Тұтынушылар тауар сапасын бақылауға атсалысса жұмыс нәтижелі болады

Тұтынушылар тауар сапасын бақылауға атсалысса жұмыс нәтижелі болады

Тұтынушы құқының қорғалуы, кәсіпкерлерге және отандық тауар экспорттаушы өнеркәсіптерге қолдау білдіру, экономикалық интеграцияны дамытып, инвестициялар тартып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға күш салу бағытындағы жұмыстар Қазақстанда заман ағымына қарай жаңа екпінмен жұмысын қарқынды түрде жалғастырып келеді. Соның басты бағытының бірі тұтынушы құқының сақталуы. Кез келген адам сапалы тауарды тұтынып, табиғи өнімдермен ғана тамақтанғысы келетіні сөзсіз. Бұл өте дұрыс ұстаным, орынды талап. Осы ретте еркісіз «қазіргі аласапыран уақытта тұтынушы өз құқын қорғай алып жүр ме, әлде арзан тауарларды тұтытынғысы келіп сапасыз тауарларға ұрынып қалатындар көп пе?» деген заңды сауал туындайтыны анық. Халық әл-ауқатына қарай арзан әрі сапалы тауарларды іздеп, заңсыз сауда жасаушылардың құрығына түсіп қалатын жағдайлар да көптеп көздеседі. Бұл алдымен тұтынушының сауаттылыған тікелей байланысты. Сондықтан әр адам өз құқығын біліп, сенімді сауда орындары арқылы ғана сауда жүргізуге үйренуі керек. Қызмет көрсету саласының да сенімді түрлеріне жүгінген жөн. Өйткені тұтынушы сауатты болған сайын, сапасыз тауарлармен заңсыз саудаға тоқсауыл қойлары анық. Сонда ғана бұл саладағы заңсыздықтарға жол бермеуге болады. Бұл түйткілді мәселені шешу жолында мемлекет тарапынан осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жеткілікті. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осы түйткіл төңірігенде ой қозғады. Халық алдындағы есептік кездесуінде министр мырза тұтынушылардың өз көмектері арқылы ғана елімізде сапасыз өндіріс пен сапасыз қызмет көрсетуге тосқауыл қоюға болатынын жеткізді. Сонымен қатар, ол еліміздің барлық тұрғыны тауарлар мен қызметтердің сапасын талап ететін бақылаушы екеніне тоқталып өтті. Сондай-ақ жиын барысында назардағы маңызды бағыттардың бірі техникалық реттеу саласындағы жұмыстын жетілдірілуі екенін де атап өтті. Өйткені, техникалық реттеуді қарапайым заттар экономикасын қолдаудың пәрменді құралдарының бірі деуге болады. Сонымен қатар, ол импорт тасқынына тосқауыл қоюдың басты тетігі екенін алға тартты.

Министрдің айтуына қарағанда, заңнамаға енгізілген кейінгі өзгертулер нарықтағы өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасын қоғамдық бақылау құралдарын кеңейтумен қатар, тұтынушылар құқығын қорғаудың ұлттық жүйесін құруға да мүмкіндік берген. Сондай-ақ, шағымдарды қараудың үш сатылы жүйесін енгізіп, «бір терезе» қағидасы арқылы шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру бағытында жұмыс жасалып жатқандығын да тілге тиек етті. Бұл өз кезегінде, тұтынушы құқығын қорғау үшін жасалатын барлық іс-шараны бір жерге жинақтап, қабылданған шешімдердің тиімділігін бақылауға қолайлы болмақ.

Сонымен қатар, жиын барысында Бақыт Сұлтанов елімізде отандық цифрлық сауда алаңдарын ынтыландырудың жолдары қарастырылып, электрондық коммерцияны КТС мен ЖТС-нан босату жоспарда бар екеніне тоқталып өтті. Баяндама барысында онлайн сатып алу ұлғайып келе жатқандығы да айтылды. Биылғы жылдың соңына дейін электронды сауда тоғыз жүз миллиард теңгенің көлемін қамтымақ. Ал алдымыздағы 2022 жылға дейін бұл көрсеткіш бөлшек сауданың екі триллионына жетіп немесе 13 пайызын құрауы мүмкін.

Осы есеп беру кездесуінде былтырғы жылы тұтынушы құқығын қорғау мекемелеріне ел азаматтарынан алты мыңнан астам өтініш түскендігі де айтылды. Биылғы алты айда ішіндегі көрсеткіш те сол шаманы көрсетіп отыр. Тұрғындар көбінесе қаржы, медицина, көлік және тұрмыстық қызметтер, бөлшек сауда саласындағы келеңсіздіктер жөнінде шағамданған. Биыл карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты іске аспай қалған туристік сапаралар, өтпей қалған концерттер, болмай қалған тойларға төленген қаржыны қайтару жөніндегі арыздар түскен. Бұл шағымдар жеке-жеке қарастырлып, тиісті шаралар қолданылған.

Биыл пандемия салдарынан кейбір азық-түліктің бағасы негізсіз көтерілген кездер де болды. Өйткені жұртшылық арасында дүрбелең туындап жаппай сатып алу артқан. Ал тауарға сұраныстың жоғары болуы бағаның көтерілуін тудырған. Сондықтан нарық талабына қайшы әрекеттерді қолданып, кейбір тауарларға шекті баға енгізуге тура келген. Бұл өз кезегінде тиімді нәтиже қол жеткізуге көмектескен.

Сонымен қатар, министрдің мәлімдемесінде енді жүзеге асатын негізгі жұмыстардың айқындалғаны да белгілі болды. Басты бағыттар ретінде Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту, еліміздің ұлттық мүддесіне сай экономикалық ынтымақтастық негізін қалау, сауда субъектілерінің іскерлік белсенділігін барынша аз уақытта қалпына келтіру, экспорттаушыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді арттыру, заңнамалық жетілдіру, бизнесті қолдау және сауда инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобалар туралы айтылған. Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұрғындарды арзан әрі сапалы өнімдермен қамтамасыз ету үшін көпформатты тауар өткізу жүйесін құру жоспары да бар. Міне жиын барысында осындай көптеген жобалар нақты аталып өтті. Осы аталған жұмыстар тиімді атқарылса, нәтижесі де орасан болары сөзсіз.

 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста