Елімізде электронды сауда саласы өркендеп келеді

Елімізде электронды сауда саласы өркендеп келеді

Адам баласы үшін қымбат қазынаның бірі – уақыт. Алды-артына қаратпай зымырап бара жатқан уақытқа ілесіп отыру қиынның қиыны екені белгілі. Бүгінгі таңда уақыт пен қаржыны үнемдеп, тиімді пайдалана білу барша адамзат баласының басты мәселесіне айналып отыр. Әр адам жасап жатқан жұмысын жылдам бітірудің жолдарын қарастыратыны анық. Бірақ оған құжат пен қаражатты рәсімдеу сияқты көптеген жағдайлар кедергі келтіреді. Жеке тұлға үшін де, кәсіпкер үшін де уақыттан ұту – алтын қазына табумен бірдей. Уақыттан ұтып, атқарылатын жұмысты жылдам бітіру, жеке адам мен кәсіпкер үшін ғана емес, мемлекет экономикасының дамуына да дем беретіні анық. Сондықтан мемлекеттік мекемелер, түрлі сауда орындары, банктер бұл мәселеге ертеден мән беріп, жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын іздестірумен келеді. Елімізде осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынды. Елбасы жолдауларында басты мәселелердің бірі цифрлы қызмет көрсету саласын өркендету екені үнемі айтылып отырды. Бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше ден қойылып, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 2 қыркүйегінде жасаған Жолдауында да бұл мәселеге ерекше назар аударып, ел үкіметіне осы бағыттағы жұмыстарды жеделтету жөнінде тапсырмалар берген болатын.

Биыл әлемді жаулаған індеттің кесірінен болған оқшаулану сәттерінде цифрлы қызмет көрсету, электронды байланыс, онлайын жұмыс істеу, интернет сауданың тиімділігі бұрынғыдан айқын аңғарылды. Бүкіл әлем бойынша қашықтан қарым-қатынас жасаудың, жұмыс істеудің түрлі жолдарына көше бастады. Алдыңғы қатарлы дамыған елдердегі дүние жүзіне мәшһүр болған алпауыт компаниялардың өздері де пандемия салдарынан дәстүрлі жұмыстарынан жаңылып, қашықтан жұмыс істеудің тиімді жолдарын іздестіріп, сол бағытта жұмыс істеуге көшті. Біздің елімізде де үкімет жұмысынан бастап көптеген салалар карантин жағдайында қашықтан немесе онлайн қызмет жасау тәсіліне ауысты. ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен бүгінгі өткен үкімет отырысында да электронды сауданы дамытудың жай-күйі талқыланды. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде электронды сауданың бөлшек тауар айналымындағы мөлшері бір жарым еседей артқан. 

Үкімет басшысы Асқар Мамин электронды сауданың келешегі зор екеніне және жүк тасымалдауға, логистикаға, цифрлық қызмет көрсетуге, еңбек нарығына, қолма-қол ақшасыз айналымға оң әсерін тигізетініне тоқталды. Сонымен қатар, ол 2025 жылға дейін еліміздегі электронды сауда секторындағы аралас салаларды қамти отырып, мөлшермен үш жүз мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, сұранысқа қарай сол мөлшердегі мамандықтар пайда болатыны жөнінде болжам барын алға тартты. Жиында Премьер-Министр Сауда және интеграция министрлігіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және ірі интернет-дүкендермен бірлесе отырып кәсіпкерлерді, әсіресе жастарды онлайн-сауда жүргізудің тиімді жолдарына үйрететін арнайы бағдарлама дайындауды тапсырды. Сондай-ақ, жауапты министрліктерге енді жасақталып жатқан Ұлттық тауар өткізу жүйесін дамыту жөніндегі жоспарды үйлестіру, онлайн-саудада жаңа несиелендіру өнімдерін қарастыру жолдарын пысықтау жағын міндеттеді.

Алқалы кеңесте онлайн сауда жасаудың тиімділігі мен ыңғайлығы, трансшекаралық онлайн-сауданы және логистиканы дамыту, бөлшек саудадағы электрондық сауданың үлесін арттыру, тұтынушы құқықтарын қорғау сияқты тағы басқа да көптеген мәселелер сарапқа салынды. Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерінің саудасы жайында сөз болып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді онлайн саудаға бейімдеу, ірі ритейлерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілерін тікелей байланыстыратын агроөнімнің цифрлық платформасын құру ұсынылды. Жаппай онлайн-желіге толық көшу үшін кедергі келтіретін келеңсіздіктерді жою жолдары талқыланды.

Асқар Ұзақбайұлы инновациялық-технологиялық шешімдерді пайдалану бұл салада қолданылып жүрген заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет ететініне тоқталып өтті. Сондықтан, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне тиісті заң жобасын дайындауды жылдамдатып, биыл Үкіметтің қарауына ұсынуды тапсырды.

Алқалы жиында талқыланған келелі жобалар іске асар болса электронды сауда дамып, ел экономикасының өркендеуі біршама жылдамдай түсер еді. Өйткені, интернет сауданың дамуы нарықтағы бәсекелестікті бұрынғыдан да арттыра түседі. Қазір онлайн суданың тиімділігіне жұрттың көпшілігі көз жеткізіп, қаржы технологияларының соңғы мүмкіндіктерін пайдалануға ынталана бастады. Ал, бұл өз кезегінде халықтың тіршілігін жеңілдетіп, уақыты мен қаржысын үнемді пайдалануға үйретеді.

 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста