260 мың көліктің жалған диагностика картасы 2 мың теңгеден сатылған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп көліктерді техникалық тексерудің жалған диагностикалық карталарын берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Ел аумағында карта жасайтын тек қағаз жүзінде тіркелген 28 фирма бар болып шықты. Тіркелген мекенжайлар бойынша техникалық тексеру орталықтары болмаған. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қажетті техникалық жабдықтары, мамандары, жұмыс істейтін орындары да жоқ.
Қылмыстық топты көлік комитетінің көліктік бақылау жүргізу және мұндай фактілерге жол бермеу міндеттері жүктелген лауазымды тұлғалары басқарған. 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері іс жүзінде техникалық тексерусіз 260 мыңнан астам диагностикалық карта жасаған.
Осындай қызмет көрсету бір автокөлік үшін 5 минуттық уақытты және 2 мың теңгені қажет еткен.
Тергеу барысында бұл қызметке жүгінген автокөлік иелеріне де құқықтық баға беріледі. Антикор қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу, "формальді техникалық тексерулер" жүргізу фактілерін жоюға қатысты барлық шараларды қабылдайды, — делінген Антикордың хабарламасында.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста