91 жастағы әжей төсек қатынасы кезінде көз жұмған
Португалияда 91 жастағы кейуана 49 жастағы үйленген көршісімен төсектес болып, жыныстық қатынас кезінде қайтыс болды. Бұл туралы Cosmo.ru хабарлайды.
Қарияның таныстарының айтуынша, кейуана теңізшінің жесірі болған және кәрілігіне қарамай, ер кісілермен ойнап-күлгенді ұнатады екен.
Әйелдің денесін өз төсегінен көршісі Ана Мартинс тауып алған. Кейуана жартылай жалаңаш күйінде табылған және қасында секс-ойыншықтар шашылып жатқан.
«Ол жалаңаш жатты. Қасында вибраторлар бар. Оның бетінен екі кішкентай дақ байқадым. Ақжаймада ешқандай қан ізі болған жоқ. Сонымен қатар, оның кеудесіне ер адамның суреті тұрды», – деп еске алады көрші әйел.
Осыдан соң, полицейдер кейуанаға көмектеспек оймен үйіне жиі келетін 49 жастағы көршісін ұстады. Ол кейуанамен жыныстық қатынасқа барғанын мойындап, қарияның өз құшағында тұншығып қалғанын айтқан. Сотта мұның қайғылы оқиға екені дәлелденді.
nur.kz