ала қойдай болса да, көніп жүр.

Біздің елде барлық әйел-ана қауымының қамын ойлап, бассыздықтың тамырына түбегейлі балта шабатын ер-азаматтар бар екеніне сенгім келеді. Балалар бақытты болуы үшін зорлық-зомбылықсыз болашақ сыйлайық оларға!", - деп жазды ол үндеуде.

 

Айта кетейік, Ляззат Ракишева балалық шағында басынан өткен қиын шақты "Ләззәт. Тағдырымның бергенін қабылдаймын " атты автобиографиялық кітабында ашық жазған.

 

Алты жасында педофил құрбаны болған әйел кітапты өзі сияқты зорлық көрген қыз-келіншектерге арнаған.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста