"Талибан" Иранға соғыс жариялады - БАҚ

"Талибан" Иранға соғыс жариялады - БАҚ

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Иранға соғыс жариялады. Халықаралық БАҚ-қа сілтеме жасаған korrespondent.net сайтының жазуынша бұл туралы "Талибан" жетекшісі Абдулхамид Хорасани мәлімдеген - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Журналистер мәліметінше, Ауғанстан мен Иран шекарасында ұрыс басталған. Талибан содырлары Иран аумағына қарай жылжып жатыр. Әскерилер қаза тапқаны айтылған.

 

Ауғанстан шекарасында су мәселесіне қатысты жанжал шықты. Гильменд өзені Ауғанстан тауларынан Иранның Систан провинциясына өтіп, үнемі құрғап жататын көлге құяды. Систан провинциясы қазір құрғақшылықпен бетпе-бет келіп отыр, ал Иран тәліптерді өзенге жаңа бөгеттер салып, суды бұрып жіберді деп айыптап отыр.

 

Иранның Irna ақпарат агенттігі мәліметінше, тәліп жасақтары тату көршілікті сақтамай Сасоли шекара бекетін атқылай бастаған. Полиция басшысы орынбасарының айтуынша, Иранның оңтүстік-шығысындағы шекара заставасына халықаралық құқық нормаларын мүлде елемей, тәліптер жойқын шабуыл жасаған, бұл Иран шекарашыларының қатаң реакциясына себеп болған.

 

Ұлттық полиция қолбасшысының орынбасары, бригада генералы Касем Резаи сенбіде Иранның Ауғанстан шекарасына жақын Забол ауданындағы шекаралық полк бақылауындағы Сасули заставасына жасалған шабуылға қатты алаңдаушылық білдірді.

 

"Тәліптердің бастап атқылауынан кейін Иран шекарашылары қажетті ескертулер жасады, бірақ, "өкінішке қарай, бірнеше сағат бұрын атыс қайта басталып, қақтығыстар жалғасты", - деді ол.

 

Шекарадағы қақтығыстардан кейін ұлттық полицияның бас қолбасшысы, бригада генералы Ахмадреза Радан шекарашыларға нұсқау беріп, олардан "шекараны батыл және табанды түрде қорғауды және ешқандай бұзу мен қолсұғуға жол бермеу" туралы нұсқау берген.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста