Атом электростанциясы несімен тиімді?  

Ең қауіпті қуат көзі дегенде ең алдымен атом энергетикасы ойға оралады. Чернобльдағы жағдай мен Жапониядағы атом электростанциясының жарылуынан қоршаған ортаға орасан зиян келгендіктен де атом энергетикасын қауіпті деп санаймыз. Алайда сала мамандары қауіптенуге негіз жоқ екенін айтады. Мамандардың айтуынша, атом энергетикасы баламалы энергия көздерінен де ұзақмерзімді әрі тиімді. 

Адамзаттың табиғатқа келтірген зиянын санай берсек, санына жету мүмкін емес. Десек те, атом энергиясы ең алдымен қоғамға пайда әкелу үшін ойлап табылғаны бесенеден белгілі. Жалпы ядролық энергия жөнінде жұрт арасында кереғар пікірлер көп. Кейбіреулер атом энергиясы туралы тек жағымсыз дүниелерді айта береді. Қалай десек те, кез келген энергия түрі секілді атом энергиясының да өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Ғалым Нассурла Бөртебаевтың айтуынша, ядролық энергия дегеніміз атомның ортасында тұрған ядролардың бір-бірімен қосылуының нәтижесінде пайда болатын энергия. Валентті электрондардың бірімен бірі жұптасуының арқасында, ядролардың бір-бірімен қосылуының арқасында басқа бір ядроға айналуына ядролық энергия өндіріледі. Ең алғаш ядролық эжнергия 1939 жылы ашылды.

Бүгінде Қазақстанның қалаларының дені көмірмен жылытылып, жарықтандырылады. Мамандардың есебінше бұл үшін миллиондаған тонна қатты отын қажет. Қатты отынды жаққан кезде қауіпті қалдықтан ауаға ұшып, экологияға зиянын тигізеді. Яғни, миллион тонна көмір жағылса, миллион тонна күл шығады, осылайша қоршаған орта ластанады. Сондай-ақ көмірді жаққан кезде химиялық реакция іске асады, көміртегі атомы оттегі атомымен қосылып, көмір тотығы шығады. Миллиондаған тонна қоқыс шығарамыз деген сөз. Ал уран сошалықты зиянсыз дей алмасақ та, одан айтарлықтай қоқыс шықпайды.

Ірі электростанциялар қалны қуат көзімен қамту үшін жылына шамамен миллион тонна көмір жағады. Көмірді бір қаладан басқа қалаға жеткізу үшін де қосымша шығын шығады. Ал дәл сондай электр энрегиямен қамту үшін небәрі 100 тонна уран қажет.

Кейбіреулер радиоактивті қалдықтарды көметін алаңның жоқтығын алға тартады. Мұндай жерлер Еуропаның бірнше елінде бар екен. Оның үстіне атом электростанциясынан шығатын қалдық мөлшері өте аз. Оны сақтайтын қоймалар тек 20-40 жылда ғана толады екен. Мамандардың вайтуынша, қалдықтардың 96-97 пайызы қайта өңделеді, оны қайта реакторға салуға болады.

Қазіргі зерттеушілердің сөзіне сенсек, болашақта салынатын атом электростанциялары өте қауіпсіз. Чернобльдегі атом электрстанцияларын адам барғанған болса, жаңа замандағы атом электростанциялары толығымен автоманттандырылған.

Қазіргі кезде үшінші буын атом эолектростанциялары іске қосылып отыр. Ғалымдардың айтуынша, оның ерекшелігі ол физикалық құбылыстардың арқасында өзін өзі басқарып, өзін өзі тоқтата алады.

ҚР Ядролық орталығы Атом энергиясы институтының маманы Ерболат Қоянбаевтың айтуынша, атом электростанциялары қоршаған ортаға кері әсер етпейді. Бұл энергияны алған кезде ешқандай зиянды заттар, күкірт, көмірқышқыл газдары, басқа да парникті газдар бөлінбейді, ауаға тарамайды.

Еуропаның ең таза елдерінің бірі Франция. Онда өндірілгетін электр энрегиясының 70 пайызы атом электроэнергиясы арқылы алынды.

Біреулер атом электростанциясы отын ретінде пайдаланатын уран жақында таусылады дегенді айтады. Ал кейбір ғалысдар бұл пікірмен келіспейді. Өйткені ураннң жер бетіндегі мөлшері алтыннан 600 есе көп деседі. Бұл шамамен 500 жылдық қор деген сөз.

Қазақстанда уран қоры жеткілікті екенін бәрі біледі. Бүгінде отандық өнеркәсәп уранды байытып, одан дайын отын жасап шығарып, экспорттық әлеуетті арттырып отыр. Мысалы, қазіргі кзде ураннан ұнтақ, таблеткалар, яғни дайын отын жасап шығару ісі жолға қойылған. Отандық өнім АҚШ, Ресей, Қытай, Франция елдері құрастырған ректорлардың барлық түрлерінде қолданылады. Болашақта ядролық отын қалдықтарын қайта өңдейтін және жоятын жобалар қолға алынбақ.

Атом энергиясының бағасы құбылмалы екені де жиі айтылады. Алайда сала мамандары оның бағасы мұнай мен газға қарағанда әлдеқайда тұрақты дейді. Бүгінде атом энергиясының бағасы тек газдан қымбат. Ал жел энергиясымен салыстырғанда 20 есеген арзан. Атомэлектростанциялары тым ұзақ салынады дейді кейбіреулер. Алайда мамандар бір атом электростанциясы 5 жылда салынып бітетінін айтады. Алып қуатты станция үшін бұл аса көп уақыт емес. Себебі атом электростанцияларының жұмыс істеу мерзімі орта есеппен 40 жылдай.  

Айнұр Нұрсабет 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста