Кәсіпкерлікті қаржыландыру ісін оңтайландыру жолдары талқыланды

Кәсіпкерлікті қаржыландыру ісін оңтайландыру жолдары талқыланды

Елімізде әрдайым кәсіпкерлікке қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет тарапынан дем беріп, демеу көрсету кәсіпкерлер үшін ауадай қажет екені сөзсіз. Қазіргідей күллі дүниені індет жайлап тұрған қиын кезеңде әлем экономикасы тұралап тұрғаны анық. Осындай қиын уақытта ел экономикасын тұралатпай, қолдау көрсету мәселесі де жиі талқылана бастады. Мемлекеттің осы бағытта қабылдаған түрлі бағдарламалары елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан тоқтамай жұмыс істеуде. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қарапайым заттар экономикасы» жобасын қалыптасқан жағдайға байланысты тиімді түрде іске асырып, жергілікті жерлерді түгелге жуық қамтып, мемлекет қолдауына ие болған кәсіпкерлікті қолдауға қатысты бірнеше тапсырма беріп, нақтылаған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүйелі түрде жүзе асыру үшін үкіметте қызу жұмыс жүргізіліп жатқаны белгілі. Кешегі өткен үкімет отырысында да осы мәселе төңірегінде әңгіме қозғалды. Онда кәсіпкерлікті қаржыландыру жұмысын жеделтету, құжаттарды қабылдау мәселесін ыңғайлы қалыпқа келтіріп, карантин жағдайына бейімдеу жағы да қарастырылды.
Жиында «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бөлінген қаражатты тиімді игеру үшін өңірлерде қолға алынған жобаларды қолдау бойынша тыңғылықты жұмыс жүргізілуі керектігіне тоқталды. Қаржыны иегруге кедергі келтіретін жағдайларға талдау жасалды. Онда кәсіпкерлердің берген өтініштерінің ұзақ уақыт қаралуы және екінші деңгейлі банктердің қарыз алушыларға қоятын кепілдеріне және өткізуге тиісті құжаттарға, ақпараттарға қоятын талаптары жоғары екені айтылды. Сонымен қатар А. Мырзахметов жобаларды жоғары деңгейде іске асыру үшін айналым қаражатын толықтыру керек екенін де тілге тиек етті.
Өз кезегінде сөз алған Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктердің бизнесті қолдауға қатысты жұмыстарын оңтайландыру керектігін кеңінен айтып өтті. Аталмыш бағдарламаны қаржыландыру жұмысын жүргізуге он банк атсалысуда. Өйткені нарықта бәскелестіктің болуы қызмет көрсету сапасын арттыртыны анық. Осы арқылы қарыз алушыларды барынша қамтып, елде карантин басталғаннан кейін бизнес-үдерісті цифрландыра отырып, кредит алуға берілген өтініштерді қарауға бөлінетін уақытты барынша азайту жағы жолға қойылған. Баяндамасында Е. Бахмутова бірнеше ұысыныстарын да атап өтті. Оның айтуына қарағанда, осы бағдарлама арқылы ірі бизнеске көңіл бөлуді қайта жандандыру керек. Өйткені ірі бизнес жобалар арқылы халықты жұмыспен қамту жағын көбірек іске асыруға болады. Сол үшін бағдарламаға ірі бизнес субъектілерін енгізу дұрыс болатынын жеткізді. Сондай-ақ кепіл мәселесін шешу үшін мемлекеттік кепілдіктерді кеңейту керектігіне тоқталды. Мемлекет басшысы берген тапсырмаға байланысты, банктер «Даму» қорымен және жобалық кеңсемен тізе қоса қиымылдап, рәсімдерді жасаудың барынша ыңғайлы жолын қарасытырып, банктердің кредит беруге, субсидиялауға, кепілдік жасауға және құжаттардың тізімін азайтуға, берілген өтінімдерді тексеру уақытын азайтып, жылдамдатуға барынша жұмыс жасалып жатқандығын атап өтті.
Тағы бір айта кетерлік жағдай, жиында Ахметжан Есімовтің айтуына қарағанда «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша салаларды қолдау үшін жобалық-сметалық құжаттаманы жобалау барсында қазақстандық материалдар мен жабдықтарды міндетті түрде қолдану белгіленіпті. Бұл өз кезегінде отандық өндірісті жан-жақты дамытуға, жандандыруға үлес қосатыны анық. Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілер үшін сатып алу мерзімінің және өткізілетін құжаттар тізімінің барынша азайтылуы да қуанарлық жағдай. Өйткені, көп жағдайда кәсіпкерлер үшін құжат рәсімдеу мәселесі уақыт жағынан барынша кедергі келтіріп отыратыны анық. Сондықтан бұл атқарылған шаралар экономикаға тиімді серпін беретіні сөзсіз. Осындай оңтайлы әдіспен жұмыс істеу, әрдайым нәтижелі болатыны дәлелденген. Бұл істі қазіргі алмағайып уақытта кәсіпкерлерді, отандық тауар өндірушілерді қоладауға жасалған оң қадам деп бағалауға болады.


Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста