Әлемде аш адамдар саны 46 миллионға артып, 828 миллион адамға жеткен - БҰҰ

Әлемде аш адамдар саны 46 миллионға артып, 828 миллион адамға жеткен - БҰҰ

Өткен жылы әлемде азық-түлік тапшылығынан зардап шеккендер саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 46 миллионға артып, 828 миллион адамға жеткен. Пандемия басталғалы тойып тамақ ішпегендер саны 150 миллионға артқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  БҰҰ мәліметіне сілтеме жасап.

Баяндама авторлары адамзат 2030 жылға қарай аштық пен нашар тамақтануды тоқтату мақсатына жақындаудың орнына, керісіеше, алыстап барады деп дабыл қақты. Сарапшылар азық-түлік себетінің бағасы мен әлемнің түрлі елі тұрғындарының дұрыс тамақтануға қолжетімділігін зерттегеннен кейін осындай қорытындыға жасаған.

БҰҰ есебін дайындау жұмысына Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Ауыл шаруашылығын дамытудың халықаралық қоры (IFAD), ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшылары қатысқан.

Жалпы алғанда, ғаламшарымыздағы 2,3 миллиард адам, яғни жалпы халықтың үштен бірі азық-түлік жетіспеушілігіне ұшырап көрген. Бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштен 350 миллионға көп. 924 миллионға жуық адам азық-түліктің айрықша тапшылығын сезініп өмір сүреді, бұл екі жыл бұрынғыдан 207 миллионға көп көрстекіш. Тойып тамақтанбайтындар арасында ерлерге қарағанда әйелдер көп.

"2020 жылы шамамен 3,1 миллиард адам дұрыс тамақтана алмаған, бұл бір жыл бұрынғыдан 112 миллионға көп көрсеткіш. Бес жасқа дейінгі 45 миллион бала аштықтан зардап шегіп отыр, бұл балалар өлімінің қаупін 12 есе арттыратын ұзақ уақыттық жеткіліксіз тамақтанудың салдары", - делінген БҰҰ баяндамасында.
Сәбилерді ана сүтімен қоректену арқылы біршама ілгерілеушілік байқалды, 2020 жылы алты айға дейінгі сәбилердің 44 пайызы дәрігерлердің ұсынысы бойынша тек ана сүтімен қоректенді. Дегенмен, бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай қол жеткізуге болатын 50 пайыздық межеден әлі де алыс. Ал кәмелетке толмағандардың үштен екісі қалыпты дамуға қажетті тамаққа зәрі.

Баяндама авторларының болжамдары көңіл көншітпейді: 2030 жылға қарай аштықты тоқтату мүмкін болмайды, аш адамдар саны 670 миллион адам деңгейінде қалады – бұл әлем халқының сегіз пайызы.

Сондай-ақ астық, әлемде дәнді дақылдар мен тыңайтқыштардың ірі жеткізушісі саналатын Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс салдарынан жаһандық азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі тіптен нашарлай түсті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста